Ақырет өткелдері


-белгі: Арабтардың басқа халықтармен соғысуы



Pdf көрінісі
бет85/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

11-белгі: Арабтардың басқа халықтармен соғысуы 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жүн шәркейлі бір қауыммен 
соғысқандарыңа дейін, көздері қысық, қызыл жүзді, жалпақ 
мұрынды, беттері терімен қапталған қалқан сияқты 
түркілермен соғысқандарыңа дейін Қиямет келмейді», – 
деген
1

Пайғамбарымыз (с.а.с.) хадисінде хабар берген түркілер 
қазіргі түрік халқы емес, бәлкім, сол кезде моңғол-татарларды 
солай атаған. Хадисте суреттелген халық моңғолдардың 
сипатына саяды. 
Имам ән-Науауи (Аллаһ оған рақым етсін): «Олар біздің 
заманымызда табылды. Яғни бұлар – Пайғамбарымыз (с.а.с.) 
хабар берген түркілер», – деген. Имам ән-Науауи моңғол-татар 
шапқыншылығы кезінде өмір сүрген-ді. 
Ади ибн Хатим (Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбардың 
(с.а.с.): «Араб жазирасына жорыққа шығасыңдар, онда Аллаһ 
жеңіс әпереді. Сосын парсыға жорыққа шығасыңдар, Аллаһ 
одан жеңіс береді. Содан соң Римге жорыққа шығасыңдар, 
Аллаһ одан жеңіс береді. Содан кейін Дәжжалға қарсы 
жорыққа шығасыңдар, Аллаһ жеңіс әпереді», – дегенін 
естідім», – деген
2

Абдуллаһ ибн Амр ибн Астың (Аллаһ әкесі екеуіне разы 
болсын): «Біз Аллаһ елшісін (с.а.с.) айнала қоршап жазып 
жатқанбыз. Бір кезде Аллаһ елшісіне (с.а.с.): «Екі қаланың 
1
Әл-Бұхари. 
2
Муслим. 


96
 
 
қайсысы бірінші қолға алынады? Константинополь ма, жоқ Рим 
бе?» – деп сұрақ қойылғанда, Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Һирақлдың 
қаласы
1
 бірінші қолға алынады», – деп айтты», – дегені риуаят 
етіледі
2
.
Бұл да болып өткен жайт қатарында. Константинополь 
Мухаммад Фатихтың кезінде қолға алынды, ол – қазіргі Стамбул 
қаласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет