Айдын байыс қҰланиек сәт сапар


ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ. ҚАРАҒАНДЫ



бет18/23
Дата29.08.2022
өлшемі106,89 Kb.
#38301
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ҚАНЫШ СӘТБАЕВ ЕСКЕРТКІШІ. ҚАРАҒАНДЫ

Ғабдулғани!


Имантай бидің ұлы!
Есімінің өзі – ұлт игілігі!
Дәу елім толғатып бір, туған перзент,
Дәуірдің басталғанда қиғылығы!

Борышын өтесе де, жүрегі отты ұл,


Ұлтының алдында әлі түрегеп тұр!
Көзімізге көрсетті ол кенімізді,
Қолымызға ұстатты міне деп бір.

Кешіп келдім қыркүйек, есіл күзді,


Кермесін есер құнан бесінде үзді.
Ұқсатыңдар деп айтқан ақылыңды,
Құр сату деп ұғыппыз, кешір бізді.

Сатам десең қолыңда ед, бүлінбедің,


Құдай еді өйткені жүгінгенің!
Уызына жарысын дегеніңді,
Уысына сыйдырмақ бүгін көбі.

Қу құлқынның үреді иті барақ,


Басымызға шықты һәм ұйқы-қонақ.
Күлемісің оқыған біздерге, өзің
даланың шалдарынан «диплом» ап?!

Керзаманның соққанмен сұрапылы,


Мұқалмадың, қайран ер мұраты ірі.
Тау мен тасты кезіп ең қазақ үшін,
Тауға айналдың өзің де, түбі ақыры!


ҚАСЫМНЫҢ ШАҢЫРАҒЫ

Тәуір өлең туады бас ұрғанда,


Дауыл өлең туады ашынғанда!
Қас-қағым боп көшеді ғасырлар да,
Баспанасы бұйырмай Қасым барда!

Өкпесінде сырылдап ауыр үні,


Дүниеге жар салды дауыл ұлы!
Неге жоқ деп айтады, шаңырақ тұр,
Қара өлең боп қадалған әр уығы!

Қасымның мәңгі жықпас шаңырағы,


Шырақ жанып тұрғандай жарық әлі!
Тәй-тәй басып ішінде талай ақын,
Көзін ашып қанша өлең жамырады.

Мен де осы үйдің баласы сияқты өстім,


Босағасын сүйене жылап құштым.
Қаңғып келдім өмірден өлең іздеп,
Қарғып көрдім шыңына, құлап түстім.

Аршадай Қарқаралы басында өскен,


Басынан бұлт арылмай, жасын көшкен.
Өлең түгіл, өмірем қабар едік,
Бейнетті бізге берсе Қасым кешкен!

Өз үйі ғой, марқайса, шалқайса да,


Өз үйі ғой, жайқалса, сарғайса да.
Табалдырық астында соры жатыр,
Бақ деп ойып жазыпты маңдайшаға!

Қасымның күңгірлесе құйын әні,


Өзегіме асқақ жыр құйылады!
Алты қанат осынау боз үйге енді,
Алты Алаштың баласы жиылады!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет