Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том ҚАДЫРБАЙ МЕН БАЙТОҚ



Pdf көрінісі
бет128/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181
Айтыс II том
ҚАДЫРБАЙ МЕН БАЙТОҚ
Бір күні Жәңгір хан билер алдында отырғанда сыртта Байтоқ 
ақын келіп, түсіп жатыр дейді. Мәжілісте ханмен бірге Қадырбай 
ақын бар екен. Хан Қадырбайға: «Байтоқты есіктен кірмес бұрын 
бір ауыз сөзбен тоқтатшы», – дейді. Есіктен кіре берген Байтоққа 
Қадырбай:
Осы үйде үлкен-кіші толып отыр,
Шай менен қымыз ішіп, болып отыр.
Байтоқ ақын келгенмен, орын бермей,
Басыма дәулет құсы қонып отыр, –
дейді. Сонда Байтоқ тоқталмастан:
Біреуі бес намаздың бесінде тұр,
Әлгі бір айтқан сөзің есімде тұр.
Алақандай басыңның бәрі жылтыр,
Дәулет құсы таз баста несіне отыр? – 
дегенде, отырған халық шулап, ақынға орын беріпті.
ҚАРАІШІК ПЕН ҚУБАЛА 
Қубала:
Осы жерге біздер келдік той бар-ау деп,
Күреңді бос жібердік ойнар-ау деп.
Бұ тойдан соң қалсам да, үмітім бар,
Жолдықты бізге деген қояр-ау деп.
Алдында есігімнің сыдырым тал,
Қабығын сыдырып жейді қой деген мал.
Біздерді көп сөйлетіп, не қыласың?
Әкел де, жолдығымды алдыма сал.
Қараішік:
Алдында есігімнің сыдырым тал,
Қабығын сыдырып жей ме қой деген мал?
Тоқ бала біздің елде толып жатыр,
Әй, бала, жолдығыңды айтысып ал.


326
Қазақ өнерінің антологиясы
Қубала:_Кім_еді_айтып_желсөз_өңмеңдеген,_Алладан_келмей_бұйрық_өлмен_деген._Кешегі_ел_қыдырған_есер_күнде_Қыз_бар_ма_Байбақтыда_мен_көрмеген_Қараішік'>Қубала:
Кім еді айтып желсөз өңмеңдеген,
Алладан келмей бұйрық өлмен деген.
Кешегі ел қыдырған есер күнде
Қыз бар ма Байбақтыда мен көрмеген?
Қараішік:
Сен едің азбан Тана, азған Тана,
Жығылсын атың жүрмей сазға жана.
Еш нәрсе өз еліңнен таппай келіп,
Құдықты біздің елден қазған тана.
Қубала:
Мен едім азбан Тана, азған Тана,
Жығылсын атым жүрмей, сазға жана.
Қараішік, келген жерден құдықты айттың,
Немене құдық деген, Құдай тоба!
Қараішік:
Тезегін таза көлдің термеймісің,
Жүгіртіп, ат құйрығын өрмеймісің?
Болмасаң, есің кеткен есер Тана,
Құдықты мал суарған көрмеймісің?
Қубала:
Қараішік қызығарсың қылығыма,
Келтірме бұндай сөзді бұлығыма.
Жолаушы, атым шөлдеп келе жатса,
Салайын тері қауға құдығыңа.
Қараішік:
Қубала, қызығарсың қылығыма,
Келтірме бұндай сөзді бұлығыма.
Жолаушы, атың шөлдеп келе жатса,
Қояйын астау құрып құдығыма.
Қубала:
Өлеңге сен де жетік, мен де жетік,
Айтсайшы жетік болсаң, мендей етіп,


327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет