Байланысты: Жобалау технологиясын физика сабағында қолдану тақырыбындағы баяндама
Атырау облысы Жылыой ауданы
Құлсары қаласы №7 Е.Халықов
атындағы жалпы орта білім беретін
мектептің физика пәні мұғалімі
Аймаганбетова Бакытгуль Амангалиевна
Баяндама Тақырыбы: «Жобалап оқыту технологиясын физика сабағында қолдану әдістері»
«Баланы өз күшіне сендіріп оқыту керек» Мағжан Жұмабаев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, қазіргі заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу,интернет,электрондық пошта,телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшеліктері – оқушыға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауға және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.
Осыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім мен білік дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын,ойлауын,қиялын,сезімдерін яғни жан-жақты, азат,шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дəстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп , дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21ғасырда əлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрылым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жəне жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екен бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология əлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда "cooperative learning" - бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім. Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог жəне педагог,философ.Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик.
Кеңес үкіметі кезіндегі мектептердегі жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ -та, Канадада, Англияда, Австралия жəне Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Европанын да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Əрине, уақыт өткен сайын бұл технологияда бірқатар өзгерістерге ұшырап отырады. Еркін тəрбиелеу ойынан туындаған жобалау əдістемесі біртіндеп "тəртіпке бағынып" , білім беру əдістемесі құрамына табыс пен еніп отыр.
Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек-оқушының білім алуға жəне сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін қзі көрсете білуге бейімдеу Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі - көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясы негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Жоба жұмысы кезеңдері.
Жұмыстың мазмұны.
Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері.
Оқушылардың іс - əрекеттері.
1. Дайындық кезеңі «Жоба тақырыбын анықтау»
Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Əр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.
2. Жоспарлау. Топқа бөлу.
Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобасы бойынша күнделігін тексереді. Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық" тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.
3. Зерттеу жұмысы.
Ақпарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары:сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Оқушы күнделігін бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке - жеке сөйлесу , талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке жəне жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценарий жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру. Білімін əр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады,шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.
4. Нəтижені талқылау.
Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудиовидо техниканы жабдықтайды. Топ арасындағы əркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны бірге шешуге дайындалады.
5. Жұмыстың тұсау-кесері.
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.
6. Бағалау жəне жоспарлау.
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымда талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс жоспарын құрады.