149
Айтыс II том
Көресің әулиенің кереметін,
Табаның бұл жалғаннан кетсе тайып.
Құдайды – бір,
пайғамбарды хақ білмейтін,
Тұқымын не қылады мұның жайып?
Әкімгерей:
Ешкімнен тоқталмаған Әкімгерей,
Түзелмес жігіт адам зәкүн көрмей.
Қаңғырып, Қазалы өтіп келдің неғып,
Бар болса, әулиенің нәпін көрмей.
Сөйлейсің кімге тиісіп үстем-үстем,
Қонысың осы арада жақын жердей.
Қызыл жыршы:
Сырттан сол әулие оңдайтұғын,
Пендесі Құдай сүйген тоймайтұғын
Иланбай
әулиенің барлығына,
Неме екенсің соры бар қайнайтұғын.
Білмесең Қожа Ахмет Иассауиді,
Неме екенсің тұқымын жаймайтұғын.
Құдайы – екі соғым бердің жәдігөйсіп,
Қоянсың орда өстіп жан сақтайтын.
Әкімгерей:
Еліңде байың бар ма Шәді молдамдай,
Бола ма тәуір жігіт Байқадамдай?
Қобдада
Әбіш деген бір бай жатыр,
Жылқысын көптігінен қайтара алмай.
Келгелі біздің елге үш жыл болды,
Болыпсың сырын алып байқағандай.
Қызыл жыршы:
Мақтарлық Әбіш байың кісі ме еді,
Бар ма деп оның несін ісінеді.
Еліңнің айтулысы Әбіш болса,
Сенің де сәл-ақ болды күшің енді.
Тыңдасаң,
құлақ салып, Әкімгерей,
Ақшалы отыр .................... мына кедей.
150
Қазақ өнерінің антологиясы
Төрт адам кешқұрымда барып едік,
Үйіне
қонақ қылып, түсірмеді.
Күн суық, ұйқы-тұйқы боран боп тұр,
Сәл кідірсек, тұрмыз енді үсігелі.
Мақтама малы бар деп Әбішіңді,
Айтпасаң, қайыры бар кісілерді.
Достарыңызбен бөлісу: