29
Айтыс VI том
Біз едік айтыстағы арда құнан,
тілекші жұрт қолдаған жан-жағынан.
Кезінде төрде отырған төре, билер,
Ақынды ада қылған бар бағынан.
Қасымға пәтер бермей қаңғытыпты,
Бірақ, ол түңілмеген шаңырағынан.
Ал бүгін заман түзу, халық тыныш,
Шұғыла арай күткен таңдарынан.
Бүгінгі Қасымдарда арман бар ма,
тұрғанда мырзекеңдей саңлақ ұран.
Атымтай жомарт сынды сахилықпен,
мәрттіктің мәнін ұқтым талғамынан.
Астанада өнер мен мәдениет
мырзекеңнің бал емді бармағынан.
Біздің де басымызға пана берді,
сөзімнің сырын ұғып салмағынан.
Алайда, бұл бақытқа қуанғанмен,
ұялып жүрмін Қасым әруағынан.
тағдырдың татты кімдер тұнық дәмін,
Білеміз аш қасқырдай ұлытқанын.
Қанша жерден тақуа болсаң-дағы,
Қазақтың сақтағайсың ғұрыптарын.
Жасың үлкен болса да, жолың кіші,
мұқажан сөйлесеңші біліп бәрін.
інім деп бұл Айбекті үндеу салмай,
Қайнағаң екенімді ұмытпағын.
Достарыңызбен бөлісу: