54
Қазақ өнерінің антологиясы
Қолтығынан көтерiп арғымаққа,
Арулар аттандырып салады екен.
Аруақты ердiң тойында айтыс болса,
Ақындарға көңiлiң алабөтен.
өйткенi, мұның бәрiн заңдылықпен,
саралаған қазағым саналы екен.
Жауды жеңiп келгенде хас батырды,
Ақын аттан түсiрiп алады екен.
Байқасаң айтыс деген бас киiмдей,
Басыңда тұратұғын бақ түйiндей.
Балпаң-балпаң баса бер Баян аға,
Жаратқан жанарыңда жасты үйiрмей.
Iнiңе iрiлiкпен сөз арнасаң,
ол дағы адал жүрек ақ сыйың ғой.
мен дағы қолдауымды көрсетемiн,
намысты наурызбайдың жас күнiндей.
Шұрайлы сөз айта алсаң ел риза,
Құдайдың Құранының тәпсiрiндей.
Алашты тағы да бiр сүйсiндiрдiң,
Арқадағы ақындардың дәстүрiндей.
өйткенi, Көкшетаудың қыраны едiң,
Қоймайтын қоян түгiл қасқыр iлмей.
Бұйырса бәйгеңде озып, жүлдеңдi алдым,
Бекiтем ынтымақпен iргемдi әр күн.
Базаршылап жүрсiң бе деп айтасың,
өмiрiмдi өз бетiмше сүрген жанмын.
Апиын, нашаңызда шатағым жоқ,
Ағызам майын мен де тiлден балдың.
домбырамды қолыма ап ел алдында,
өлеңнен бақыт тауып жүрген жанмын.
Достарыңызбен бөлісу: