«Қайырымды қала тұрғындары»



бет1/2
Дата28.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#77023
  1   2
Байланысты:
Қайырымды қала тұрғындары»

«Қайырымды қала тұрғындары»

Орындаған: Ильясов.М

Тексерген:Абдикакимов.М


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы УНИВЕРСИТЕТІ КеАҚ 

Әлемге әйгілі ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің ең танымал еңбектерінің бірі – «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат». Қоғамтану теориясы мен практикасы саласындағы құнды еңбек болушы бұл кітаптың түпнұсқасы араб тілінде жазылған. Араб тіліндегі атауы – «Китаб ‘ара’ ‘ахл ал-мадйна ал-фадила».

Әбу Насыр әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» деген атпен 942 жылы жазған. Ал толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған екен.

  • Әбу Насыр әл-Фараби бұл кітаптың алғашқы нұсқасын «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» деген атпен 942 жылы жазған. Ал толық нұсқасын 948 жылы Мысырда аяқтаған екен.
  • Кітаптың көшірілген нұсқалары әлемнің бірнеше музейлерінде, мұрағаттары мен кітапханасында сақталған. Атап айтқанда Британия музейінде және Оксфорд университетінің Бодлиан кітапханасы қорында бұл еңбектің бірегей нұсқалары бар.
  • Аталған еңбек орта ғасырларда Еуропада кеңінен танымал болған. Ал кейінгі кезеңде алғаш рет 1895 жылы ғылыми айналымға біржола енгізілді. Осы жылы бұл еңбек Голландияның Лейден қаласындағы «Бирбил» баспасында арабтанушы ғалым Фридрих Дитрицидің баспаға әзірлеуімен жарық көрген.
  • Бұл кітаптың маңыздылығы – автордың өз еңбегінде қала болып қауымдасып өмір сүретін адамзат баласының өзара ешбір қайшылықсыз, мінсіз идеал қоғамы қандай болуы керектігін жан-жақты сипаттауында деуге болады.

Иә, адамзат тарихында меншік пайда болуымен мемлекет құрылып, оның өзіне тән сипаттары туып қалыптасқаны белгілі. Мемлекеттер өзінің құрылымы, басқару формасы, ұстанымы, күш-қуаты тұрғысында қаншалықты сан алуандыққа ие болса, олардың тарих сахнасындағы жетістіктері мен өзіндік ішкі қайшылықтары да соншалықты әрқилы болады. Адамзат баласы әрқашанда басқару механизмі барынша жетілген, мемлекетті құрушы барша халықтың көңілінен шығатын мемлекет құруға әрдайым талпынумен болды. Бұл тұрғыдағы әрекеттерге ой жүгірте отырып алғашқы ой-пікірлер білдіріп, зерттеу жүргізген – антикалық дәуірдің ойшыл-философтары болды. Атап айтқанда грек философтары Платон, Аристотельдер мінсіз де ізгілікті қоғам құру жолдары туралы өз идеяларды ұсынып, трактаттар жазды. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда жасаған грек ойшылы Платонның «Республика» еңбегі мен қытайдың философ ақыны Тао Юаньминнің «Шабдалы қайнары» атты туындылардында қайырымды қоғам мәселесі көтерілді. Дегенмен, мұны біз ізгі қоғам құру жөніндегі адамзат ойының ілкі бастаулары деп қарастыра алмаймыз. Себебі, мұндай ой-арман адамзат қоғамындағы алғаш мемлекет қалыптасқан кезден-ақ пайда болғанына еш күмәніміз жоқ.

  • Иә, адамзат тарихында меншік пайда болуымен мемлекет құрылып, оның өзіне тән сипаттары туып қалыптасқаны белгілі. Мемлекеттер өзінің құрылымы, басқару формасы, ұстанымы, күш-қуаты тұрғысында қаншалықты сан алуандыққа ие болса, олардың тарих сахнасындағы жетістіктері мен өзіндік ішкі қайшылықтары да соншалықты әрқилы болады. Адамзат баласы әрқашанда басқару механизмі барынша жетілген, мемлекетті құрушы барша халықтың көңілінен шығатын мемлекет құруға әрдайым талпынумен болды. Бұл тұрғыдағы әрекеттерге ой жүгірте отырып алғашқы ой-пікірлер білдіріп, зерттеу жүргізген – антикалық дәуірдің ойшыл-философтары болды. Атап айтқанда грек философтары Платон, Аристотельдер мінсіз де ізгілікті қоғам құру жолдары туралы өз идеяларды ұсынып, трактаттар жазды. Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда жасаған грек ойшылы Платонның «Республика» еңбегі мен қытайдың философ ақыны Тао Юаньминнің «Шабдалы қайнары» атты туындылардында қайырымды қоғам мәселесі көтерілді. Дегенмен, мұны біз ізгі қоғам құру жөніндегі адамзат ойының ілкі бастаулары деп қарастыра алмаймыз. Себебі, мұндай ой-арман адамзат қоғамындағы алғаш мемлекет қалыптасқан кезден-ақ пайда болғанына еш күмәніміз жоқ.
  • «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби өзіне дейінгі грек философтарының идеал мемлекет туралы идеяларын дамыта отырып, өзіндік тұжырым-қорытындыларын ұсынады. Ғалым қайырымды (ізгі) қала тұрғындары қалай болуы керек, оның жағымды-жағымсыз, дарынды-дарынсыз басшысына тән сипат-белгілер қандай т.б. жайлы жан жақты талдау жасайды. Біз бұл турасында төменде кеңінен тоқталатын боламыз. Және де «Қайырымды қала тұрғындары туралы» кітапта жазылған ой-тұжырымдарды біз бір қырынан алып қарағанда, орындалу мүмкіндігі бар, шынайы теория деп қарастырамыз. Және сонымен қатар, Әбу Насыр әл-Фарабидің бұл ой-пкірлерін орындалуы еш мүмкін емес қиял-ғажайыпқа толы жазба ретінде де қарастыра аламыз.
  • Жалпы алғанда, адамзат баласының ең ұлы арманының бірі де осы қайырымды, идеал қоғам ғой. Дүниежүзіндегі барлық дерлік халықтардың фольклорында, әсіресе, ертегілері мен аңыздарында мәңгілік бақытқа кенелген ел мен жер суреттелетіні – санадағы осы аңсар күй, асқақ арманның сөзбен жасалған сұлу суреті екендігі анық.
  • Түркілік таным аясындағы қазақ әдебиетінде де осы сипаттағы аңыздар мен ертегілер, кейіпкерлердің шоғыры қомақты. Мәңгілік өлмейтін қалып күйді іздеп сар далада тентіреп мәңгіліктің күйін тартқан Қорқыт, жерінің түгі кілемдей, күн райы жыл бойына қоңыржай, жігіті мәңгі жиырма бесте, қызы мәңгілік он сегізде болатын, жастықтың қуаты сөнбей маздаған Жерұйықты желмаясына мініп алып желіп жүріп іздеген Асанқайғының арманы мен ілкідегі Әл-Фарабидің ізгі қоғам құру туралы ойлары – айналып келгенде сол баяғы адамзат қоғамының бақытты тұрмыс кешуі жолындағы ізденістер емес пе?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет