166
Қазақ өнерінің антологиясы
Өзімен бірдей болса сүйген жары.
Талжібек той иесі жиенім кеп,
Шақырып
мені алдырған, жездем, бәрі.
Осылай менің жайым, сіз айттыңыз,
Танысып, білісейік сізбен-дағы.
Иманжан:
Бибіхан,
бердің бізге жауап толық,
Басың бос, саяхатта, халық танып.
Жылқайдар – әкем аты, мен – Иманжан,
Талпынған арманыма қанат қағып.
Келдіңіз
бұл жиынға не жайменен,
Жүрсіз бе елді шолып, жерді шолып?
Бұл маңға сіз келгелі көп күн бопты,
Таныстым, жүзіңізді енді көріп.
Бибіғали қыз:
Ау, құрбым, жаңа білдім атыңды анық,
Жүруші ем көрмесем де, сырттан танып.
Талжібек
айттым мана жиенім деп,
Танысып, ертіп келді өзі барып.
Сізде де серік бар деп естіп едім,
Құрбыжан, жүрсіз бе, алмай серік тауып?
Иманжан:
Жасымнан өлең айтып,
жыр зерледім,
Әр жерде сіздей қызбен бір жүргенмін.
Ат арытып, тон тоздырып іздемей-ақ,
Сүйсе қыз, іздеп, келер деп жүргенмін.
Достарыңызбен бөлісу: