Айналмалы қозғалыс (Движение вращательное) — центрлері бір түзудің бойында жататын, барлық нүктелері шеңберлер сызатын дененің қозғалысы.
Айналмалы қозғалыс - денемен қатты байланысқан екі (ось маңайында айналдырған кезде) немесе бір (нүкте маңайында айналған кезде) нүктесі қозғалмайтын болып қалатын қатты дененің қозғалысы.[2] Аксоид - кеңістікте қозғалмайтын нүктенің маңайында айналатын дененің мезеттік айналу осімен сипатталатын бет.