Айтыстағы шешендіктің қызметі Серия «Филология». №4(64)/2011



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата24.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#59382
1   2   3   4
Байланысты:
Филология 2011-4-39-45 (1)

Оседлаю коня, 
Коня быстрого, 
Я помчусь, полечу 
Легче сокола. 
Чрез поля, за моря, 
В дальнюю сторону — 
Догоню, ворочу 
Мою молодость! 
Бұл — орыс деревнясында туып-өсіп, тірлік кешкен орыстың қунақ қимылды, қутың мінезді 
шалына тəн арман-қиял. Өлең əуені де орыс «частушкаларына» келеді. 
М.Жұмабаев аудармасындағы қарт арманының бейнесі: 
Ерттеп мінсем бір жүйрік ұшқыр атты, 
Шапсам, ұшсам сұңқардай құстан қатты, 
Жалпақ дала, кең теңіз бəрін өтіп, 
Қуып жетіп, қайтарсам жастық шақты. 
 
Бұл — сайын сахарада туып-өсіп, қиялымен қиырды кешкен, арманымен аспанды кезген, көңілі 
жүйрік қазақ шалының аңсар сезімі. Осы іспеттес тəтті армандар қазақтың халық əндерінен молынан 
ұшырасып жататыны да мəлім. 
Үзіндіден байқалып тұрғандай, М.Жұмабаев аудармасында Кольцов өлеңіндегі «Жүйрік атты 
ерттеп мінсем, сұңқардай самғап ұшсам, даланы да, теңізді де кешіп өтіп, жастық шағымды қуып 
жетіп, кері қайтарсам!» деген қарт арманы түгелдей көрініс берген. 
Осы тұста айта кеткен жөн, М.Жұмабаев аудармасында Кольцов өлеңінің көркемдік мазмұны 
толық сақталған. Өзгешелік сол көркемдік мазмұнды жеткізу тəсілінен аңғарылады. Нақтылай 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


Мағжанның поэзиялық аудармалары 
Серия «Филология». № 4(64)/2011 
45 
айтқанда, Кольцов өлеңіндегі көркемдік мазмұн лирикалық кейіпкердің ішкі ой-сезімдерінің 
динамикасы (арманның өкінішке ұласуы) арқылы жеткізілсе, аудармадағы көркемдік мазмұн ішкі 
диалог үлгісінде беріледі. 
Жалпы алғанда, М.Жұмабаевтың А.В.Кольцовтан жасаған аудармасы қазақ əдебиетіндегі 
аударма тəжірибесі үшін де, аудармашылар үшін де назар аударуды қажетсінетін шығармашылық 
ізденіс болып табылары сөзсіз. 
М.Жұмабаевтың аудармалары мен түпнұсқалық мəтіндерді назарға ала отырып, қазақ ақынының 
аудармашылығы жайында ой түйіндер болсақ, Мағжан қаламынан туған аудармалардың қай-қайсы 
оның аудармашылық қабілетінің аса жоғары деңгейден табылатынын айғақтайды. Оған Мағжан ақын 
аударған шығармалардың түпнұсқасы мен аударма мəтіні арасында көркемдік мазмұн, бейнелілік, 
авторлық ой-идея тұрғысынан алшақтық яки ауытқушылық кездеспеуі айқын дəлел бола алады. 
Əдебиеттер тізімі 
1. Əдебиеттану. Терминдер сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1998. — 58-б. 
2. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. — Алматы: InnoPRESS, 2004. — 12, 13-б. 
3. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. — М.: Высш. шк., 1983. — С. 9. 
4. Львовская З.Д. Теоретические проблемы перевода: Монография. — М.: Высш. шк., 1985. — 232 с. 
5. Латышев Л.К. Перевод: проблемы теории, практики и методики преподавания. — М.: Просвещение, 1988. — 160 с. 
6. Бреус Е.В. Основы теории и практики перевода с русского языка на английский. — М.: УРАО, 2000. — 208 с. 
7. Лилова А. Введение в общую теорию перевода: Монография / Пер. с болг. Л.П.Лихачевой. — М.: Высш. шк., 1985. — 
С. 25–29. 
8. Əуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мəселелері // Көркем аударманың кейбір мəселелері: Мақалалар 
жин.). — Алматы: ҚМКƏБ, 1957. — 4, 5-б. 
9. Скатов Н.Н. Афанасий Афанасьевич Фет // История русской литературы ХІХ века. Вторая половина. — М.: 
Просвещение, 1991. — C. 199. 
ƏОЖ 821.512.122:82–311.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет