Практикалық тәжірибеде өмірдің мәнін түйсінудің маңызды аспектілері: философиялық талдау.
Білікті маман, зерделі азамат болып өсіп шығуға, ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып-үйрену өте қажет. Онсыз мынау күрделі, сансалалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену — іске творчестволықпен қараудың, ойлана-толғана білудің, түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісті кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі. Бұған бүкіл адамзаттың жүріп өткен тарихи жолы куә.
Философия — бүкіл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иеленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде, мифологиялық — діни түсініктермен күрес барысында қалыптасты, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Грек тілінен аударғанда «философия» ұғымы «данышпандыққа құштарлық» деген мағына беретіндігі де тегін емес. Философияның басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады, оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын зерттейді. Яғни, ол — дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниетаныммен байланысын, арақатынасын қарастырып көрелік.
Қоғамды зерттеу тек философия үшін ғана емес сонымен бірге басқа да қоғамдық ғылымдар үшін күрделі мәселе болып табылады. Қоғам мағыналы ұғым болып табылады. Философия қоғамды біртұтас, яғни адам болмысының әлеуметтік тәсілі, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесуінің жемісі, адам шығармашылығының нәтижесі ретінде қарастырады. Философия үшін қоғамды қызмет арқылы, яғни әлеуметтік тұрғыдан қарастыру өте маңызды.
Қоғамға деген көзқарастардың тарихи эволюциясы натурализм, идеализм, материализм деген сияқты теориялық үлгілерде көрініс береді. Қоғам мәнін дұрыс түсіну үшін “материалдық”, “руханилық”, “практикалық” ұғымдарының ара қатынасы ең маңызды болып табылады. Қоғамдық дамудың негізінде қоғамның жүйелілігін құрайтын қоғамдық қатынастар жатыр, өйткені мұнда қызметтің экономикалық, саяси және т.б. формалары көрініс береді.
Қоғамның дамуы революциялық немесе эволюциялық сипатқа ие. Философия қоғамның дамуын әлемдік тарихтың бірлігімен алуан түрлі принципі арқылы қаратырады, өйткені мұнда жалпылық пен жекеліктің бір-бірімен өзара байланысының жалпы диалектикалық заңы көрініс береді. Қоғамдық дамудың басты мәселесіне қоғамдық прогресс (лат.: алға басу) ұғымы мен оның өлшемдері жатады.
Қоғам дамитын жүйе ретінде өзі-өзінің қозғаушысы болады. тарихи үрдістің субъектісі және қозғаушы күші әр түрлі философиялық бағыттарда қоғамды рухани және материалдық тұрғыдан негіздеуде көрініс береді. Қоғам дегеніміз – мүдделері, құндылықтары және мақсаттары әр түрлі болған адамдар қауымдастығы мен әр түрлі әлеуметтік топтардың жиынтығы. Осыған орый тарихи үрдіс күрделі және ықтималды сипатқа ие. Сондықтан тарихтағы жекелеген тұлғалардың, сонымен бірге әлеуметтік топтардың ролін зерттеу өте маңызды. Осы диалектиканың арқасында тарихи үрдіс стихиялық пен саналылықтың бірлігінде жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |