378
Қазақ өнерінің антологиясы
кейбір сөздер түзетілген, мәселен, «Мен бір жүрген шабылған», «Жоқ
қыдырып
мен жоқшы», «Айтысып көр, қазағым» дегенді «Мен бір жүйрік шабылған»,
«Жол қыдырып мен жоқшы», «Айтысып көр, қарағым» деп түзеткені
дұрыс деп
қабылданып, осы жолдар берілді. «Іздеп келген адам ғой» деп басталатын қарасөз
кейінгіде алынып қалған. Сондықтан антологияға толық мәтін ретінде 1965 ж. ба-
сылымнан (2-том, 138 – 144-б.) ұсынылды.
Сейдәлі, молда Бәйім, Ділдә. Айтыс 1838 ж. шамасында, Сейдәлінің Сыр бой-
ын мекен еткен кезінде болған. Айтыстың шығу тарихы: «Сейдәлінің жиырма екі
жасқа келген шамасы. Жаз, қымыз піскен мезгіл. Әлімнің жұрттан озған Қанатбай
деген байы болыпты. Елге ат шаптырып, ас беріп, той қылады. Сол елге Сейдәлі
жиен болғандықтан, тойға тіккен үш жүз үйдің ең қадірлісін таңдап, кіріп келсе,
сол елдің сардары, билері отыр екен. Көрісейін десе, ешкім оның сәлемін елемепті,
орын да бермепті. Сонда ол босағаға отыра кетіпті. Көп кешікпей, ет тартылып, екі
кісіге бір табақтан бергенде, жалғыз болып, еттен құр қалыпты. Қымыз келіп, бір-
бір кеседен ішіп және қайталап, қызып отырғанда, төрдегі Иманбайдың көзі сон-
да түсіп, танып: − Жиен, мерекеге қызмет көрсет, өлең айт, – дегеннен-ақ Сейдәлі
өлеңді қоя беріпті», – деп, баяндалады.
«Айтыс» жинағында 1965 ж.
жарияланған, 1988 ж.
басылымда біраз жолдар
қысқарған. Сондықтан антологияға алғашқы басылымнан (2-том, 1965, 145 – 163-
б.) алынды.
Достарыңызбен бөлісу: