Қайта өрлеу дәуірі жалпы антикалық мәдениетпен, антикалық философия бөліміне қызығушылықтың өсуімен негізделеді. Ол өз бастауын тарихи кезеңнің аталуынан алды. Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді: ежелгі (ХІV-ХV ғғ.), орта (ХVІ ғ.), кейінгі (ХVІІ ғ.). Қайта өрлеу философиясы Италиядан басталды, таңқаларлықтай емес, өйткені осы территорияда қызығушылық тудырған антикалық философия гүлдене бастаған, содан кейін ғана солтүстікке, батысқа және шығысқа жылжый бастаған. Қайта өрлеу дәуірі орта ғасырлық философия аяқталуы мен Жаңа заман философиясының басталуы кезеңінде пайда болды. Сол себепті де ол өтпелі болып келеді, ал бұл өз кезегінде оның мазмұнына өз әсерін тигізді. Қайта өрлеу дәуірінің философиясы өз кезегінде пайда болу кезеңіндегі философия тағдырын қайталады десекте болады. Мұнда философия мифологиялық ойдан арылып, философияны мәдениеттің жаңа саласы ретінде құрды, ендігі философия діни түсініктерден бөлек мәдениеттің жеке жаңа саласы болып келеді. Бірақ ойлау қайтадан философияға оралды. Қайта өрлеу дәуірінің философиясының мұндай екі мінезділігі, оның екі түрлі сапасымен түсіндіріледі: абсолюті шындықты анықтауға бағытталған бала сенімімен қатар, орта ғасырлық философия бағалауының скептицизмімен түсіндіріледі. Сократ философиялық әдісті ойлап тапты, Жаңа заман философиясы – ғылыми әдіс (негізін Аристотель құрған), және де ол жемістілігін көрсетті. Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның позитивті бағыттары адамның идивидуалдық, еркіндік және творчествалық потенциял мәселелеріне негізделген. Қайта өрлеу дәуірі — әлемдік мәдениет титандарының творчествалық уақыты: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Шекспир және тағы басқалары. Бұлардың өмірге әкелкен әйгілі шығармалары адам мүмкіндігінің шексіздігіне сенбей пайда болмас еді. Әлем орталығында адам орналасқан, сол себепті де антропоцентризм атауын иеленді.Қaйтa өрлey дәyiрiндeгi қaлыптaсқaн нeгiзгi филoсoфиялық бaғыттaр: пaнтeизм, нaтyрaфилoсoфия жәнe гyмaнизм. Қaйтa өрлey дәyiрi – филoсoфия тaрихындa мaңызды oрынғa иe бoлa oтырып, өндiрiстiк қaтынaстaрдың, сayдa-сaттықтық дaмyы, фeoдaлизмнiң құлдырayы, қaлaлaрдың өркeндeyi, шiркey бeдeлiнiң төмeндeyi, бiлiм дәрeжeсiнiң жoғaрлayы, ғылыми-тeхникaлық жaңaлықтaрдың aшылyы сияқты өзiндiк eрeкшeлiктeрiмeн құнды.