МЕНІҢ ҚҰРДАСТАРЫМ
Тілдік бағдар: ауыспалы келер шақтың болымды түрі
АЙТЫЛЫМ. Ақпаратты баяндау.
1.Қызығушылықты ояту.
Миға шабуыл: Құрдас деген кім? Өз ойларымен бөлісу.
Түсіндіру: Құрдас – бір жылы туған адамдар. Сонымен қатар, «бір жас – құрдас» деп те айтады. Кейде құрдас адамдардың туған жылы, айы, тіпті күні де сай келуі мүмкін. Бір айда туғандарды «түйдей құрдас» деп атайды. Кейде əзіл-қалжыңы жарасқан замандастар да құрдас атана береді.
Еске сақтайық: түйдей құрдас → фраз. ровня; родившийся в одно время (год в год, месяц в месяц) біз онымен құрдаспыз → мы с ним ровесники
2. Сөздерді қайталаңыз. Сөз тіркестері мен сөйлем құрастырыңыз.
Құрдас Мемлекет
Туған Тұрғын
Тұлға Тәуелсіздік
Жыл Жариялау
Күн Билік
Замандас Қызмет
Әзіл Басшы
3. Төмендегі үлгі бойынша «Менің құрдастарым» тақырыбында пікір білдіріңіз.
Менің ойымша,…..
|
Өйткені..….
|
Мысалы……
|
Дегенмен…….
|
Сондықтан……
|
Себебі.…….
|
ТЫҢДАЛЫМ.
«Алты жасар Алпамыс»
https://youtu.be/je_Ho9sen8w
Бейнежазбаны көрер алдындағы тапсырмалар:
1) «Алпамыс мектепке барады» немесе «Алты жасар Алпамыс» фильмін бала кезімізде сан мәрте тамашаладық. Бұл фильмді қай заманның баласы көрсе де жақсы әсер алады. Фильм Алпамыс пен Қалиханның адал достығын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: |