Айтыс II том «КҮлтегін»


Айтыс II том САУЫТБЕК ПЕН МАЙСА



Pdf көрінісі
бет70/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   181
Айтыс II том
САУЫТБЕК ПЕН МАЙСА
Сауытбек:
Келіп ем, Майса, сізге амандаса,
Қалмайды тойдан Күнту хабарланса. 
Жігіттің бағы ашылар деген екен,
Танысып, ағайынды араласа.
Майса:
Келгенің жақсы бопты нәсіп ауып,
Сәмбетті іздеп келдің қайдан тауып?
Сарқымастан шықпайтын кедей Күнту,
Келіпсің бір-бір сайман жалта шауып.
Сауытбек:
Аман ба, ақын Майса, елдегіңіз,
Тамаша ойын-сауық ермегіңіз.
Хантауын жайлап жатқан сұлу бар деп,
Ізденіп, айтысуға келгеніміз...
Майса:
Хантауын мен бір ерке жайлап жатқан,
Бауырында жаздай бие байлап жатқан.
Айтысуға келгеннің аузын буып,
Үйіңе аман бар деп айдап жатқан.
Сауытбек:
Хантауы біздің ауыл бауырында,
Арнайы іздеп келдім ауылыңа.
Бес, он ауыз айтысқанда сұлу қыздың
Талайын тартушы едім бауырыма.
Майса:
Қай жақтан айтысам деп келдің жортып?
Кетесің бай ұлындай толқып-толқып.
Бойың қысқа, көруге түсің солғын,
Жеңер деп сескенбеймін сенен қорқып.
Сауытбек:
Оншалық қортық емес, аласамыз,
Бәйгеге бай ұлындай таласамыз.


188
Қазақ өнерінің антологиясы
Әнім зор, өлеңім мол, өнерім көп,
Зор байлық – өлең, сауық, тамашамыз.
Майса:
Бойыма біткен өлең айтсам, дайын,
Саған мен байлық айтып неғылайын.
Сауытбек, шіренесің неменеге,
Келіпсің сұрап мініп тайдың майын.
Сауытбек:
Келгенім рас, Майса, тайды мініп,
Отырсың сұрамастан жайды біліп.
Айтыссам, сұлу қызбен таңдамалы,
Талайы беттен сүйген қайырылып.
Майса:
Көктемде сиыр қашар оқырадан,
Ауылым күнде жиын топырлаған.
Ақын деген мақтан ғой, әнге кедей,
Бәріміз ақын қызбыз, соқыр адам.
Сауытбек:
Тұрмысың бүгін көріп Сауытбекті,
Бір көзім бір көзіме ауып кетті.
Атақты Балта атаның тентек қызы
Бетімнен оңдырмай-ақ қауып кетті.
Майса:
Өлеңші келіп-қайтқан талай-талай,
Артына қашып кеткен бір қарамай.
Атаңызды мына жұрт Абыз дейді,
Ұқсаттың адамзатты итке қалай?!
Сауытбек:
Сен менің неғып едің бір көзімді,
Мен сенің ұнатпадым мінезіңді.
Екі жас дос болуы қиын емес,
Ұстасаң от боп тұрған білегімді.
Майса:
Сауытбек, есте бар ма, түнеу күнгі,
Кетіп ең көрместей боп бұл өңірді.


189


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет