Айнымалы ток активті кедергі. сыйымдылық кедергі

бет1/5
Дата30.01.2023
өлшемі1,47 Mb.
#63640
  1   2   3   4   5
Байланысты:
11d

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Дәріс 11. Айнымалы ток
2021 жыл
Электр және магнетизм
Физ.-мат.ғ.к.ғ доцент Кушеккалиев А.Н.
Жоспары:
  • Айнымалы ток.
  • активті кедергі. сыйымдылық кедергі.
  • Ом заңы.
  • Айнымалы ток тізбегіндегі қуат.
  • Айнымалы ток генераторы.
  • Трансформатор.

Айнымалы ток.

Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі.

Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі.Айнымалы ток тізбегіндегі сыйымдылық кедергі.

Резистор мен жалғағыш сымдардан тұратын қарапайым тізбектің қысқыштарындағы кернеу заңымен өзегереді.

R кедергіні актив кедергі деп атайды.

Ток күші мен кернеу тербелістерінің графиктері:

Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (1-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік — 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, медицинада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі айнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде айнымалы токты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады.

1-сурет. Периодты і(т) айнымалы токтың графигі
Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет