Қайырлы күн, құрметті ата-аналар!


Интернет желісі арқылы есірткінің таралуына қарсы шаралар



бет2/4
Дата25.03.2023
өлшемі26,24 Kb.
#76169
1   2   3   4
Интернет желісі арқылы есірткінің таралуына қарсы шаралар:
Интернет желісінде есірткіге қатысы бар мәмілелерді анықтау және қылмыскерлерді қадағалау үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен әзірленген «Кибер қадағалау» ақпараттық жүйесі енгізілді. Жүйе осындай интернет-ресурстарға сілтемелерді автоматты режимде бұғаттауға жібереді.
Өткен жылы есірткінің таратылуы туралы 1600-ден астам интернет-ресурс бұғатталса, биыл жыл басынан
440 интернет ресурс анықталды.
Тиісті электрондық сілтемелері бар 10 мыңнан астам граффити суреттері жойылды.
Есірткі сатушылар көбіне заңсыз айналымға адам тарту үшін интернет-ресурстарды пайдаланып, бос жұмыс орындарын ұсынып, хабарлама жасайды.
Осы ретте интернет желісінде тиісті қызметтер ұсынатын танымал провайдерлердың бірі «OLX Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірлесіп жұмыс жасау қолға алынды. Ынтымақтастықтың арқасында биыл курьерлік жұмыс ұсыныстары түріндегі есірткі «жасырып кетушіні» (закладчик) жалдау туралы 50-ден аса хабарландыру анықталып, жойылды.
«Telegram» серверінің қазақстандық әкімшісімен де аталған бағыттағы жұмыстар пысықталуда, онда есірткіні жасырын сатумен айналысатын 440 чат анықталды.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі ескерту жасап, азаматтарды қырағы болуға шақырады. Жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісінің, курьердің жұмысы туралы ұсыныстарды қабылдамауды ескертеді. Алайда, мұндай «жұмыс берушілер» бірден жұмыс заңды емес екенін айтады және жұмысқа жалданатындар жоғары жалақымен, қалаған уақытында тиімді бизнестен шығып кете аласыздар деп тартады.
Көп жағдайда, дәл осы «есірткі жасырып кетушілер» мен курьерлер полицияның қолына түсіп, сот үкімімен ұзақ жылдар бойы бас бостандығынан айырылып жатады.
Енді есіріткіні тұтыну салдарына келетін болсақ.
Балаңыздың есірткі қабылдайтын немесе қабылдамайтынын анықтау қиын, егер ол есірткіні бір рет ғана немесе мезгіл-мезгіл қолданған болса.
Есірткіге қатысты сәл ғана күдік туған болса, баламен ақылға салып байыппен сөйлескен жөн. Және де осы орайда нарколог дәрігерге жүгініңіз. Себебі, жасөспірімнің есірткіні немесе олардың синтетикалық аналогтарын шынымен қабылдағанын білудің ең оңтайлы әдісі маманның кеңесін алу.
Нашақорлық – ми жасушаларын өлтіріп, оның бұзулуына әкелетін ағзадағы ауыр өзгерістерді тудырады,
Оттегімен қанықтырудың болмауына байланысты есте сақтау қабілеті, зияткерлік қабілеті төмендейді, мұның бәрі галлюцинациямен бірге жүреді.
Сонымен қатар, есірткі бауырға, өкпеге, жүрек - қан тамыр жүйесіне зиянды әсер етеді, оны адам ағзасына таратады.


Бір рет тұтынудың өзі есірткі тәуелділігіне әкелуі мүмкін.


Отбасылық құндылық, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, спортпен шұғылдану балаға есірткіге қарсы тәрбие тұрғысынан үлкен әсер ететінін бәріміз түсінуіміз қажет. Осы бағытта бірге жұмыс жасайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет