1-сурет. Отбасының жіктелуі
ОТБАСЫНЫҢ
ЖІКТЕЛУІ
Отбасының
стажы
бойынша
Бала саны бойынша
Отбасындағы
тұрмыс,
тәртіп
бойынша
Геогра-
фиялық
белгісі
бойынша
Отбасын-
дағы
басшылық
типі
бойынша
Отбасындағы
қарым-қатынас
сапасы және
жағдайы
бойынша
Әлеуметтік
құрамының
біркелкілігі
бойынша
Отбасы
өмірінің
ерекше
жағдайы
бойынша
Құрамы
бойынша
Қалалық
Ауылдық
Өктем
Эгали-
тарлы
Әлеуметтік
-
го
могендік
Әлеуметтік
-
гетерогендік
Дистанттық
Студенттік
Сәтті
Әлеуметтік
сәт
сіз
Ұстаздығы
әлсіз
Нукле
арлық
К
‰рде
л
і
‡
лкен
Баласыз
Бір
балалы
Аз
балалы
Көпбалалы
Егде жастағы
жұбайлар
Жас отбасы
Жас жұбайлар
Балалары бар жас
отбасы
Орта жастағы
жұбайлар
Баладан ‰міткер жас
отбасы
Шаруашылық-
тұрмыс ұясы ‰лгілі
Балаорталық
Жұбайлық
Патриархалды
Пікірталас клубы
немесе спорттық
типтегі
“Жұбаныш” –
отбасы
62
1.3. Қазақтардағы отбасы мен неке құрудың ерекшеліктері
Қазақ халқының өмірінде сақталып келген көптеген салт-
дәст‰рлер — қазақ отбасы мен некесінің б‰кіл д‰ние ж‰зі
халықтарының отбасы тарихына тән көне кезеңдерді басынан
өткізгендігін дәлелдейді. Осы жағдайларды ескере отырып, біз
бұл еңбекте қазақи отбасы мен неке формаларын, әрт‰рлі отба-
сылық, некелік қарым-қатынастарды жан-жақты сипаттаймыз.
Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ байтақ жерінде мекендеген
қазақ халқының неке құру т‰рлері мен ‰йлену тойын ұйым-
дастыру тәртібі және оған байланысты қалыптасқан сан алуан
әдет-ғұрыптары жайында толып жатқан деректер бар. Жастай
некелестіру ежелден келе жатқан дәст‰р. Кей уақытта қыздарды
13—14 жасында ұзатса, ер балаларды 15—16 жасында ‰йлен-
діре берген.
Халық т‰сінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте ‰йлен-
дірсе, олар әрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып, ұрпақ-
тары мықты болады деген сенімде болған.
Неке құрудың негізгі жолы құда т‰сіп, қалыңмал төлеп,
жасаумен тұрмысқа шығу. Ал, малы жоқ шаруаларға, әсіресе,
кедейлерге 27, 17 бас мал төлеп, келін т‰сіру оңайға т‰спейтін.
Сондықтан, кедей балалары 20—30 жасқа дейін ‰йленбей
ж‰рген. Тіпті тақыр кедейдің балалары әуелі бірнеше жыл
жалда ж‰ріп, қалыңмалға беретін мал жиятын немесе оңт‰стікте
қалыңдық ‰шін қыз әкесіне қызмет ету әдеті де болған. Әке-
шешеден жастай айырылып, кедей туысының қолына қараған
қыздар мен жесір қалған кедей әйелінің қыздарына құда т‰сіп,
азын-аулақ малын беріп, к‰йеу әкесінің қалыңдықты 9—10
жасқа толысымен өз қолына алып, бағатын әдет те бар. Мұны
қазақ “қол бала етіп алу” дейді. Қол бала болып ж‰рген қыз
бала болашақ к‰йеуімен бірге өскенмен, балиғатқа толғанша
ерлі-зайыптылық тұрмыс құрмайды.
Қыздарын 12—13 жасқа толысымен к‰йеуге беру, әрине,
кедей-жарлылардың ісі. Өйткені, көп баланы асырап, бағуға
олардың қолы қысқа және құдасы ауқаттырақ болса, қалың-
малын төлесімен қызды жас болса да өз қолына алып, ‰й
шаруасына ‰йретіп, қолқанатқа жарау жағын қарастырған.
Қалыңмалын алып қойған жарлының қызын бермеске амалы
63
болмайтын. Мұндай м‰мкіндіктен аулақ болған ата-ана — тек
малды шаруалар, байлар. Олар қыздарын 17—18-ге келмей
ұзатпаған. Осы уақытта бай қыздары әбден бой жетіп, оң-солын
айырып, болашақ өмірге дайындалатын. Барлық әдет-ғұрып-
тарын айтарлықтай етіп өткізіп, ырғап-жырғап ұзатуға байлар
бір-бірімен бәсекелес болатын. Әсіресе, еркекшора болып өскен
жалғыз қызды немесе көп ағаның ортасындағы кенже қызды өте
әлпештеп кемеліне келгенше ұзатпай, оң жақта ойнап-к‰лсін
деп, к‰йеу таңдауға да өзіне ерік берген. Елден асқан сұлу,
өнерлі қыздар әрқашан к‰йеу таңдап, көп уақыт оң жақта
(әкесінің ‰йінде) отыра береді.
Қазақ әдетінде қыз бен к‰йеудің жас шамаластығына көбіне
қарамаған. Өйткені, барлыққа масаттанған, егде тартқан байлар
жоқшылық зардабынан қысылған жарлылардың жас қызын
төсек жаңғырту ниетімен әйел ‰стіне немесе әйелі өлгеннен соң
малға жығып алатын. Мұндай жағдайда 13—15 жасар қыздарды
50—60 жастағы шалдар айттырып алатын әділетсіздіктер жиі
кездесіп тұратын. Осындай жас қыздардың тіпті әкесінен ‰лкен
қарттарға тұрмысқа шығуының негізгі себебі, қыз әкесінің
кедейлігі, өгейлігі не жетім қыздың жалғыздығы екендігін
көптеген мұрағат деректері де дәлелдейді.
Айттыру арқылы қосылған ерлі-зайыптылардың жас ерек-
шелігі, кейде керісінше болады, яғни әйелі ерінен әжептеуір
‰лкен болады. Мұндай жағдай, көбінесе әмеңгерлік әдетпен
‰йлендіру тәртібіне байланысты болатын. Жасы келген уақытта
жеңгесін алғандықтан, олардың арасындағы жас ерекшелік
онша көзге т‰спейді. Ал, ағасы өліп жесір қалған жеңгені ержет-
кен әмеңгері болмағандықтан, жас балаға қосып, некесін
қиғандағы жас ерекшелігі кейде тіпті алшақ жатады. Мәселен,
17—40 жастағы әйелдерді 13—15 жасар балаларға қосу туралы
деректерді тағы да мұрағат қазынасынан және ел арасынан
жинаған деректерден кездестіреміз. Кейде ‰й шаруасына
қарайтын кісісі жоқ байлар жас баласына бой жеткен кедей
қызын айттырып, алып беретін. Мұндайда 16—17-ге келген
қыздың к‰йеуі 12—13 жастағы бала болатын.
Әрине, ерлі-зайыпты адамдардың жас ерекшеліктерінің тым
алшақтығын көпшілік халық қолдай бермейтін. Байлықпен жас
қыз айттырып алған шалға да, балалықпен өзінен көп ‰лкен
64
келіншекке сырттан иемденіп ж‰рген жасқа да көлденең адам
к‰ле қарап, мысқыл ететін. Құр мысқылдан басқа, әділетсіз
некеден жапа шегіп ж‰рген жас келіншектерге қалыңмалы
толық берілген соң, пақырдың өзінен басқа ешбір ара т‰суші
болмайды. Сондықтан, жалпы халық қыз айттыру кезіндегі
к‰йеу мен қалыңдықтың жасы көбінесе тең, ең болмағанда
к‰йеу 5—10 жасқа дейін ғана ‰лкен болуын ұнататын.
Құда т‰сіп, қыз алысудағы б‰кіл қазақ қауымына ортақ
тәртіптің бірі — туыстық жақындығы жеті атаға толмай, қыз
алыспау. Мұндай тәртіпті этнография ғылымында экзогамия
дейді. Қазақ халқындағы экзогамиялық тәртіптің мән-жайы
туралы көптеген авторлардың еңбегінен деректер келтіруге
болады. Мәселен, А. Левшин экзогамиялық тәртіптің қазақ
арасында қатал сақталғандығы сондай, кей уақытта туыстық
жақындығы тым әріге кететін жұртшылықтың арасында ғана
некелесуге болатындығын айта келіп, тіпті бір рудың адамдары
бір-бірімен қосылмайтындығына мысал ретінде Жағалбайлы
руына жататын жігіттің қалыңдықты өз ішінен емес, басқа
рулардан, ең болмағанда жеті рудың басқасынан іздейтіндігін
келтірген.
Қазақ арасында ежелден бері жеті атаға толмай қыз алыспау
себебі туыстық қарым-қатынас, алыс-беріс, өзара көмек
мәселесі жеті атаға дейін сиыр құйымшақтанып барып аяқтала-
тындықтан. Сондықтан, жеті атадан ары қарай туыстық
жақындықтан гөрі құдандалық жақындық басым болады. Ал,
туыстық қарым-қатынас ‰зілмей тұрып, аталар арасында
құдандалық жақындықтың іс ж‰зінде керегі де болмайды. Тіпті,
қыз алысқан к‰ннің өзінде құдалық жақындықтан гөрі, туыстық
қатынас басым болады. Осы себептерден туыстық қатынас
әбден жойылғанша қыз алысудан бой тартатын.
Қазақстан жері ұланғайыр болғандықтан, оның әр т‰кпірінде
мекендейтін қазақ жұртшылығына сырттан тиетін экономи-
калық әсер мен ислам дінінің ықпалы әрт‰рлі болғандығы
даусыз. Айталық, Ресей шекарасына жақын жатқан солт‰стік,
солт‰стік-шығыс, батыс аудандарда және оңт‰стікте ежелден
отырықшы, қала мәдениетінің әсерінде болған Ташкент,
Шымкент, Т‰ркістан маңын мекендейтін қазақ жұртшылы-
ғының шаруашылығына тауар ақша айналымының әсері мен
65
ислам дінінің ықпалы тиіп, олардың арасындағы туыстық
қарым-қатынастың бұрынғыдан әлдеқайда әлсірей т‰скені
анық. Осыған орай, Қазақстанның әр ауданына байланысты әр
уақытта жазылған әдеби деректерге тоқталайық. Мәселен, Ы.
Алтынсариннің айтуынша, Қазақстанның солт‰стік-батысын
мекендейтін қазақ жұртшылығы ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында сегіз атаға толғанша қыз алыспаған. П. Е. Маковецкийдің
айтуынша, Қазақстанның солт‰стік-шығысында бұрын жеті
атаға дейін қыз алыспайтын болса, өткен ХІХ ғасырдың 80-
жылдарында ‰ш атаға толысымен қыз алысқан. Ел арасындағы
деректерге қарағанда, П. Е. Маковецкийдің ‰ш ата арасындағы
қыз алысу тәртібі жалпы қазақтар арасындағы қалыптасқан әдет
емес, тек төрелер мен қожалар арасындағы қатынас екендігін
дәлелдейді.
Сырдария облысын мекендейтін қазақтар арасында жеті
атаға толғанша қыз алыспау тәртібі негізінен ХІХ ғасырдың
соңына дейін сақталмағанмен, ‰ш-төрт атадан да қыз алыса беру
әдетінің орын алғандығын көптеген авторлар өз еңбектерінде
көрсеткен болатын. ХХ ғасырдың басында өзіне дейінгі әдеби
мұраны зерттей келіп, қазақ арасында жеті атаға толмай қыз
алыспау тәртібінің мықты сақталуымен бірге, ‰ш-төрт атадан
қыз алысатындардың кездесетіндігін Н. Малышев та атап
көрсеткен.
Жеті атаға толмай қыз алыспау себебін халық өзінше
топшылайды. Біріншіден, қандастық жақындық ұрпақтың бол-
мауына, яғни аз болуына, оның азып, тәуір қасиеттерден
айрылуына әсер етуі м‰мкін десе; екіншіден, туыстық қатынас
ыдырап, олардың арасында әдепсіздіктер көбейген болар еді;
‰шіншіден, жеті атадан бергі ұрпақтардың өзара туыстық
қатынасы созыла берсе, жеті атадан асқан аталастармен қыз
алысу арқылы жақындасып, құдандалық қарым-қатынас бірлікті
ұлғайта береді деп қарайды. Шынында да халықтың т‰сінігінде
жаңсақтық жоқ сияқты.
Неке мәселесі жөнінде шариғат қағидасы бойынша баласы-
ның енесіне әкесі ‰йленуге болмайды. Өгей шешеге, сондай-ақ
өгей шешесінің артынан еріп келген қызға, яғни тумаған
қарындасына ‰йленуге қақысы жоқ. Бірге туған апалы-сіңлілі
қыздардың бірге туған ағалы-інілі адамдарға тұрмысқа шығуға
66
болмайтындығын бірнеше авторлар өз еңбектерінде атап өткен.
Ал, ел ішіндегі деректерге қарағанда, халық арасында мұндай
некелесуге тыйым болмаған. Өйткені, апалы-сіңлілер абысын-
ды-ажынды болып тұрмысқа шықса, к‰йеулерінің арасындағы
туыстық байланысты ‰збей, қайта біріктіре т‰суге көмектеседі.
Апалы-сіңлілерді ағалы-інілілердің алғандығына қазақ ауыз
әдебиетінен көптеген мысал келтіруге болады. Мысалы, “Ер
Төстік” ертегісіндегі Ерназар байдың тоғыз ұлына екінші бір
байдың тоғыз қызын айттырып, алып бергені.
Қазақ отбасындағы некелесудің тағы бір ерекшелігі туған
балдызына әйелінің тірі кезінде ‰йленуге болмағанымен, әйелі
өлсе, ‰йленуге рұқсат етілген. Ал, туған қайынбикесіне еш
уақытта ‰йленуге болмайды. К‰йеуі өліп, жесір қалған әйелдің
қайын атасына және туған қайнысының балаларына тұрмысқа
шығуына болмайды. Ал, қайын атасының інісіне, қайнаға-
ларына, олардың балаларына шығуға қақы бар.
Қыз бала анасының бірге туған аға, інісіне тұрмысқа
шықпайды, бірақ олардың балаларына шығуға болады. Сол
сияқты, жиен балалардың нағашы апаларын алуына рұқсат жоқ,
бірақ олардың және нағашы ағаларының қыздарына ‰йлене
береді. Мұны қазақ халқы бөлелер арасындағы және жиендер
мен нағашы жұрт арасындағы неке десе, этнография ғылымында
кузендік (кузенный) неке дейді. Бұл некенің екі т‰рі болады: 1)
кроскузендік неке (анасының аға-інілерінің қыздарына не
әкесінің апа-қарындастарының қыздарына ‰йлену, яғни нағашы
мен жиен арасындағы неке). Мұның осы көрсетілген екі т‰рі де
қазақи неке арасында кездеседі. Бірақ, қазақ дәст‰рінде жиен
алғаннан гөрі, нағашы алғанды дұрыс көреді. Сондықтан да
қазақтың арасында “Жиен алған молықпас, нағашы алған
тарықпас” дейді. Жиендердің нағашы ағасының қыздарына
‰йленуі өте көне замандағы жиендердің тек қана аналары
шыққан топтан, рудан әйел алатын тәртібімен байланысты
нәрсе; 2) ортокузендік неке (әкесінің аға-інілерінің қыздарына
‰йлену, яғни немерелер арасындағы неке не шешесінің апа-
сіңлілерінің қыздарына ‰йлену немесе бөлелер арасындағы
неке). Мұның алғашқы т‰рі, яғни немерелер арасындағы
некелесу қазақ тәртібіне жат, өйткені ол экзологиялық тәртіпті
бұзғандық болар еді. Ал, екінші т‰рі, яғни бөлелер арасындағы
67
неке кездесіп отырады. Ата-енеге екі жағынан да қайырым-
дылық мол болғандықтан, бөлелер некесі қазақ ұғымында өте
берік болады. “Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда бөле тату” деген
мақал да осыдан қалыптасқан. Мұндай некенің адамгершілік
және тәрбиелік мәні өте зор.
Сонымен, ағайынды ұл мен қыздың балалары, яғни нағашы
мен жиендер бір-бірімен қыз алыса береді. Екі елге ұзатылған
ағайынды апалы-сіңлілердің балалары (бөлелер) да бір-бірімен
қосыла береді. Өйткені, ана тарапынан болған туыстық қатынас
қазақ әдет-ғұрпында экзогамиялық тосқауылды бұзғандық
болып есептелмейді.
ХХ ғасырдың басында б‰кіл қазақ халқына тән болған
некелесудің ең негізгі т‰рі қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып
алуға негізделген құдалық арқылы неке құру болды. Мұнымен
бірге алғашқы қауымдық қоғамда ‰стемдік еткен топтық
некенің қалдығы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират)
және балдыз алу (сорорат) ғұрыптары бойынша неке құру әдеті
де өте жақсы сақталып келді. Әрт‰рлі жағдайларға байланысты
қыз-келіншектерді алып қашып некелесу әдеті де болды.
Некелесудің осы т‰рі әлі к‰нге дейін ел арасында сақталып
келеді. Бірақ, бұл әдет ХХ ғасырдың құдалық арқылы неке құру
ғұрпымен тығыз байланысты болды. Олай дейтініміз, кей
уақытта құдалық арқылы некелесу тәртібі алып қашумен
аяқталса, енді бірде алып қашу арқылы некелесу міндетті т‰рде
құдалық ғұрпымен қалыңмал төлеу арқылы бітісетін.
Қазақ арасында сирек болса да ХХ ғасырдың басында
кездесіп тұратын некелесу т‰рінің бірі туған-туысы жоқ, қа-
лыңмал төлеуге шамасы келмейтін жалғызбасты кедей жігіттер
қыз әкесінен қалыңмал орнына к‰шін сатып, белгілі мөлшерде
қызмет істеу немесе қыз әкесінің ер балалары болмаған
жағдайда қолына к‰шік к‰йеу болып кіру арқылы неке құру еді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін әрт‰рлі жаугершілік
оқиғаларға байланысты тұтқын болып қолға т‰скен қыз-
келіншектерді жауынгерлер өзара бөлісіп немесе сауға ретінде
сұрап алатын некелесу т‰рі болған.
Патриархалды құлдықтың жойылмай тұрған кезінде
қарауындағы к‰ңге ‰йлену әдеті де кездескен. Көбінесе алғаш-
қы уақытта к‰ңге ресми т‰рде ‰йленбей, тек көңілдес болып
68
ж‰ретін. Мұны қазақта к‰ңге “аяқ салу” деп атаған. Аяқ
салудың нәтижесінде к‰ң балалы болса, ауқатты адамдар оны
бөлек ‰й етіп, тоқалы ретінде заңдастырған. Осындай к‰ңнен
туып, өз алдына терезесі тең ел болған ата ұрпақтары, тіпті
‰лкен рулар да аз емес.
Қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алуға байланысты
құдалық арқылы некелесуді жан-жақты қарап, сан алуан
сипаттарын еске ала отырып, оның мәнін толық талдауды қажет
етеді. “Құдалық” деген сөздің өзі некелесудің бұл т‰рін тек ата,
әке, аға не басқа туыстар еркіне байланысты, тіпті к‰йеу өз
тізгінін өзі алған адам болған к‰ннің өзінде, оның атынан
сөйлейтін кісі тарапынан ж‰ргізілетіндігін көрсетеді.
Әр әке өзінің шама-шарқына қарай, м‰мкіндігінше өзіне
теңдес адамды таңдайтын. “Бай бастас, батыр білектес, би
құлақтас” деген халық даналығы тегін айтылмаған. Алайда,
құда болудың бірнеше жолы, яғни тәртібі бар. Кейде дағдылары
ұштасып, достасқан екі адамның әйелдері ж‰кті болса, олар
босанбай тұрып, кімде ұл, кімде қыз боларын білмей-ақ ниет
қосып, құда болатын. Мұны “бел құда” дейді. Әдетте бел
құдалар қалыңмал алыспайтын. Қазақ арасында кең тараған
аңыз — “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” жырындағы Қарабай мен
Сарыбайдың тумаған балаларын атастырып серттесуі осы бел
құдалықтың анық дәлелі. Онда:
“Алланың әміріне көніселік,
Көздің қыры т‰скенін көріселік,
Ұл туар да, қыз туар заман болса,
Уағдамен қалыңсыз беріселік”,— деп уәделескен.
Мұндай құдалықтың шарты — әйелдері босанған уақытта
бірі ұл, екіншісі қыз туса, екеуін қалыңмалсыз ‰йлендіру, ал
екеуі де бір жыныстан болса, екеуін дос етіп, әкелерінің
достығын әрі жалғастыруды тапсыру. “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”
жырындағы Қарабайдың опасыздығына, Қозы мен Баянның
ғажайып махаббатына қарап, мұндай құдалық тағдыры ылғи
осылай аяқталады деп қарауға болмайды. Уәдеге екі жақ та
берік болса, көбінесе, мұндай серттер орындала беретін.
Дегенмен, іштегі балалар туылып, олар ержетіп, ‰йленгенше
талай өзгерістер де болуы ықтимал. Соған қарамастан, іштегі
балаларын атастырып, алдын ала құда болу қазақ арасында
69
онша жиі болмайтын. Бел құдалық жалғыз қазақ емес, сонымен
бірге, қырғыз және т‰ркімен халқының арасында болатындығын
И. Д. Старынкевич атап өтеді. Ол құдалықтың бұл т‰рі көпке
созылып, талай жағдайға душар болатындығын ескертумен
бірге, ұл әкесі баласы туысымен уәдеге беріктігін дәлелдеу ‰шін
қыз әкесіне бір жылқы беріп, асықпай қалыңмалын да төлей
беретіндігін көрсеткен.
Қазақ арасында ежелден келе жатқан құдалық т‰рінің бірі —
бесікте жатқан екі нәрестені атастырып қою. Мұндай құда-
лықты “бесік құда” дейді. Балалары шыр етіп д‰ниеге келісімен
айттыру — негізінен ерекше бір мақсатты діттеген әкелердің ісі.
Кейбіреулер келешекте ісі т‰сетін адаммен жақындасуды
көздесе, енді біреулері (әсіресе, дәулеті шағын орта шаруалар)
бесіктегі
балалары
ержеткенше
қысылып-қымтырылмай
қалыңмалды біртіндеп төлеуді көксейді. Қыз әкесінің де өз есебі
өзінде болады. Біреулері қызы ‰шін ерте алынатын қалың-
малдың өсімін пайдалану мен ол малды керегіне ұстауды, тіпті
ер баласына айттырған қыз ‰шін қалыңға беруді ойласа, енді
біреулер шағын дәулетін төгіп-шашпай, асықпай жасау жинап,
уақыты келгенде баласын дұрыстап ұзату қамын ойлайды.
Ежелгі қазақ жұртшылығында балаларын жастай айттыру жиі
кездескен.
Қалыңмалды қай уақытта болсын онша қысылмай өтеуге
м‰мкіндігі бар ауқатты адамдар, әсіресе белгілі байлар төтенше
жағдайға байланысты болмаса, бесіктегі балаларын атастырып,
құда болуды құптамайтын. Өйткені, байлар құда болу мәсе-
лесінде ел арасындағы рулық талас-тартыс, билік, ықпал, сән-
салтанат жайларын негізгі мақсатына сай пайдаланатын. Демек,
олардың негізгі ойластыратыны — болашақ қалыңдық пен
к‰йеудің шаруашылық жағдайы. Қалыптасқан шаруашылық
олардың тұрмыс жағдайына, өміріне айтарлықтай әсер етеді.
Ендеше, мұның өзі әркімнің сана-сезімін оның тұрмыс-жағдайы,
болмысы билейді деген материалистік қиғаданың қазақ
арасындағы тікелей көрінісі секілді.
Бесік құда тек қазақ халқына ғана тән нәрсе емес. Оның Орта
Азия халықтарының көбінде болғандығын Н. А. Кисляков атап
көрсеткен. Қай халықта болмасын бесік құда болудың мәні мен
мақсаты жоғарыдағы қазақтар арасындағы бесік құдалықтың
70
мазмұнымен т‰гелдей ‰йлеседі. Н. А. Кисляковтың айтуынша,
мұндай құдалар шамасынша бір-біріне сый-құрмет көрсетіп,
кейде балаларының көйлектерінің етегіне ішек салып, олардың
бірінің к‰йеу, екіншісінің қалыңдық болғанын әйгілеген.
Мұндай құдалар арасында қалыңмал мөлшері де кейде ша-
ғындау болған. Сайып келгенде, бесіктегі нәрестелерді атастыру
әдетінің т‰п тамыры өте көне замандарға, яғни аналық дәуірге
кететін тәрізді. Ана ‰стемдігі дәуірінде бір аналық рудың
ұлдары туысымен екінші аналық рудың қыздарының к‰йеулері
болып саналса, екінші аналық рудың қыздарының к‰йеулері
болып саналатын неке т‰рін “ортодоксалды неке” деп атаған.
Ел қорғаны болған ер-азаматтар, ел еркесі атанған сал мен
сері, ақындар қалыңдықты өздері таңдаған. Құда т‰су қалыңдық
таңдаудан кейін ж‰ргізілетін. Бұдан қазақ арасында әрдайым ер
азаматқа қалыңдық таңдауда ерік беріле берді деген ұғым
шықпайды. Кейде қатыгез әке өз ‰кімін ж‰ргізіп, дегенін
істететін. Бұған “Қыз Жібек” жырындағы Базарбай сияқты
феодалдың баласы Төлегенге жасаған қаталдығы айғақ бола
алады.
Жігітке қалыңдық таңдауда ата-ананың жанашыр жақын
туыстары көмектесетін. Қыз таңдаушылар қыздың жағымды-
жағымсыз жақтарымен т‰гелдей танысатын.
Қыз таңдау ісі аяқталған соң, к‰йеу жағы қыздың әкесіне
құда т‰сіп, қалыңмалын төлеп, әдет-ғұрып бойынша толып
жатқан алыс-берістер, жол-жобалар орын-орнымен екі орындал-
ғаннан кейін, қыз ауылында ұзату, к‰йеу ауылында келін т‰сіру
тойы жасалып, құдалық арқылы неке құру т‰рі аяқталады.
Некелесудің көне т‰рінің бірі — қызды алып қашып ‰йлену.
Қазақ арасында қыз алып қашудың ең көп кездесетіні — өзінің
айттырылған заңды қалыңдығын алып қашу. К‰йеу жағын
мұндай іске мәжб‰р ететін әрт‰рлі себептер болған.
Кейде қыз әкесі құдасына не к‰йеу баласына көңілі толмай
немесе өзіне пайдалы басқа адаммен құдандалы болып, оны өз
м‰ддесіне сай пайдаланғысы келеді. Мұндай жағдайда әрт‰рлі
сылтаулармен алғашқы құдасына қыз ұзату ісін ұзарта береді.
Тіпті, қалыңмалдың т‰гелдей төленіп немесе оның негізгі
бөлімінің берілгендігіне де қарамай, қызын “әлі жас” деген
с‰йретпемен дәйекті жауап бермей, кешіктіре береді. Бата
71
бұзуға дейін баратын қыз әкесінің мұндай жат ойын сезген жігіт
жағы да бірнеше рет кісі салып, алдынан өткеннен кейін
қалыңдықты алып қашу шарасын қарастырады. Мұндайда қыз
әкесі де қамсыз болмайды. Сондықтан, қалыңдықты алып
қашудың ең тиімді жағын ойластырады.
Егер қыз әкесі алғашқы құдасының тек кедейлігін менсінбей
қызын байлығына, мансабына қызығып, жасы ‰лкен шалға
немесе “Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін” дегендей,
әкесі бай кемтарға, кейде тіпті тоқалдыққа бергісі келгенде оң-
солын танып қалған қыз бұған көнгісі келмейді де, шамасынша
қарсылығын білдіреді. Мұндай жағдайда алғашқы атастырған
қайын жұртының алып қашуына оңайырақ болады.
Егер алғашқы айттырған жеріне қалыңдықтың да барғысы
келмейтіндігіне көзі жеткен к‰йеу жағы қалыңмалы төленіп не
жартылай беріліп қойса, м‰мкіндігі болса зорлықпен, болмаса
қапысын тауып ұрлап әкетуге дейін барады. Мұндайда к‰йеу
жағы тегеурінді ел болса, батыл келеді. Қызды еріксіз әкеткен
жағдайда к‰йеудің өз ауылына тікелей апармай, басқа жерге бой
тасалай тұрып, оқиғаның барысына қарай іс істейді. Қыз әкесі
қандай мықты болғанмен, әдет-ғұрып алдында өзінің шеттігін
сезіп, аса батыл қимылға бармайды. Оған қосымша қалыңдық-
тың қалыңмалын төлеп, енді керек болған жағдайда тартып
әкету осал ел мен дәрменсіз к‰йеудің қолынан келмейді.
Мұндай істі өзіне сенген, тәуекелге көз жұмған намысқой ауыл
адамдары ғана істейді. Олар әрдайым болған іске бекем болуға
т‰йінеді.
Құда т‰су салты бойынша құйрық-бауыр жегізіп, ақ бата
жасалып, қалыңмал т‰гелдей немесе жартылай төленіп қойған
жағдайда өз қалыңдығын алып қашудың қандайы болсын
кешірілмес к‰нә емес. Дегенмен, мұндай жағдайда қалыңдықты
алып қашқан к‰йеуге әрт‰рлі мөлшерде айып кесіледі.
Қалыңдықтың келісуімен әкетсе және де әкету алдында құда
алдынан бірнеше рет өтіп, қалыңдықты беру туралы өтініш
болса, айып мөлшері соншалықты көп болмайды. Ал, мұндай
ескерту болмаса, оған қосымша қыз төркіні әлді жер болса,
айып мөлшері бір тоғыздан ‰ш тоғызға дейін барады. Кейде
намысқой қыз әкесі қызын қайтарып алып, тез арада тойын
жасап, жасауымен қолынан да береді. Көбінесе қалыңдығын
72
алып қашқан к‰йеу жағы айыбын мойындап, қыз әкесінің
алдына келсе болды, әдет-ғұрып бойынша заңдылық келісімге
келетін. Сайып келгенде, өз қалыңдығын алып қашу (әсіресе,
қалыңмалы төленген соң) бата бұзғандық болып табылмайды.
Енді қыз алып қашудың жоғарыда айтылғаннан басқа т‰ріне
тоқталайық. Біреудің айттырып қойған, керек десеңіз қалың-
малы төленіп қойған қалыңдығын алып қашу да қазақ арасында
кездесіп тұратын. Мұндай оқиғалар мынадай жағдайларға
байланысты болатын: біріншіден, ержеткен сұлу қыздардың
әрқашан ел ішіндегі еті тірі өнерлі жастардың назарын аудара-
тындығы заңды. Ал, қазақ дәст‰рінде ата-аналардың балаларын
жастайынан атастырып қоятындығын еске алсақ, көркімен де,
өнерімен де талай жанды тамсандыратын сұлу қыздардың бой
жетіп қалған кезінде басы босы некен саяқ кездесетіндігіне
к‰мәндануға болмайды. Мұндайда ержеткен қыздар өз бойына
тең санаған болашақ к‰йеуіне бар ‰мітін артып, сонымен бақыт
табуды армандайтын. Ал, енді көрікті бойжеткеннің барар жері
де, болашақ к‰йеуі де ойлаған жерден шықпаса, тек қалың-
малын жыға беріп, сұлуды құшпақ болып ж‰рген жасы келген
бай не өнерсіз, кемтар болса, осындай жағдайда ақ батаны аттап,
с‰йгенімен қашып кететін. Намысқа шыдамаған жесір иесі қыз
алып қашқан жігіт ауылын шауып, жесірін тартып әкетумен
бірге, мал-м‰лік, тіпті сол ауылдың басқа қыздарын қоса әкету
сияқты зорлық жасап, ел арасында бітпейтін барымта, шабыс
басталатын. Нәтижесінде б‰кіл қауым жазықсыз жапа шегіп,
к‰йзелушілікке ұшырайтын.
Кейде мұндай шапқыншылық қаупін болдырмау ‰шін кейбір
қатыгез билер бірін-бірі с‰йген екі жасты қорғай алмай, намыс
кегі кернеген даугер жағына ұстап беріп, аяғы өкінішті өліммен
бітетін. Бұған мысал ретінде “Еңлік—Кебек” трагедиясын атап
өтсек болады.
Ал, ешкімге айттырылмаған басы бос бойжеткен қызды алып
қашу өз алдына назар аударарлық мәселе. Басы бос қызды алып
қашу да әрт‰рлі жағдайларға байланысты болатын. Мұндай
жағдай, көбінесе, бірін-бірі с‰йген жастар арасында кездесетін.
Өйткені, қалыңмалды ойдағыдай етіп төлеуге шамасы келмейтін
жігіттерге өз қолынан қызын беруге қыз әкесі әрдайым қарсы
болатын да, құдалықтан ат-тонын алып қашатын. Мұндайда бір-
73
бірін ұнатқан жастар өз беттерімен қосылуға серттесіп, қыз
ешкімге білдірмей уәделі жерге баратын да, жігіт сенімді жол-
дастарымен келіп алып қашатын. Әке-шешесінің рұқсатынсыз
қашқан қызды к‰йеу жігіт бірден өз ауылына апармай, басқа
жақтағы сыр сақтарлықтай немесе қысылғанда пана болар-
лықтай тамыр-таныстары мен құдандалы елдерге апарып,
келіссөз аяқталғанша бой тасалай тұратын. Кей уақытта
қуғыншының келмейтіндігіне көзі жеткен іргелі ауыл өз еркімен
келген келінді бірден-ақ ауылына т‰сіріп, тойын да жасата
беретін. Қайткен к‰нде осындай жағдайдың көпшілігі жастар-
дың ықыласын бұзбай, екі жақтың ‰йлесуімен аяқталатын.
Мұндайда қыз т‰скен жерінде қалып, ол ‰шін қалыңмал, т‰йе
бастатқан тоғыз не қалың мөлшеріне тең айып беріп, қыз
әкесінің оң батасын алатын. Қызының өз еркімен кеткендігіне
көзі жеткен ата-ана “Бетінен жарылқасын” деп, баласының
бақытты болуына тілектерін білдіретін. Ал, қалың мен айыбын
алған соң қызына жасауын беріп, қолынан ресми т‰рде
ұзататын. Бұдан кейін жігіт әкесі келін т‰сіру тойын жасап,
құдаларын шақырып, әрт‰рлі әдет-ғұрыптарын, ырымдарын,
жол-жоралғыларын жасайтын, құдалар арасындағы алыс-беріс,
қарым-қатынас әдеттегідей қалпына т‰сіп, өмір көші ары қарай
жылжи беретін.
Қыз алып қашудың бұл т‰рі қайсыбір уақытта керісінше
аяқталады. Қыз төркіні тегеурінді ел болса, қызының өз еркімен
кеткендігіне қарамай, алып қашушы елді шауып-жаншып,
қыздарын тартып әкететін кездер де болып тұратын.
Махаббаты ‰йлескен екі жастың ата-аналарының құда т‰сіп,
қыз беріп, келін т‰сіруге шамалары келмейтіндей жағдайда екі
жағы астыртын келісіп, жігіт жағы жасырын алып қашқан
болады да, қыз төркіні білмей қалған болып қолдарынан аттан-
дырып жібереді. Мұндай жағдайда құдалар арасында ешбір
келіспеушілік қаупі болмайды. Келін т‰сірген ауыл өз шама-
сынша той жасайды. Кешікпей қыз әкесіне кісілер жіберіледі.
Әдетте, одан кешірім сұралып, айып төленеді. Әрт‰рлі жол-жоба
екі жағынан да әдеттегісінше орындала береді.
Кейбір мықты ауылдың жігіттері қызбен алдын ала келіспей-
ақ алып қашатын жағдай қазақ арасында кездесіп тұратын.
Өкінішке орай, осы әдет қазіргі уақытқа дейін сақталған. Еріксіз
74
әкелінген қызды алдап-сулап, сөзге көндіріп, әкесіне беделді
адамдар бастаған елшілер жіберіліп, айыбы мен қалыңмалын
төлеуге әзір екендігін білдіретін. Мұның айыбы ауырлау
болғандықтан, қыз төркіні айыбы мен қалыңмалын толық етіп
алуға тырысатын. “Тас т‰скен жеріне ауыр” дегендей, еріксіз
болса да, қыз барып қалған соң, қайтып әкетуді ар көріп,
көбінесе ризашылығын беретін. Ал, қыздың өзі көнбесе, екі ел
арасында дау-шар басталып, билер алдына ж‰гінісетін де,
кінәліге айып кесіп, қызды ‰йіне қайтаратын. Мұндай жағдай
сирек кездесетін, оның өзінде қызды алмақ болған адам кемтар
не тым кәрі болса немесе бірнеше әйел ‰стіне тоқалдыққа алмақ
болса, ақыл тоқтатқан батыл қыздар ғана мұндай қорлыққа
ешқашан мойынсұнбайтын. Көпшілік жағдайда бұйығы өскен
жас қыздар ғана көндіге беретін. Бұдан кейінгі әңгіме тек
төркінімен келісуде қалатын. Қызы көнген жағдайда төркіні
теріс кетпейтін. Алда-жалда қыз төркіні мен к‰йеу арасында
шыққан дау қалыңмалдың не жасаудың толық берілмеуі
төңірегінде ғана болатын. Ал, қызды қайырып алу деген атымен
к‰н тәртібіне қойылмайтын. “Қайыра шапқан жау жаман,
қайтып келген қыз жаман” деген мақал тегін айтылмаса керек.
Қазақ арасындағы неке құрудың бір т‰рі ертеректе көрші
халықтармен жиі болып тұрған соғыстар мен шабыстарда қолға
т‰скен тұтқын қыз, келіншектерге ‰йлену болып табылады.
Феодалдық қоғам қатынастарының ‰стем болған кезінде қазақ
хандары мен билерінің м‰ддесіне сай қалмақ, қырғыз, өзбек,
т‰ркімен, қарақалпақ және башқұрт халықтарымен болған
қантөгіс шайқастардың нәтижесінде қолға т‰скен тұтқын қыз,
келіншектерді ең алдымен соғысқа қатысқан батырлар бөлісетін
де, одан қалғандарын ел шетіне кірер-кірмес алдынан сауғалап
шыққан туыстары алатын. Тұтқынға т‰сіп батырлар ‰лесіне не
сауғаға тиген жас қыздармен неке құратын болса, мосқал
тартқандарының к‰ні к‰ңдікке өтетін. Жаугершілікте қолға
т‰скен Орта Азия халықтарын былай қойғанда, діні, тілі, әдет-
ғұрпы, салт-санасы бөлек қалмақ қыздарының қазаққа сіңісіп
кеткендері туралы қазақ арасында аңыз-әңгімелер жиі кездеседі.
Ата-анадан ерте қалып, жетімдіктің, жоқшылықтың зар-
дабын басынан өткізген жарлы жігіт ес білісімен өз еңбегімен
к‰н көруге кіріседі. Мұндай адамдардың, әдетте қалыңмал беріп
75
әйел алуға, өз бетімен ‰й болуға көбінесе м‰мкіндігі болмайды.
Сондықтан, олар көп жыл бойы жалда ж‰ріп, ‰йлену ‰шін мал
табуға кіріседі. Кейде олар қызы бар, ұлы жоқ адамдарға
бірнеше жыл қалыңмал ‰шін қызмет істеп, қызын алатын.
Өз еліне жанашыр жақыны жоқ жарлы жігіттер бөтен елде
кәсіп қуып ж‰ріп ‰йленіп, қайын жұртында қалып қойса, оны
“кірме к‰йеу” деп атаған. Бірақ, олардың барлық шаруашылығы
қайын атасының шаруашылығынан м‰лде бөлек болатын.
Сөйтіп, қазақ арасында әлде де болса сақталып келген
к‰йеудің қалыңдық әкесінің қолына енуі не сол елге кірме
болып қалып қоюы патриархалды қарым-қатынастан бұрын
болған матриархалдық некенің жұрнағы болса керек. Сон-
дықтан да патрилокалды некенің әбден жеңген кезінде оның
ішінара бой көрсетуі оқшау көрінуі заңды нәрсе.
Неке құрудың ең бір көне т‰рінің, яғни алғашқы қауымдық
қоғамда болған топты некенің жұрнағы ретінде қазақ арасында
әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) әдет-ғұрыптары
бойынша ‰йлену тәртібі к‰ні б‰гінге дейін сақталып келді. Бұл
әдеттер тек қазақ халқына ғана емес, сонымен бірге көптеген
т‰ркі тілдес халықтар мен монғол халықтарына тән.
Әмеңгерлік және балдыз алу әдеттері алғашқы қауымдық
қоғам қатынастарының қалдығы ретінде осы к‰нге дейін өзінің
алғашқы мазмұнын өзгертті. Қоғамдық қатынастардың
өзгеруіне сай бұл әдеттердің де мазмұны жаңғырып отырды.
Мәселен, Н. А. Кисляковтың айтуынша, егер тапсыз қоғамға
“басқа бір рудың апалы-сіңлілі қыздарына тән топты неке
правосы ортодоксальды некенің негіздерінің бірі болса”, Қытай
жазбалары бойынша әмеңгерлікпен балдыз алу әдеттері ертедегі
ғұндарда “…тұқым ‰зілу қаупін болдырмау мақсатымен”
қолданылған. Ал, таптық қоғамда әмеңгерлікпен балдыз алу
әдеттері қалыңдықты қалыңмал төлеп сатып алумен және
мұрагерлікпен тығыз байланысты болған, яғни оның барлық
экономикалық жағдайларымен араласып жататын. Бұдан
әмеңгерлік пен балдыз алу әрекеттерінің сонау алғашқы
қауымдық қоғамнан бастап біздің заманымызға дейінгі даму
жолын байқауға болады. Ең көне топты некенің қалдығы
ретінде ертедегі ғұндарда бұл әдеттер тұқым ‰зілуін болдырмай,
әркімнің ‰рім-бұтағының ары қарай жалғасуын қамтамасыз ету
76
мақсатын көздегендік болса, кейініректе таптық қоғамдағы
тауарлы ақша айналымының дамуына байланысты оған тек
тұқым сақтау мақсаты тұрғысынан емес, экономикалық тұрғы-
дан да қарайтын болды. Бұған қазақ өміріндегі әмеңгерлік және
балдыз алу әдеттерінің қалыңмал, жасау және мал-м‰лкіне
байланысты іске асатындығы анық мысал болады.
Қазақта “Аға өлсе жеңге мұра, іні өлсе келін мұра” деген
мақалға айналған нақыл бар. Мұның негізгі мәні к‰йеуі өлген
жеңгені ағасының мұрагері есебінде қайнысы алады немесе
к‰йеуі өлген келінін қайнағасы алады деген сөз. Мұра есебінде
тек әйел ғана емес, онымен бірге бала-шағасы, мал-м‰лкі де
өлген адамның ең жақын мұрагеріне тиеді. Ағалы-інілі адамдар
бірінің баласын бірі әрдайым “балам” дейді. Әсіресе, ағасына
інісінің баласы тек қана бала қатарында болса, інісіне ағасының
баласы іні қатарында болады. Сондықтан, әкесі өлген жас
балаларға жетімдік көрсетпеу ‰шін, әсіресе, олардың жас
шешесі бөтен елге кетіп, мал-м‰лікті бөтенге олжа, жас
балаларды жат бауыр еткізбеу ‰шін жесірді ешқайда жібермей,
жақын әмеңгері иемденуге тырысады.
Қазақтың әмеңгерлік правосы туралы егжей-тегжейлі
деректерді Л. Баллюзиктің еңбегінен табамыз. Ер балалары бар
жесір қайнағасына, қала берді қайныларына тиеді және барлық
мал-м‰лік әмеңгердің қарауына өтеді. Баласыз жесір
әмеңгерінің біріне шыққан уақытында тек төсек-орын, киіз ‰й,
азын аулық малдан басқа ештеңе алмай, қалған мал-м‰лік
туыстар арасында бөлінетін. Жесірде бір ғана қыз болса, ол өз
‰лесімен шеше қолында болады, ал бірнеше қыз болған
жағдайда шеше қолында біреуі ғана қалып, қалғаны өз
‰лестерімен туыстар арасында бөліске т‰седі. Егер жесірдің бір
ұл, бірнеше қызы болса барлығы т‰гелдей мал-м‰лкімен,
шешесімен бірге әмеңгер қолына өтеді. Баласы бар егде тартқан
жесір тұрмысқа шықпаймын десе, оған зорлық болмайды. Ылғи
қыз болған жағдайда бір туысының ер баласын асырап,
бауырына салады. Әмеңгерлерінің ешқайсысына шыққысы
келмей, басқа біреуге шыққысы келген жесірді шама келгенше
жібермеуге тырысады. Кей уақытта зорлау да болып қалады.
Бірақ, оның бәріне көнбеген жағдайда д‰ние-малдан тіпті
балалардан да айырып, баратын к‰йеуінен қалыңмал талап етіп,
77
айып алып қана жіберетін. Жесір тарапынан мұндай қарсы-
лықтың ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап к‰шейе
т‰скендігін Л. Баллюзик ескерте кеткен. Бұдан кейінгі көптеген
авторлар әмеңгерлік право туралы жоғарыда айтылған Л. Бал-
люзиктің деректеріне еш жаңалық қоспай, әрқайсысы әрт‰рлі
дәрежеде осы айтылғандарды қайталаумен болған.
П. Е. Маковецкий зорлап көндіретін жесірге баса көңіл
бөлген, ал И. Аничков біршама асыра сілтеп, шындыққа қиянат
жасауға бой ұрған. Мәселен, И. Аничковтың айтуынша, жап-жас
жігіттердің әйел ‰стіне мосқал тартқан жесір жеңгесіне
әмеңгерлік құқық бойынша ‰йлену себебі: біріншіден, жеңге
‰шін бір кезде төленген қалыңмалды босқа жібермеу; екіншіден,
оның қызы болса, келешекте ол ‰шін алынатын қалыңмалды
өзіне екінші әйел айттыру ‰шін пайдалану мақсатын көзде-
гендіктен деп т‰сіндіреді. Біздің қолымыздағы көптеген
әдебиет, мұрағат деректері, әсіресе, өзіміз ел арасынан жинаған
мәліметтер бойынша жесірді әмеңгерлік әдетімен к‰йеуге
шығуға ылғи зорлау, к‰штеу әдісімен мәжб‰р етеді деу қиянат
сияқты. Әрине зорлау, жәбірлеу де жиі болған, бірақ б‰кіл
халық осылай істеді деу шындыққа жатпайды. Ал, қыздың
қалыңмалын өз м‰ддесіне пайдалану мәселесіне келсек, ол да
жете т‰сінбей, сырттай топшылаудан туған жаңсақ пікір. Тіпті,
бұған дәлел ретінде қызға берілетін жасау мен той шығындары
көпшілік жағдайда ол ‰шін алынатын қалыңмалдан артық
болатынын айтсақ та жеткілікті.
Әйелі өліп, жас балалары жетім қалған жағдайда басы бос,
жас шамасы шамалас балдызын оның еркімен алу қай заманда
болсын моральдық нормаларды бұзғандық болып табылмайды.
Туған жиендеріне нағашы апасының қамқорлығы өз шешесінен
кем болмайды. Әмеңгерлікпен жеңге алу да, балдыз алу да
алғашқы қауымдық қоғамға тән топты некенің, яғни туысқан
ерлердің бәріне ортақ әйелдер не туысқан қыздардың бәріне
ортақ к‰йеулер болған көне некелік қатынастың қалдығы екені
даусыз.
Қазақта болған неке құру т‰рлерінің ең негізгісі қалыңмал
төлеп, қыз айттыру арқылы ‰йлену болып табылады.
Барлық елдің халықтары тәрізді қазақ халқының да өзіне тән
отбасы тарихы бар. Адам баласы ж‰ріп өткен сан алуан
78
қоғамдық-экономикалық формациялардың қай-қайсысы болма-
сын, әрт‰рлі отбасы формаларымен тығыз байланысты және
оны барлық халықтар өз басынан өткізген.
Қазақ отбасы мен некесін зерттеудің ғылым ‰шін де маңызы
зор. Өйткені бұл мәселе туралы жазылған зерттеулерде қазақ
отбасының тарихы толық қамтылмағандықтан, отбасы мен неке
проблемасын жан-жақты қарастырудың нәтижесі қазіргі таң-
дағы жастардың отбасы-некелік өмірге деген оң көзқарастарын
қалыптастыруда себін тигізеді деген ойдамыз.
Бұл зерттеулердің отбасы-некелік өмір туралы ой-пікірлері,
қағидалары, тұжырымдары, талдаулары отбасы-некелік өмірдің
негізін құрайтын отбасы және неке туралы қажетті материалдар
мен деректерді береді.
Философиялық,
тарихи,
әлеуметтік,
педагогикалық,
психологиялық ғылыми-әдебиеттерді саралай келе, “отбасы”,
“неке”, “отбасы-некелік өмір”, “отбасы-некелік өмірге даярлау”
ұғымдарына анықтама беруге ықпал етеді.
Отбасы дегеніміз — әрт‰рлі жыныстағы адамдардың өзара
көзқарастары мен іс-әрекеттері ‰йлескен, тығыз қарым-қаты-
наста болатын әлеуметтік топ.
Неке дегеніміз — еркек пен әйел арасындағы табиғи қажет-
тіліктен туындаған, ерікті негізде құрылатын, өзара құқықтары
мен міндеттері белгіленген, адамның табиғи, әлеуметтік,
биологиялық, психологиялық және рухани өмірінің қажеттілігі.
Отбасы-некелік өмір — философиялық, әлеуметтік, педаго-
гикалық, психологиялық, биологиялық, физиологиялық, жы-
ныстық мәселелерді қамтитын құбылыс.
Отбасы-некелік өмірге даярлау дегеніміз — жастардың
отбасы-некелік білімдерін жетілдіріп, олардың отбасы-некелік
өмір туралы дұрыс көзқарастарын және жағымды іс-әрекет
дағдыларын қалыптастыру.
Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даяр-
лаудағы педагогикалық шарттар білім беру, көзқарастарын
қалыптастыру, жағымды іс-әрекет ‰лгілеріне дағдыландыру бо-
лып табылады.
Сондықтан, мәселенің ішкі және сыртқы қайшылықтарын
педагогикалық проблемамен байланыстырып шешу маңызды.
79
Отбасы-некелік өмірдің барлық аспектілерін қамтитын бұл
материалдар — жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік
өмірге дайындау мақсатын көздейтін танымдық-тәрбиелік мәні
бар “Отбасы-некелік өмірге дайындық” курсының мазмұны. Бұл
еңбек жастарымыздың отбасы-некелік өмір туралы т‰сініктерін
кеңейтеді, білім береді және отбасын құруға қажетті дайын-
дықты қалыптастырады.
Оқу материалдарын шартты т‰рде “Отбасы мен неке да-
муының ғылыми негіздері” және “Отбасы-некелік өмірге дайын-
дық бағыттары” атты екі бөлімге бөліп қарастыруға болады.
Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайын-
даудың негізі қоғамның даму тарихындағы отбасы мен некенің
өрістеуі; отбасы т‰рлерінің жіктелуі, отбасының (репродук-
тивтік, жыныстық, тәрбиелік, экономикалық, реттеушілік, бос
уақыт, фелицитологиялық) қызметтері, отбасы бюджеті, отбасы
м‰шелерінің қызметі, әке мен ананың рөлі, отбасы құқығы,
отбасындағы бала (қыз және ұл) тәрбиесі, отбасы-некелік өмір
құрудың негізгі шарттары, отбасы-некелік өмірдегі жұбайлар-
дың құқықтары, отбасының психологиясы, махаббат, отбасы
дипломатиясы мәселелерінің теориялық қағидалары болып
табылады.
Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге дайын-
дау ‰лгісі мынадай кезеңдер бойынша орындалғанда ж‰зеге
асатындығын тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижесі
көрсетті. Бірінші кезең, оқушыларға отбасы мен некенің
әлеуметтік дамуының теориялық қағидаларын меңгерту және
оларды талдау дағдыларын қалыптастыру. Екінші кезең, отбасы
мен неке қызметінің мәнін ұғындырып, оларды қазіргі заман-
ның талаптарына сай талдау жасауға машықтандыру. ‡шінші
кезең, оқушыға болашақ отбасы басшысына қажетті білім мен
іскерлік дағдыларын меңгерту. Отбасына байланысты берілген
мәселелер бойынша келешекке жоспар жасауға және мақсат қоя
білуге ‰йрету.
Достарыңызбен бөлісу: |