04.05.2022 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар! Кез-келген ата-ана балаларының болашағына, олардың әртүрлі зиянды заттардың әсерлерінен келетін қауіпке бей-жай қарамау керек. Бүгін біз ата-ана ретінде жауапкершілік туралы сөйлесеміз.
Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды.
Біз бәріміз жұмыс бастымыз. Балалармен сөйлесуге, оларды не қызықтыратынын, қандай қиындықтарға тап болғанын не ойландырып жүргенін білуге уақытымыз жетпей жатады. Алайда, бұл өте маңызды. Өйткені, кейде баланың есірткіге тәуелді болып, оның тұзағына түсіп қалуы үшін көзден таса болған бір ғана сәт жеткілікті.
Нашақорлық мәселесіне мән берген әр ата-ананың әрекеті жасөспірімдер арасында есірткі тұтынуды едәуір төмендетуі мүмкін.
Бұл құқық қорғау органдары, нарколог дәрігерлер мен мұғалімдердің мәселесі ғана емес. Ата-аналар да жұмылу қажет. Сонда ғана бірлескен күш-жігерімізбен біз есірткі бизнесі мен нашақорлыққа тойтарыс бере аламыз. Өйткені бала үшін алдымен ата-ана жауапты.
Сондықтан Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіңіз керек. Бір сөзбен айтқанда балаңызды қараусыз қалдырмаңыз.
Назарларыңызға елдегі есірткі ахуалы мен оған қарсы жұмыстар туралы айтқым келеді.
Ішкі істер министрлігі нашақорлықтың алдын алу және есірткінің синтетикалық түрлерінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында тиісті шаралар кешенін қабылдап жатыр.
"Есірткі құралдары туралы..." ҚР Заңына 2019 жылы күшіне енген түзетулердің арқасында жаңа психобелсенді заттарды мемлекеттік бақылауға жедел қою тетігі заңнамалық түрде бекітілді. Сол сәттен бастап есірткінің Ұлттық тізімі барлығы
115 жаңа атаумен толықтырылды. Нәтижесінде, бүгінде белгілі есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтары мемлекеттік бақылауға алынды.
2020 жылы ақпараттық коммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Тиісті саралау белгісі өткізу (ҚК 297-б. 3-б.), есірткіні тұтынуға көндіру (ҚК 299-б. 2-Б.), оларды дайындауға арналған заттар мен құралдардың айналымы (ҚК 301-б. 2-б.) сияқты қылмыстардың құрамдарына енгізілді.
Есірткіні жарнамалау мен насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік (ҚК-нің 299-1-бабы) енгізілді, оған есірткі сайттарының электрондық мекен-жайлары бар «граффити» таратушылар және тиісті ақпаратты орналастырумен байланысты өзге де әрекеттер жатады.
2025 жылы «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде (ҚРҮҚ 12.10.2021 ж. №725) Денсаулық сақтау министрлігі Алкоголь және есірткі бойынша еуропалық мектептегі зерттеу жобасының әдіснамасы бойынша жастар арасында психобелсенді заттарды қолдануға қатысты зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Зерттеу нәтижелері бойынша жастарды тәуелділікке тарту тәуекелдерінің алдын алу және диагностикалау бағдарламалары әзірленіп енгізілетін болады.