68
Қазақ өнерінің антологиясы
Қазму-да ғалым болсаң тіпті жақсы,
Құрығанда көйлегің көк болады.
Айып па
алты жерден айлық алсаң,
Қонышыңнан баса алсаң дөп болады.
Қазағым «бейнет түбі – зейнет» деген,
Қартайғанда пенсияң көп болады.
Шамданбаңыз, әзілмен шымшып та алсам,
Қадалып қаларым бар бір сұқтансам.
өзіңізге жұп болып шыққаннан соң,
Жүндей иір ініңді ұршық болсаң.
Әрине, артық кетсем кешірерсіз,
Жарамас жақсы өлеңді іркіп қалсам.
Бесті
тістер құнан да ауырмайды,
Жарасар ұрсып та алсаң, сілкіп те алсаң.
елмен бірге сүйініп отырармын,
Бұлтты жарып, биік ұш бүркіт болсаң.
Хақ жолын жаратқанның сүйіп жүрмін,
мұхажан, пенделіктен биік жүргін.
өткенде орал барып театрда,
Шариғат жайында бір жиын қылдың.
Астанада музАкадемияда,
зікір салған жастарға тыйым қылдың.
игілікті іс
қылып ел аралап,
Әрине, жалпақ елді сүйіндірдің.
Бірақ та Қожа Ахмет бабамыздың,
Жолын жоққа шығарып қиын қылдың.
оның дұрыс ел аруаққа табынбасын,
Баршаны бір Аллаға сыйындырғын.
сенен де артық білетін діндарлар бар,
неге сонша асығыс түйін қылдың?
дәл
сондай сен шалағай шешімдермен,
мұхаметжан біздерді күйіндірдің.
Шариғаттың шығармай шып-шырғасын,
демейсің азаматтар тік тұрмасын.
дінтанушы көбейіп ел ішінде,
молдалық пен мамандықты жұп қылғасын.
69
Айтыс VI том
исламды танытпақ боп тапырақтап,
Баспаңдар
әтеш айқай, қытқылға шын.
Әркім өз беттерінше әңгіме айтып,
ұлтымның уақытын ұттырмасын.
Қазақты қай ұшпаққа шығарады,
сәлдемен сәндегендер сырт тұлғасын?
исламды қырық түрлі уағыздап,
Қатырып қойдыңдар ғой жұрттың басын.
Достарыңызбен бөлісу: