383
Айтыс II том
зиярат етуге және Мәдина шаһарында тұратын төркіні Бәни Нәжжар әулетін көріп
қайту үшін сапарға алып шығады. Қайтарда ол кенеттен қатты науқастанып, көп
ұзамай, жолда көз жұмады. Жетім қалған баланы атасы Әбдімүтәліп бауырына ба-
сады. Бірақ ол арада екі жыл өткен соң дүниеден озады. Осыдан кейін пайғамбарды
(с.ғ.с.) сегіз жасында көкесі, әкесі Абдуллаһтың туған бауыры Әбутәліп бауырына
басқан.
Бәйдібек – Жетісудағы Сарыүйсін, Ошақты, Шапырашты, Ысты, Албан, Суан,
Дулаттың бабалары. Үйсіннен – Ақсақал (Абақ), одан – Қараша би, одан Бәйдібек
тарайды.
Бәйтік – қырғыз манабы.
Бәтіш – М.Әуезовтің «Түнгі сарын» пьесасындағы Жүзтайлақтың прототипі,
яғни шығармаға негіз етіп алынған. Онда Бәтіштің калыңмалына жүз
ақ тайлақ
берілген делінеді (филол.ғ.д., профессор Тұрсын Жұртбайдың анықтауынша).
Бекет Мырзағұлұлы (1750, Маңғыстау – 1813, сонда, Оғыланды) – батыр,
әулие,
ағартушы, сәулетші. Көпшілік
Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
Ғайса, Иса (б.з. 30 ж. шамасы.) – Құран Кәрімде
оның Мәриямның баласы
екені, оған Інжіл берілгені және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың келетіні туралы
хабар айтқаны және Алланың құлы екені айқын айтылған. Құран Кәрімде ең үлкен
бес пайғамбардың бірі ретінде он бес сүренің тоқсан үш аятында Исаның есімі не-
месе сипаты аталған.
Достарыңызбен бөлісу: