Қолма-қол шетел валютасындағы айырбас операцияларын уәкілетті ұйымдар, оның ішінде қолма-қол шетел валютасында айырбас операцияларын ұйымдастыруға Ұлттық банк лицензиясы берілген банктер жүзеге асыра алады. Операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар уәкілетті банк банк орналасқан жерде немесе одан тыс жерде айырбас орындарын ашуына болады. Айырбас орындарын ашу кезінде Ұлттық банк филиалдарына тіркеу қажет және тіркеу куәлігі берілу қажет.
• колма-қол шетел валютасын сатып алу және сату;
• шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
• қолма-қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассолау үшін қабылдау;
• шын екендігіне күмән тудыратын шетел мелекеттерінің ақша белгілерін және шетел валютасындағы толем құжаттарын сараптаудан өткізу үшін қабылдау;
• банктердегі жеке тұлғалардың шотына есептеу үшін кредиттік және дебеттік карталар бойынша есеп айырысу үшін қызмет ететін қолма-қол шетел валютасын қабылдау және оларды беру;
• бір мемлекеттің валютасын екінші мемлекеттің валютасына айырбастау;
• шетел мемлекетінің төлемсіз акша белгісін сол шетел мемле-кетінің төлемді ақша белгісіне айырбастау.
Айырбас орындары уәкілетті банк басқарушысының жазбаша өкімі негізінде бекітілген сатып алу, сату бағамы және кросс-бағамына сәйкес сатып алу, сату және айырбас операцияларын жүргізеді. Жеке тұлғалардың қолма-қол шетел валютасын бір жолғы сатып алу тіркеу журналына тіркеледі (11-қосымша). 200 және одан жоғары АҚШ долларындағы сомадағы шетел валютасын сатып алу және сату кезінде міндетті түрде қатаң есептеме бланкі-сінде аныктама-сертификат (12-қосымша) толтырылады. Айта кететін жәйт, клиент өтініші бойынша анықтама-сертификаты алынған және сатылған шетел валютасындағы сомаға байланыссыз жазы-лады. Анықтама-сертификатының бір бланкісінде тек бір валюта-айырбас операциясы ғана жазылуы мүмкін.
Айырбас орнының жұмысы басталғанға дейін банк айырбас орнының кассирін қолма-қол теңге және шетел валютасымен, соны-мен бірге валюта-айырбастау операциясын ресімдеу үші қажетті төлем қүжаттарының бланкілерімен қамтамасыз етеді. Әрбір айырбас орындарына банк бір күн ішіндегі жүмысты қамтамасыз ететін колма-қол теңге және шетел валютасында аванс көлемін белгілейді. Аванс көлемі айырбас орнының жұмысы бойынша міндетті тұлға қолы қойылған аванстық өтінішпен белгіленеді (13-қосымша).
Авансты қолма-қол теңге және шетел валютасында беру шығыс кассалық ордер бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын-да аванс беру, шығыс ордері авансты беру күніне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағамы бойынша есептелген валютаның әрбір түрі бойынша атаулы сомасын көрсете отырып жазылады. Қолма-қол теңгедегі авансқа бөлек шығыс ордері толтырылады. Егер айырбас орнының кассиріне құндылықтарды беру инкассатор арқылы немесе кассирге өтініш негізінде жүргізілсе, егер ол құндылықтарды банк кассасынан алатын болса шығыс ордерлері банк бухгалтериясы арқылы беріледі. Олар үш данада шығарылады, авансты берген және авансты алған банк кассирі (айырбас орнының инкассаторы немесе кассирі) толтырады.