106
Қазақ өнерінің антологиясы
Ауылға сүгір
жырау келгендей-ақ,
мэлсті мейірлене тыңдаңыздар.
махаббаты еліне махамбеттей,
исатайдан аумайтын тұлғаңыз бар.
Қобыланды батырдай қайсарлығы,
Қабыландай қайратты сұлбаңыз бар.
сырым
батыр секілді шешендігің,
сөзіңде содан жеткен сырлы аңыз бар.
Бастайық қан майданды дегендейін,
Қасқайып отырыста бір маңыз бар.
Қашаған, Ақтан, нұрым, Абылдардың,
тілінен туған таза тұнбаңыз бар.
Ағайын
пір Бекеттің ұрпағы еді,
сөзімді күпірлікке бұрмаңыздар.
мэлстей ақыныңды мен мақтайын,
Шын болмаса шапалақты ұрмаңыздар.
мен – інісі болғанда, мэлс – ағай,
екі ағайын отырмыз соғыса алмай.
Ауласқаным
көңілде дұрыс шығар,
Жауласқанмен келмейді жеңіс оңай.
Ағасы – Ай, інісі – үркер болса,
торқалы тойда мына тоғысар-ай.
Балалар ар жолынан таймасын деп,
Бабалар қылған істің жөні солай.
Пай, біздің қазақтағы махандар-ай!
сатқындықтан үзілген сапарлары-ай.
махамбеттің алса да басын кесіп,
тілін кесіп тастауға бата алмады-ай.
мағжанды
жау деп атып тастағандар,
сиқырлы сөзін бірақ ата алмады-ай.
сендерге теңеу таппай сенделемін,
туған тілім болса да мақалға бай.
маңдайға симай кеткен, махаңдар-ай,
рухына тағзым етпей жатам қалай?
Киелі
ақындық пен батырлықтың
Көтерген шаңырағын бақандар-ай!
Мэлс:
Балғынбек, жырларыңды төге бердің,
Көрейік мықтылығын өр өлеңнің.
107
Айтыс VI том
Қарындасым шай құюға келе жатыр,
Бұл деген кеңеюі керегеңнің.
домбыраңның
құлағын бұрай берме,
Айқаспасаң айтысқа неге келдің?
Достарыңызбен бөлісу: