Айтыстағы шешендіктің қызметі
Серия «Филология». № 4(64)/2011
39
Бала-шаға жеп кеткен бір ақыңды,
Қу шал, соны қуып келдің бе, баяғыңды [6; 99], —
деп айтылады. Бұл қос шумақта да, бір тектілік пікір, ойдың бірлестігі жатқандығын анық байқауға
болады.
Əдебиеттер тізімі
1. Сүйіншіəлиев Х. ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы қазақ əдебиеті тарихы. — Алматы, Жазушы, 1983. — 11-б.
2. Жұмалиев Қ. Қазақ əдебиеті. — Алматы: ҚМКƏБ, 1950. — 117 б.
3. Қазақ əдебиеті тарихы. — 1-т. — 1-к. — Алматы: ҚМКƏБ, 1960. — 671 б.
4. Досмұхамедұлы Х. Аламан. — Алматы: Жазушы, 1991. — 26 б.
5. Ақындар жыры. — Алматы: Жазушы, 1963. — 187 б.
6. Қошқарбаев Ш. Ақ қайын. — Алматы: Жазушы, 1984. — 148 б.
7. Айтыс / Құраст. Ш. Ахметов, К. Сейдеханов. — Алматы: Жазушы, 1967. — 448 б.
8. Байтуов Ж. Шығармалары. — Балқаш, 1991. — 17-б.
9. Ақындар айтысы // Советтік Қарағанды. — № 72. — Қарағанды, 1944. — 235-б.
10. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. — Алматы: Ғылым, 1976. — 241 б.
ƏОЖ 82.091[894.342:882]
Мағжанның поэзиялық аудармалары
Бейсентай А.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
В данной статье рассматриваются творчество классика казахской поэзии — поэта Магжана
Жумабаева, грани его мастерства художественного перевода. Всесторонне раскрыты особенности
перевода поэзии, определено место поэта-переводчика в развитии литературы, показано его
художественное мастерство. Принимая во внимание тексты оригиналов и переводы М.Жумабаева,
автор определяет уровень переводческой деятельности поэта на основе текстовых сравнений.
This article describes many sided translations and masterpieces of Kazakh classic poetry Magzhan
Zhumabaev. His literary translations characterize his ability to rise the Kazakh poetry on the top of the world
poetry. Magzhan`s work’s elements and poetical translations are shown from different sides. The place of lit-
erary translations in the development of literature is identified. The article also describes the aims and objec-
tives of his translations. It is proved that his ability to translate literary works comparing them with original is
on high level. There are also comparisons of texts and secularities of his translations.
Көптеген жылдар бойына жекелеген мақалалар көлемінде түрлі қырынан сөз болып келген
əдеби-көркем аударма мəселесі өткен ғасырдың 60-жылдарынан бергі аралықта арнайы зерттеулерге
арқау болып, аударма ісіне байланысты өзекті проблемалар жан-жақты қарастырыла бастады. Бұл
ретте С.Талжанов, Ə.Сатыбалдиев, С.Құспанов, Х.Садықов, Н.Сағындықова сияқты зерттеушілердің
еңбектерін атап өту абзал. Сондай-ақ Р.Хайруллин, М.Құрманов, Ш.Сəтбаева, С.Сейітов,
С.Əбдірахманов, тағы басқалардың бергі кезеңдерде жарық көрген еңбектерінде көркем аударма
мəселесіне байланысты көптеген маңызды ой-пікірлердің көрініс тапқаны мəлім. Бұл жағдайдың өзі
қазақ əдебиетіндегі көркем аударма ісі əдебиеттер байланысының аса маңызды буыны болуымен
қатар, əдеби өмірде де өзіндік орын иеленіп үлгерген шығармашылық еңбектің бірі екендігін
айғақтайды.
Олай болса, М.Жұмабаевтың аудармашылық шеберлігі, ерекшелігі жайындағы ой бағытымызды
дұрыс арнада өрістету үшін, əуелгі кезекте, аудармашылықтың өзі қандай еңбек екендігін айқындап
алған жөн болмақ. Бұл ретте «Əдебиеттану» терминдер сөздігіне көз салсақ, аударма «əдеби
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Бейсентай А.Б.
40
Вестник Карагандинского университета
шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде
жазылған көркем туынды» [1] болып анықталады. Ж.Жақыповтың анықтамасы бойынша: «Аударма»
— көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден,
осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-əрекеттің нəтижесін, өнімін
білдіреді... Аудармаға байланысты басты екі жайт бар: 1. аударманың мақсаты — бастапқы түпнұсқа
тілін білмейтін оқырманды/тыңдарманды өзге тілдегі мəтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру; 2.
аударма дегеннің өзі — басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен
толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу» [2].
Мақсатымызға сəйкес, орыс филологиясына зер салсақ, аударма теоретигі А.В.Федоровтың
пікірінше: «Слово «перевод» принадлежит к числу общеизвестных и общепонятных, но и оно, как
обозначение специального вида человеческой деятельности и ее результата, требует уточнения и
терминологического определения. Оно обозначает: 1) процесс, соверщающийся в форме
психического акта и состоящий в том, что речевое произведение (текст или устное высказывание),
возникшее на одном — исходном — языке (ИЯ), пересоздается на другом — переводящем — языке
(ПЯ); 2) результат этого процесса, т.е. новое речевое произведение (текст или устное высказывание)
на ПЯ» [3]. Орыс филологиясында аударма теориясы мəселелерімен айналысушы З.Д.Львовская [4],
Л.К.Латышев [5], Е.В.Бреус [6] т.б. зерттеушілердің ой түйіндері де осы үлгіде болып келеді.
Болгар филологы А.Лилова аударма мəселесінің мəнін терең түсіну үшін оған байланысты
бірнеше аспектіні назарда ұстау қажеттігін алға тартады. Олар: «...первый, основной аспект понятия
«перевод» — это его социальная природа и общественные функции»; «...следующий основной аспект
понятия «перевод» — это его сущность как явления культуры, как факта и достояния, процесса и
движущей силы национальной и мировой культуры»; «...еще одним из основных аспектов понятия
«перевод» является его лингвистический аспект, лингвистическая природа перевода»; «...перевод,
кроме общей качественной определенности, характерной и действительной для всех его форм и
видов, имеет ясно выраженную качественную дифференцированность в своих различных формах и
видах. В частности, основным аспектом понятия «художественный перевод» является его
художественно-эстетический аспект, его эстетическая сущность и образная природа»; «...отражение и
творчество также являются основными аспектами понятия «перевод», диалектика отражения и
творчества — базисный момент его природы»; «... одним из основных аспектов перевода является
также его творческая природа, то есть перевод — это сложно организованный и сложно
функционирующий творческий процесс, в результате которого создается переводное произведение»;
«...нет и не может быть «чистого», внеисторического представления о переводе, историческая
определенность и историческое бытие — основная характеристика понятия «перевод» [7] деп
сипатталатын аспектілер. Аудармашылық ісіне қатысты бұл аспектілерге көңіл қойып отырған
себебіміз — бұлардың қай-қайсы да М.Жұмабаев аудармаларын зерделеу барысында орайлы
тұстарда назарға алып отыруды қажетсінеді.
Ұлттық əдебиетіміздегі көркем аудармаға байланысты ой-пікірлерін ортаға салған мақаласында
М.Əуезовтің: «Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі ... жақсы, үлгілі аударма
тəжірибелерін жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетеңдеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай
аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мəнді шарт, талданғанда
шығарманың идеялық-көркемдік қасиеттерін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын,
түпнұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нəзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз
өнеріндегі өзіне тəн ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңғы
аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дəлелдеу əбден керекті міндет» [8], — деген талабын
қаламгер аудармашылығын сөз еткен тұстардың барлығында да қатаң ескеру орынды болары анық.
Жалпы, М.Жұмабаевтың поэзиялық аудармалары болып табылатын он бес шығарманың үшеуі
шығыс əдебиетінен алынған туындылар болса, екеуі — орыс əдебиетінен алынған авторы белгісіз
өлеңдер, ал төртеуі — еуропалық əдебиеттен, алтауы — орыс əдебиетінен аударылған авторлық
өлеңдер. Аудармалар қатарына Мағжан қаламынан туған «Біраз Фетше» деп аталатын өлеңді де
қосуға болады деп есептейміз.
М.Жұмабаев еуропалық əдебиеттен екі ақыннан төрт шығарма тəржімалаған. Олар — неміс
ақындары И.В.Гетенің «Айрылдым сенен, жан сəулем», «Орман патшасы» туындылары жəне
Г.Гейнеден аударылған «Екі бетің, сұлу қыз...», «Күннің батуы» өлеңдері.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
Мағжанның поэзиялық аудармалары
Серия «Филология». № 4(64)/2011
41
И.В.Гетенің «Орман патшасы» — 1782 жылы, «Айрылдым сенен, жан сəулем» өлеңі 1788 жылы
жазылғандығын ескерсек, бұлар Гете шығармашылығының веймар кезеңінің еншісіндегі шығармалар
болып табылады.
Веймар кезеңі — халық қамы үшін əкімшілік-басқару жұмыстарына араласып, халыққа
жеңілдіктер туғызуға мүмкіндік беретін нақты шаралар жасамақ болып көп уақытын жұмсаған Гете
үшін қайраткерлік тұрғыдан ғана емес, шығармашылық тұрғыдан да аса жемісті бола қоймаған кезең.
Дегенмен, неміс ақынының қаламынан бұл жылдары «Балықшы», «Орман патшасы», «Жыршы»
балладалары, «Мидинг өліміне» поэмасы, «Қараңғы түнде тау қалғып», «Айрылдым сенен, жан
сəулем» сияқты бірнеше лирикалық өлеңдер т.с.с. бірнеше шығармалар жарық көргені белгілі.
Жалпы алғанда, Гетенің бұл кезеңдегі көлемді шығармаларында шығармашылығының бастау
кезеңіндегі Прометей, Фауст, Вертер сынды бүлікшіл, əрекетшіл қаһармандарды ізгі ниетті, бұйығы
Ифигения, жасқаншақ Вильгельм Мейстер сияқты кейіпкерлер алмастырса, лирикасында бұрынғы
бұрқақ сезімге толы буырқанған өлеңдер ой-толғаныстармен ұштасқан салиқалы сезімдерге бейім
жырларға орын ұсынады. Бұл ерекшеліктерді Абай аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңінен
де, Мағжан аударған «Айрылдым сенен, жан сəулем» өлеңінен де аңғаруға болады. Аталған кезеңдегі
Гете шығармашылығына тəн болған бұл сипаттардың кейбір себептері ақынның əкімшілік тірліктегі
нəтижесіз еңбегіне қатысты өкінішпен қатар, Шарлотта фон Штейнмен арадағы сүйіспеншілік
сезіміне де байланысты болса керек.
Осы орайда М.Жұмабаевтың Гете шығармаларынан аудармалар жасаған уақыты өткен ғасырдың
жиырмасыншы жылдары екендігін еске түсірсек, неміс ақыны мен қазақ ақынының қайраткерлік
жəне жеке өмірлерінде көптеген ұқсастықтар аңдалады. Мағжанды Гете шығармашылығының веймар
кезеңіне тəн дүниелердің қызықтыруының бір себебі осы тұстан өріс алып жатуы да ықтимал
екендігін жоққа шығаруға болмас. Енді Гете шығармаларының аудармаларына келелік.
«Орман патшасы» — еуропалық баллада үлгісіне тəн сипаттардың барлығын бойына жинақтаған
туындылардың бірі. Оның сыры еуропалық баллада жанрының қалыптасуында И.В.Гетенің де
айрықша еңбек сіңіргендігінде жатыр. Сол себепті осы тұста «баллада» ұғымының мəніне көңіл қояр
болсақ, Гете қаламынан туған «Орман патшасының» көркемдік құрылымы мен мазмұнына, сюжетіне
қандай ерекшеліктер тəн екендігін айқын түсіне аламыз.
В.А.Жуковский аудармасындағы «Орман патшасы» 8 шумақ болса, М.Жұмабаев аудармасында
16 шумақтан тұрады. Оның себебі — аударма барысында Мағжан орысша мəтіннің бір шумағын екі
шумаққа келтіріп аударған. Алайда бұл өзгерістен туындының көркемдік болмысына да,
құрылымына да ешқандай нұқсан келмейді. Ырғақтық, үндестік жағынан да, буын өлшемі
тұрғысынан да орысша нұсқаның өлшемі сақталған. Тіпті Мағжан жасаған шумақты бөлшектеу тəсілі
авторлық суреттеулер мен жолаушы, жас бала, орман патшасы арасындағы диалогтардың ара-жігін
аша жеткізуге əсер етіп тұрғаны байқалады. Салыстырып байқалық:
В.А.Жуковский аудармасы бойынша:
Достарыңызбен бөлісу: |