Айнымалы электр тоғының кернеуін жоғарлатуға немесе төмендетуге арналған құрылғыны трансформатор



бет1/2
Дата16.01.2023
өлшемі254,11 Kb.
#61444
  1   2

Күштік трансформаторлар (Автотрансформаторлар)

Айнымалы электр тоғының кернеуін жоғарлатуға немесе төмендетуге арналған құрылғыны трансформатор (автотрансформаторлар) деп атайды. (4.13-сурет).


Трансформатордың құралымы мен қызметі электромагниттік индукция құбылысына негізделген.
М. Фарадейдің зерттеуі бойынша, магниттік сызықтарды қиып өтетін өткізгішке электр тоғының пайда болу құбылысы электромагниттік индукция деп ал, пайда болатын ток индукциялық ток деп аталады. Міне осы электромагниттік индукция құбылысына негізделіп жұмыс істейтін ең бірінші трансформаторды орыс ғалымы П.Н. Яблочков ойлап тапты. 4.14-суретте трансформаторлардың жұмысының ұстанымдық сұлбасы көрсетілген.

4.13-сурет. Электр тізбегінің кернеуін жоғарылатуға немесе төмендетуге арналған
трансформаторларды іске қосудың қарапайым сұлбасы
Темірден (болаттан) жасалған өзекке екі орама (W1, W2) орайды. Ол ораманың біреуі (W1) электр генераторымен (немесе электр энергия көзімен), ал екіншісі (W2) электр энергияны тұтынушыларға қосылады. Электр тоғы бірінші орамадан (W1) өткенде, темір өзекте айнымалы магнит өрісі пайда болады.
Осы айнымалы магнит өрісі екінші ораманы да қиып өтеді. (4.14-суретте стрелкамен көрсетілген).
Нəтижесінде екінші орамада электр қозғаушы күш пайда болады. (ЭҚК-Е2). Ал, егерде осы екінші ораманы (W2) тұтынушылармен (Z) қоссақ, онда бұл тұйық тізбектен электр тоғы жүреді (4.14-суретте электр тоғының бағыты стрелкамен көрсетілген).
Егер трансформатордың темір өзегі болмаса да оның жұмыс істеу принципі электромагниттік құбылысқа негізделген.
Бірінші орамада пайда болған электр қозғаушы күш - өзіндік индукция ЭҚК-і (Е1), ал екінші орамадағы - өзара индукция ЭҚК-і (Е2) деп аталады.
Трансформатор орамаларының орама санымен жəне электр қозғаушы күші арасындағы байланыс мына формуламен анықталады:

мұндағы, E1 – бірінші орамадағы ЭҚК;
E2 – екінші орамадағы ЭҚК;
1 U бірінші орамадағы кернеу
2 W – екінші ораманың орам саны;
Егер екінші ораманың кернеуі бірінші орамадағы кернеуден артық болса, онда мұндай трансформаторды жоғарлатқыш трансформатор деп атайды. (4.13-сурет, Т1). Ал егер екінші ораманың кернеуі бірінші орамадағы кернеуден кем болса, онда мұндай трансформаторларды төмендеткіш трансформаторлар деп атайды. (4.13-сурет, Т2, Т3, Т4). Автотрансформаторлар да дəл осындай принциппен жұмыс істейді. Бірақ та автотрансформаторлардың өзінің ерекшеліктері бар.
Трансформаторлардың (автотрансформаторлардың) негізгі параметрлері мыналар: номиналь қуаты; орамалардың номиналь кернеуі; номиналдық ток; қысқа тұйықталу кернеуі; орамаларды қосу түрі жəне сұлбасы.
Іс жүзінде трансформаторлардың бірнеше түрі бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығын білу үшін шартты белгілер қолданады.
Мысалы: ТРДН-80000-110-86-УI. Бұл былай оқылады: үш фазалы трансформатор (Т), төменгі кернеулі орамасы екіге бөлінген (Р), салқындату үшін Д жүйесін қолданады (Д), орамадағы кернеуді жұмыс істеп тұрғанда реттеуге болады (Н), номиналдық қуаты (80000 кВт), номиналдық кернеуі 110 кВ, зауыттан 1986 жылы шығарылған, қоңыржай ауа райына жұмыс істеуге ыңғайланған (У); ашық ауада орналастырылады (1 категория_______).
Сөйтіп, əрбір трансформаторлардың жоғарыда көрсетілгендей өзінің шартты белгісі жəне сипаттамасы бар.
Сонымен, трансформаторлардың зауыт паспортында көрсетілген белгілері
мынаны баяндайды:
– бірінші əріп – бір фазалы (0) немесе үш фазалы (Т);
– екінші əріп – төменгі кернеулі орамасы екіге бөлінген (Р);
– үшінші əріп – салқындату əдісі (С, М,Д,ДЦ);
– төртінші əріп – трансформатор жұмыс істеп тұрғанда оның кернеуінің
деңгейін реттеуге болады (Н);
Əріптерден кейін сандар басталады:
– трансформатордың қуаты;
бірінші ораманың кернеуі;
– шығарылған жылы;
– қандай ауа райында жұмыс істеуге болатындығы;
– қондырылатын орны (үйдің ішінде немесе ашық ауада).
Трансформаторларды салқындату жүйесі өте маңызды да жəне қиын мəселенің бірі. Трансформатордың салқындату жүйесі мынадай:
Табиғи ауамен салқындату (естественное воздушное охлаждение). Салқындатудың мұндай əдісі мынандай əріптермен белгіленеді: С;СЗ;СГ. Бұл тəсіл кернеуі 15 кВ, қуаты 1600 кВт дейінгі трансформаторларда қолданады.
Желдеткіш арқылы маймен салқындату жəне майдың табиғи айналма жүрісін пайдалану (масляное охлаждение с дутьем и естественной циркуляцией масла).
Белгісі – Д. Бұл тəсілді қуаты 63000 кВА жəне одан да жоғары трансформаторларда қолданады.
Желдеткіш арқылы маймен салқындату жəне майдың күшпен айналма жүрісін пайдалану (орысша – масляное охлаждение с дутьем и принудительной циркуляцией масла). Белгісі – Д. Бұл тəсілді қуаты 63000 кВА жəне одан да жоғары трансформаторларда қолданады.

Тағы бір маңызды мəселе, ол трансформаторлардың кернеуін жұмыс процесінде


реттеуге болады. Кернеуді реттеу тəртібі мына формуламен анықталады:



Сөйтіп, бұл формулада екінші ораманың ( 2 W ) кернеуін ( 2 U ) өзгерту қажеттілігі
көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет