Арнаулы ажарлау аспаптарының жаңа түрлері
1. Ажарлау аспаптарының ең тиімді түрлері болып жоғары, ірі қуысты және жоғары құрылымды ажарлау шеңберлері табылады. Олар көбінесе жұмсақ болаттар мен қорытпаларды өңдеуде қолданылады. Себебі материалдардың жарылуы, күйіп кетуі болмайды.
3
Қуысты ажарлау шеңберлерін керамикалық байланыспен дайындайды. Қуыс түзегіш қоспа ретінде нафталин, синтетикалық шайырлар ұнтақтары,
полистирол, кокс, торф, ағаш ұнтақтары, перлит және т.б. материалдар қолданылады. Бұл материалдар ажарлау аспаптарына қосылып, бірге дайындалады. Аспапты термоөңдеу үрдісінде бұл материалдар жанып кететіндіктен, аспаптың қуыстылығы жоғарылайды (70 %-ке дейін). Қуыс түзегіш қоспалар қосылған ажарлау аспаптарының маркаларына қосымша белгілеулер еңгізіледі.
Мысалы:
ПСС – полистирол маркасы,
40 – түйіршіктілігі,
15 – мөлшері, %
Қоспа материалы ретінде перлитті қосу, аспаптың қуыстылығын және құрылымын арттырады, сонымен қатар ажарлау температурасын азайтуға мүмкіндік береді.
Бұл аспаптар тісті дөңгелек тістерін, қорабтарды, шлициларды ажарлап өңдеуде қолданылады.
2. Ажарлап өңдеудің екінші бағыты жоғары жылдамдықпен (60-80 м/сек) жұмыс істеу, ажарлау шеңберінің төзімділігін 1,5-3 есе арттыру, аспап шығынын азайту және өңделген бет тазалығын жақсарту.
Өңдірісте жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін керамикалық байланыстағы электрокорунд (ақ және хром-титанды), кремний карбиді материалдарынан дайындалған аспаптар меңгерілген. Түйіршіктіліктері 25-12, жаңа К43, К43Л байланыстағы, 24А, 25А және 94А материалдарынан дайындалған аспаптар 80 м/сек жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
24А, 25А материалдарынан дайындалған аспаптар таза ажарлау үшін, ал 94А материалдарынан дайындалған аспаптар үлкен тереңдікте жоғары жылдамдықпен өңдеуге арналған.
Еліміздегі машина жасау өңдірісіндегі станоктар паркін шет мемлекеттік фирмалардың станоктарымен жабдықтау, арнаулы аспаптарды дайындауды қажет етеді. Арнаулы жаңа аспаптар мемлекеттік стандарттарға сәйкес келмейді. Олар әр түрлі пішінді, бұрышты және арнаулы профилді болып келеді. Бұл аспаптар жалғыз, екі немесе одан көп шеңберлер түрінде станоктарға орнатылып, жұмыс істейді.
4
Сондай-ақ ажарлау аспаптарының жаңа түрлеріне электр-химиялық ажарлау аспаптары жатады. Олар негізгі алюминий болатын металдық байланыстағы ажарлау аспаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |