71
Айтыс VI том
Ата діннен ақиқат тапсақ ғана,
өзге жұртпен терезең теңеседі.
Құдайдың жолыменен жүрсе ғана,
Халықтың айдарынан жел еседі.
Барлығын көрсетіп тұр тарих тарлан,
Қазақтар Құдай деген халық болған.
иманы күшті кезде ер бабалар,
осынау ен даланы алып қалған.
өйткені, иман барда ынтымақ бар,
екені тәжірибеде анықталған.
иманы әлсіз кезде талай жерлер,
ресей мен өзбекте қалып қалған.
Берекесін беретін Алла ғана,
Байлығың болғанменен ағып-тамған.
Алланың әміріне қарсы шықпа,
Жақсылық күтер болсаң жарық таңнан.
Достарыңызбен бөлісу: