Айтөбел-дат! 6-б етте Кеңес аухадиев



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата28.12.2016
өлшемі4,66 Mb.
#613
1   2   3   4   5   6

Семей – «әлемдегі

ең үлкен қала»

Ынталы топ өкілі, сту дент Ақ гүл Нұр-

жа 

қы 


пованың айтуынша, Семей қа 

ла-


сының жер көлемі 27 мың шар  шы метрді 

құрайды. Әрбір қала тұрғынына 80 

шаршы метрден жер келеді. Оны айтасыз, 

Семей жер кө ле мі жөнінен әлемге әйгілі 

шаһарлар – Мәс кеу, Лондон, Нью-Йорк 

пен Стамбулды да жол 

да қалдырады 

екен. 


Ақгүл НҰРЖАҚЫПОВА, ынталы топ өкілі, 

студент:

– Гиннесс рекордтар кітабының Нью-

Йорк қаласындағы кеңсесі біздің өті-

нішімізді жерде қалдырмас деп ой лай-

мыз. Әйгілі кітапқа енуімізге қа ла ның 

эко номикасы да әсер етері сөз сіз.

Азамат ҚАСЫМ,

Өскемен

ДЕРЕК-ДӘЙЕК

2010 жылдың 1 қаңтарындағы рес-

ми дерек бойынша Қарағанды об-

лысында ұлты белорус 5484 адам 

тұрады екен. Бұл облыс халқының 

1,16%-ын құрайды.

Серік САҒЫНТАЙ,

Қарағанды

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу 

туралы куәлікті жоғалтқаны үшін заң 

бойынша ешқандай жауапкершілік 

қарастырылмаған.

«Заңды тұлғаларды мемлекеттік 

тір кеу және филиалдар мен өкілдіктерін 

есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 

сәуір дегі №2198 ҚР Заңының 15-ба-

бына сәйкес, тiркеушi орган заңды 

тұлғаның өтiнiшi бойынша үш жұмыс 

күнi iшiнде заңды тұлғаны мемлекеттiк 

тiр кеу (қайта тiркеу) және филиалдар 

мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта 

тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын 

бе рудi жүзеге асырады.

Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу 

(қайта тiркеу) және филиал мен өкiл-

дiк тi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы 

куә лiктiң телнұсқасын беру үшiн мына 

құ жат тар  талап  етіледі:

Мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің Заңды тұлғаны мемле-

кеттік тіркеу туралы куәлігін жоғалтып алдым. Соған байланысты маған 

қатысты әкімшілік не болмаса қандайда бір жауапкершілік 

қарастырылуы мүмкін бе? Қайта куәлік алу үшін не істеу керек?

Айсара ӘМІРХАНОВА, Жамбыл облысы

1) Қазақстан Республикасы Әдiлет 

ми нистрлiгi белгiлеген нысан бойынша 

өтiнiш;


2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу 

(қайта тiркеу) және филиал мен өкiл-

дiк тi есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы 

куәлiктiң түпнұсқасының жоғалғаны ту-

ралы ақпараттың мерзiмдi баспа ба сы-

лы мында  жарияланғанын  растайтын 

құжат;

3) заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiр-



кеу (қайта тiркеу) және филиалдар мен 

өкiлдiктердi есептiк тiркеу (қайта тiр кеу) 

үшiн бюджетке алым төленгенiн рас тайтын 

түбiртек немесе құжат табыс етi ледi.

А

б

ай ОМАРОВ (к



о

лла


ж)

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№2 (684) 12.01.2012 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Тіл комитетінің құзыры қандай?



Еліміздегі мемлекеттік Тіл комитетінің қандай құзыреттілігі бар? Комитет нақты 

қандай мәселелермен айналысады?

Айбар АМАНҰЛЫ, Алматы облысы

ҚР Мәдениет министрлігіне қарасты Тіл 

комитеті:

• тіл саясаты, шетелде тұратын отан-

дастарды қолдау салаларындағы мемлекеттік 

және салалық (секторалдық) бағдарла-

маларды іске асыру; 

• министрліктің стратегиялық жоспарына, 

тіл саясаты, шетелде тұратын отандастарды 

қолдау салаларындағы мемлекеттік және 

салалық бағдарламаларға ұсыныстар 

енгізу; 


• мемлекеттік тілдің жан-жақты дамуын 

қамтамасыз ету және оның халықаралық 

беделін нығайту; 

• тілдерді дамыту саласындағы біртұтас 

мемлекеттік саясатты іске асыру қызметін 

ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етуді 

ұйымдастыру; 

• терминология және ономастика комис-

сияларының, Мемлекеттік тіл саясатын одан 

әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның, шетелде 

тұратын отандастардың істері жөніндегі 

комиссияның қызметін қамтамасыз ету, 

жергілікті атқарушы органдар жанындағы 

Өзбектердің әліппесі О-дан бастала ма?



Бүгінде латын әліпбиіне түбегейлі көшкен елдердің ішінде 

өзбектердің әліппесі О әрпінен оқудан басталатыны рас па?

Нұргүл, Ақтөбе облысы

Белгілі лингвтист ғалым А.До са н ова 

бұл мәселе жөнінде былай дейді:

– Өзбектердің латын әліпбиіне көш-

кеніне біршама уақыт болған дықтан, 

олар латын әліпбиіне жаттығып, тә-

жірибе де жинақтап қалды деуге бо-

лады.


Қазақ әліпбиінде 40 әріп, 2 таңба 

болса, өзбек әліпбиінде 29 әріп, 1 таңба 

бар. Тілдегі қолданылатын ды быс тардың 

және оларды таңба лайтын әріптердің 

нақтылығы, ықшам 

дылығы оқушы-

лардың меңгеруіне де жеңіл болады. Ал 

тілдегі басы артық ды быстар, керісінше, 

баланың дұрыс сауат ашуына біршама 

кедергілер келтіреді. Біріншіден, 

уақыттарын алады, екін шіден, шамадан 

артық жүктеме болады, үшіншіден, есте 

сақтауына, қабыл 

дауына кері әсерін 

тигізіп, оқуын қиындатады, төртіншіден, 

тіліміздің табиғатына жат дыбыстар 

баланың сөйлеу тіліне әсер етеді, бе-

сіншіден, осы жағдайлардың бәрі бала 

психо логиясына әсер етіп, оқуға деген 

ТАМЫР


Арыстар бастаған әліпби дауы әлі шешілмей келеді

Онсыз бола алмаған. Әліпби шыққан-

нан кейін ғылым, білім де шықты. Әліпби 

бар болғанымен, қиын шатағы көп болса, 

ғылым, білімге де көп бөгет қылады» деп 

тұжырымдайды.

«Дала уәлаяты» газетін шығару 

шы-


лардың бірі Д.Сұлтанғазин аталған ба-

сылымның 1899 жылғы 22, 23-сан да рын-

да басылған екінші мақаласында қазақ 

тіліне орыс әрпін пайдалану керек пе, әлде 

араб жазуын жетілдіріп қолдана беру 

қажет пе деген мәселені талқылайды. Ав-

тор қазақ халқы басқа түркі халықтары 

сияқты араб таңбаларын пайдаланып кел-

генін, оны тастап, басқа әліпбиді аламыз 

дейтіндерге қосылмайтынын айта келіп: 

«Себебі қазақ білмейтін бір бөтен әліпби 

шығарғанша, бұрынғысын түзеткені жақ-

сы», – дейді. Қазақ жазуына орыс әріптерін 

енгізуді ұсынатын миссионер ғалым Н.Иль-

  минскийге  қатысты  көз қарасын  былай 

аңғартады: «… бір білімді адам Ильминский 

деген қазақ сөздерін орыс әріптерімен 

жазса керек, орыс әріптеріне бір-ақ өз-

гертсе керек дейді. Бұл кісінің сөзі де онша 

ке лісімді емес. Себебі бұл Ильмин ский 

орыс әліпбиіне көп латын әріптерін қосады 

және орыстың өз әріптерін бір түрлі қылып 

өзгертіп, орыс әліпбиін тым қиын қылып 

жібереді». Д.Сұлтанғазин қазақ сөзін 

жазуға өзгеріссіз алса, орыс, латын таң-

баларының да сәйкес келе бермейтінін, 

жаңа алфавит қабылдағаннан гөрі «қазақ-

тардың не заманнан бері ғадет алып 

үйренген» араб әліппесін қазақ тіліне 

лайықтап бір-ақ өзгерту туралы ұсынысын 

білдірді. 

ЛАТЫНШЫЛДАРДЫҢ 

ҰСТАНЫМЫ

Ахмет Байтұрсынұлы 1912 жылы «Қа-

зақ» газетіндегі «Бастауыш мектеп» деген 

мақаласында: «... қазақты орысқа ау-

дарамыз деген пікір бәрін бүлдіріп отыр-

ған. Сол школдар арқылы қазаққа тұтынып 

отырған араб қарпін тастатып, орыс қарпін 

алдырамыз дейді. Сол үшін балалар ана 

тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана 

тілімен оқыса да, орыс қарпімен оқысын 

дейді. Өкіметке керегі – мемлекеттегі 

жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір 

жазуда болуы, ал халыққа керегі – өз діні, 

тілі, жазуының сақталуы», – деп жазды. 

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де 

әліпби мәселесі күн тәртібінен түспегенін 

сол тұстағы баспасөз материалдарынан 

көруге болады. КСРО құрамындағы түркі 

халықтарын араб таңбаларынан латынға 

көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ 

зиялылары «арабшылдар» мен «латын-

шылдар» болып жеті-сегіз жылға жуық 

қызу айтысты. «Еңбекші қазақ», «Ақ жол»», 

«Сарыарқа», «Жаңа мектеп», «Жаршы» 

сынды басылымдарда Ахмет Байтұр-

сынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Елдес 

Омарұлы, Міржақып Дулатұлы, Нәзір 

Төреқұлұлы, Әбдірахман Байділ 

даұлы 

сынды арыстарымыздың аталған мәселеге 



қатысты жарияланымдары жа рық көрді. 

Белгілі қоғам қайраткері, жур 

налист 

Әбдірахман Байділдин «Біздің жобамыз» 



атты мақаласында Мәскеуде қызметте 

және оқуда жүрген қазақ жас 

тарының 

латыншылдар ұйымын аш қанын айтады. 

Күн тәртібінде бұл мәселенің неге қатты 

қойылып отырғанын айта келіп: «Елді 

сауаттандыру керек. Бұл игі істі тез детуге 

араб әрпі жарамсыз, тез хат танытып, тез 

жаздыруға қолайсыз. Оның баспа ісіне де 

кедергілері көп. Саны – 24-28, ал ба суға

жазуға келгенде 100-ден асады. Шым-

шытырық нүктелер көп, жазу оңнан солға 

қарай, ал цифрлар солдан оңға қарай 

оқылады, пән белгілеріне жа

 

рарлық таң-



балар жоқ» деген уәж айтады. Ә.Байділдин 

осы ескі әріптерді жамап-жас қап кәдеге 

асырайық дегендер – алға қарай дамуда 

жауыр ат пен шиқылдаған сынық арбаны 

тастағысы келмегендер, арабшылдар – 

«ескішілдер», ал латын әрпін өзі жүйрік, өзі 

берік отарбаға теңеп, мұны жақтау шылар 

«жаңашылдар» деп баға береді.

Мәскеуде, Ташкентте латыншылдар 

ұйым дары құрылды. 1924 жылы маусым 

айында Орынборда өткен қазақ-қырғыз 

білімпаздар съезінде әліпби мәселесі 

кеңінен талқыланды. Аталған жиында 

баяндама жасаған Ахмет Байтұрсынұлы: 

«Түрік жұртының 90 пайызы араб таңба-

ларын пайдаланып келеді, әрқайсысының 

хат мәдениеті бар, бір әріпті тастап, екінші 

әріпті ала қою оңай жұмыс емес, мұндай 

қаржы мен қайрат қазақ түгіл, түріктің қай 

жұртында болса да жоқ», – деп, сол тұстағы 

қазаққа латын әліпбиіне көшуден гөрі 

қазақ тіліне ыңғайланып түзетілген төте 

жазудың тиімді екенін ғылыми негізде 

дәлелдеуге тырысты. Латын әліпбиін жақ-

тап сөйлеген сөзінде Н.Төреқұлұлы 

мәдениеттің жаңалығы халықтың пікіріне 

қарап ілгері кетпей тұра алмайтынын, 

латын әрпін аламын, үйренемін деуші лер-

дің ұсыныс тары қолдау табу қажеттігін 

айтты. Мектептегі балаларды таныстыру 

үшін осы бастан қазақша әліппенің соңы-

нан тіркеп, бір-екі әңгімені латын әрпімен 

жазып, оқушылардың көздерін үйрете 

беру керек деген ұсынысын білдірді. Жиын 

барысында арабшылдардың да, 

латыншылдардың да дәлелдері тым толық 

емес болғандықтан, Қарақалпақ және 

Астрахань қазақтарын қосып, толық съезд 

шақыру мүмкіндігі бар еді. Соны еске 

алып, әзірге әдебиет және баспасөз бетінде 

еркін талқыға салып, көбінің пікірін білу 

қажет деп табылып, бұл мәселенің барысын 

қадағалау Қазақстан Халық ағарту комис-

сариатына тапсырылды. Съезд соңына 

қарай А.Байтұрсынұлы мен Н.Төре-

құлұлының жобалары дауысқа түсіп, Нәзір 

Төреқұловқа – тоғыз дауыс, Ахмет Байтұр-

сынұлына сегіз дауыс берілген. 

 Латын әрпін алу мәселесі талас туғыз-

ғандықтан, қазақ-қырғыз білімпаздар 

тобының съезі бұл мәселені әлі де баспасөз 

бетінде талқылауды ұсынды. 



АРАБШЫЛДАРМЕН АЙТЫС

«Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына 

«Күмәндіміз» деген шағын әрі сауалды 

мақала Үмбетұлы Мәжиттен келеді. Ре-

дакция алдымен Мәжиттің сауалын ұсы-

нып, оған Телжан Шонанұлы жауап береді. 

Үмбетұлы Мәжит былай деп жазыпты: 

«Латын қарпі, араб қарпі деген әңгіме бас-

талып жүр. Араб қарпінен неге қаштық? 

Орыстың миссионерлері Ел менский шы-

ғарған қаріптен Ахмет Байтұрсынұлы 

шығарған арап қарпі еліне аса қолайлы 

тиген жоқ па? Баяғыдан бері қазақ сауатсыз 

болып келгенде, араб қарпі ұстап келді 

ме?»

Иә, Үмбетұлы Мәжиттің осы пікірінде 



ащы да болса сол кездің шындығы жатқан 

сияқты. Қазақ зиялыларының көпшілігі 

латын таңбаларының тиімсіздігін жан-

жақты дәлелдеумен жанталасқандағы 

түпкі ойлары да осыған келіп тірелетін 

секілді. Әрине, сол тұстағы қазаққа Ахмет 

Байтұрсынұлы түзген төте жазу өте қолайлы 

болғанын, осы төте жазумен баспа ісінің 

өркендегенін жоққа шығара алмаймыз. 

Хат жолдаушы Үмбетұлы Мәжит өз тұ-

сындағы көп қазақтың көкейіндегі сауалды 

қойған. 


Редакция тарапынан жауап жазған 

Телжан Шонанұлы: «Үмбетұлы Мәжит 

жолдас «латын әрпін алудағы мақсат не, 

көретін пайда қайсы, анығын білетін аза-

маттар газет бетінде суреттеп, күмәні мізді 

ашса екен» деп сұрайды. Бұл сұрауды 

орынды тауып, басқарма өтініші бойынша 

қысқаша жауап бермекпіз», – дей келіп, 

әліппе мәселесі үлкен мәселе екенін, оны 

толық ашу үшін мақала емес, кітап жазу 

керектігін айтады. Арабқа қарсылардың 

басты дәлелдері: араб әліппесінің техника 

жағынан кемшілігі зор, құюы қымбат, 

теруге қиын, латыннан жеті есе қымбатқа 

түседі деген көзқараста екенін баяндай 

келіп, « … араб әліппесі ғылым кітаптарын, 

белгілерін, формула ларын жазуға кел мей-

ді, педагогикалық ешбір заңға үйлеспейді, 

осы кемшіліктері жойылмайды, оны тарих 

көрсетіп отыр, сондықтан латын әліппесін 

алалық деушілер – бір ағым» деп түсін-

діреді. Қаламгер Телжан Шонанұлы 

арабшылдар ұстанымы жайлы: «Арабты 

жақтаушылар да араб әліппесінің жоғарғы 

кемшіліктері бар екенін мойындайды. 

Бірақ соның бәрі – араб әріптерінің жеке 

жазылмағандығынан. Жекеленсе, ол кем-

шіліктер жойылады деседі. Басқа әліппе 

алғанша, арабтікін жекелейік, кемшілігін 

оңдайық. Оңдауға келеді, келтіреміз 

деседі. Бұл – екінші ағым. Осы екі ағым 

тартысуда», – деген мағлұмат береді.

Телжан Шонанұлы оқырманға алдағы 

жазда қазақ білімділерінің екінші съезі 

болатынын, осы күні Баку қаласында съезд 

өтіп жатқандығын айтады. «Бұл мәселеге 

зорлық, бұйрық жүрмейді, әркімнің 

ықтияры біледі», – дей келіп, латын әрпі 

жайлы мағлұмат аламын деушілерге Нәзір 

Төреқұловтың «Жаңа әліппе неге керек?» 

кітабын оқуға, «Еңбекші қазақ», «Ақ жол» 

газеттеріндегі пікірталас мақалаларға көңіл 

аударуға кеңес береді. Телжан Шонанұлы 

не арабты, не латынды жақтап, насихатта-

май, уағыздамай, екі жақтың бағыт-бағ-

дарымен таныстырып, таңдауды оқырман-

ның өзіне қалдырып, қосымша әдебиеттер 

ұсынып, оқырман сауалына нақ жауап 

береді, дұрыс бағыт-бағдар көрсетеді.

«Еңбекші қазақта» Нәзір Төреқұл-

ұлының «Тағы да жаңа әліпби туралы» 

тақырыпты мақаласы жарық көрді. Нәзір 

Төреқұлов: «Жаңа әріпке көшу мәселесі 

соңғы екі жылдың ішінде қызу көтерілуде. 

Қазаққа латын әліпбиі керек деген сөзді 

1924 жылы Орынборда болған білімпаз-

дар съезінде мен қозғап едім», – дейді. 

Қаламгер сол кезде-ақ мұғалімдер мен 

жастар арасынан қолдаушылар шыққанын, 

бұл күнде жұмыс едәуір алға қадам 

басқанын айтады. Қаріп мәселесі Кеңестер 

Одағындағы Күншығыс елдерінің бәрінде 

көтеріліп, башқұрт, қырғыз, өзбек, түрік-

пен, қарашай сияқты бірсыпыра елдер 

қабылдап отырғанынан хабардар етеді. 

«Ескішілдеріміз әлі баяғы бетінен қайт-

паған көрінеді. Байтұрсынұлы Ахмет латын 

әрпін алуға құбыжықтан артық қарсы 

болды» деп ренжиді. «Арабшылдар өз-

деріне жайлы ін жасап алып, жасырын бақ 

ойнауға көшті, мәселенің пән, техника 

жағын тастай беріп, саяси жағына жар-

масты», – деп кейиді. Әрине, пән, техника 

жағын шет қалдыруға болмайтыны белгілі, 

алайда саяси жағын да естен шығар-

мағандарына бола сөгу орынсыз. Ұлттың, 

мемлекеттің болашағы алаңдатқан соң, 

саяси астар іздемеуге де болмасы анық. 

30-жылдарда репрессия құрбаны болған 

арыстарымыздың көбі отарлау саясатының

қитұрқы айла-тәсілдерінің мәнін дер 

кезінде ұққан, түсінген. Мемлекеттік 

маңызды мәселелер төңірегінде ұтқыр да 

сергек пікірлер айта білген.

Қошке Кемеңгеровтің «… мұндай өз-

геріс жасауға қазақтың қалтасы тайыз, 

күші келмейді» деген пікірін, Елдес Ома-

ровтың «… қазаққа жаңа әріптің керегі жоқ, 

біздің мандайымызға біткен ұлт әрпіміз 

бар, өгей әріп қазаққа жанаспайды» 

секілді көзқарастарын Н.Төреқұлұлы қатты 

сынайды. 



ТҮРІКШІЛДЕРДІҢ 

ТІЗЕ ҚОСУЫ

Түрікшілдердің құрылтайы Баку 

қаласында 1926 жылы ақпанның 26-

сында басталып, наурыздың 6-сына дейін 

болды. Түркі нәсілді ұлттардың көбінің 

өкілдерімен қоса, Бартольд, Ольденбург, 

Крымский, неміс профессоры Менсель, 

түрік профессоры Көперлі-зада мен 

Құсайын-зада секілді атақты ғалымдар, 

зерттеушілер қатысты. Құрылтай түркі 

халқының тарихын тану, мәдениетін зерт-

теу, түркі тілдерінің өзара тұқым дастығы, 

емленің жалпы негізі және әліпби сыны 

мәселелерін қарастырды. Әліпби сыны 

мәселесі бойынша Яковлев пен Жирков 

деген орыс профессорлары, түрік әліп-

билері туралы Мамет-зада, Әлімжан Ша-

рап ұлы, Алпарұлы, Төреқұлұлы, Бердіұлы, 

Омарұлы және Байтұрсынұлы баяндама 

жасады. Латын қарпін қолдаушы Яковлев: 

«… жақсы әліпби тіл дыбысына түгел жетуі 

керек, қаріп белгісі аз болуы керек. Бұл екі 

қасиет – латын таңбаларын алса, қазақ 

әліпбиінен табылатын қасиет. Латын қарпі 

– жайылып келе жатқан қаріп, араптікі – 

тоқтап қалған қаріп», – деді. 

Профессор Жирков араб қарпінің сұлу 

екенін, бірақ баспа істері жағынан қолай-

сыз, қазіргі жеңілдетуге жасап жатқан 

өзгертулер араб қарпінің сұлулығын бұза-

тындығын айтты.

ономастика комиссияларының жұмысын 

үйлестіру; 

• ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен 

ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 

құрылтай құжаттарына толықтырулар мен 

өзгерістер енгізу; 

• облыстардың (республикалық маңызы 

бар қаланың, астананың) орталық және 

жергілікті атқарушы органдарында ҚР тіл 

туралы заңнамасының сақталуын бақылау; 

• ҚР тіл туралы заңнамасымен белгі-

ленген талаптарды бұзушылықтарды жою 

туралы ұсынымдар әзірлеу; 

• ҚР тіл туралы заңнамасының бұзылуына 

кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік 

жазалау шараларын қолдану жөнінде тиісті 

органдарға ұсыныстар енгізу мәселелерімен 

айналыса алады. 

ӨРКЕНИЕТ


ынта-ықыласын төмендетеді. Ол дыбыс-

тарға мына дыбыстарды жатқызуға болады: 



я, ю, х, һ, ф, ё, э, щ, ц, ч, ь, ъ. Кейінгі 

оқулықтары бойынша өзбектерде 

дыбыстардың оқытылу реті мынадай: o, n, 

a, i, m, t, l, b, k, r, o`, d, u, y, e, g, ng, s, h, sh, 

p, q, ch, j, g`, z, v, x, f. 

Қазақ «Әліппесінде» алғашқы күні Аа 

әрпі өтілетін болса, өзбектің «Alifbeсі» Оо 

әрпінен басталады. Бұл өзбек тілінің ұлттық 

ерекшелігіне байланысты. Өзбек тілінде а 

дыбысының орнына көбінесе о дыбысы 

айтылады. Мысалы, ана – она, баба – бобо, 

ат – от, ас – ос, алма – олма т.б. А ды бы сы 

мен әрпі «Alifbeде» үшінші сабақтан кейін 

ғана өтіледі.

Басы 1-бетте

Шарапұлы Әлімжан жасаған баянда-

масында «… емле түзеу жүзінде түркі жұрт-

тарының алдағысы – қазақ, латын қарпіне 

көшіп, көп қаражат, шығын шығарудың 

қажеті жоқ. Латын қарпінің қазіргі қар-

пімізден артықшылығы шамалы» деген 

пікірін жан-жақты дәлелдеді. Ахмет 

Байтұрсынұлы «қаріп мәселесіне мұқ-

таждық туып отырған жоқ. Азғантай күші-

мізді мектеп үйлерін салуға, оқушылар 

шығаруға жұмсауымыз керек» деп мәлім-

деме жасады. 

Аталмыш құрылтай жөнінде Нәзір 

Төреқұлұлы «26 жылдың мартында Бакуда 

болған түркі білімпаздарының съезінде 

латыншылдар 101 дауыс алып, жеңіп 

шығып, арабшылдар жеті дауыспен қалып 

отырған. Съездің бұлай қаулы шығаруы – 

латын мәселесінің толғағы жеткеніне то лық 

дәлел», – деп жазады. Ал Ахмет Бай тұр-

сынұлы: « … соңғы баяндамалар талқыға 

түсіп сөз болмастан комиссияға жіберіле 

берді. Құрылтай дүкені жасау шылардың 

қолында болғандықтан, күні бұрын 

икемдеп қойғандықтан, қазанның құлағы 

қазаншының қалаған жерінен шықты», – 

деп ренжиді. Құрылтай съезд «… латын 

әліпбиінің артықтығына көз жетті, енді алу-

алмау әр жұрттың, әр мемлекеттің ық-

тиярында» деген қарар шығарды. 

Пікірталас тудырған латыншылдардың 

мақалаларында латын қарпін алу мә-

селесінен Әзірбайжан халқы алда тұр, 

«ілгері кетті» деп жазады. Әзірбайжан 

Орталық атқару комитетінің төрағасы 

Ағаманұлы Самат бұл іске тікелей ара ла-

сып, жүзеге асуына күш жұмсады. А.Бай-

тұрсынұлының «қазанның құлағы қа-

заншының қалаған жерінен шықты» деуі 

тегін емес. Бұдан съездің түркі халық-

тарының ғасырлар бойы қолданған араб 

таңбаларын тастатып, латынға көшіруді 

қөздегенін аңғарамыз. Съезд Әзірбайжан 

жерінде өтіп отыр. Әзірбайжан елі латын 

таңбаларына көшуді қолдаған бірден-бір 

ел болды.

«ТҮЗЕТІЛГЕН ӘРІП»

1927 жылы «Жаңа мектеп» журналында 

«Түзетілген әріп» атты Ахмет Байтұр-

сынұлының мақаласында араб әрпіне та-

ғылатын міннің ең зоры оның төрт тұр-

паттылығы болатын. Автор осы кем шілігінің 

жойылғанын қуана хабарлайды. 1927 

жылы 20 қазандағы Татарстан білім ордасы 

әріп мәселесіне қатысты кеңес өткізгенін, 

кеңеске көптеген жоба түскенін, жобалар 

екі негізге бөлініп қаралғанын айта келіп, 

олардың әрқайсысының негізіне тоқталып, 

«біріншісі – араб әрпін европалау негізін-

дегі жобалар, екіншісі – араб әрпін өз 

негізінше түзеу жобалары» деп мәселе нің 

мән-жайын тәптіштей түсіндіреді. 

Ал енді Әбдірахман Байділдин зерттеп, 

топтастырып ұсынған, 1928 жылы Қызыл-

орда қаласында жарық көрген «Жаңа 

әліппе туралы» деген сол тұстағы қазақ 

зия 

лыларының бірқатарының әліпбиді 



өзгертуге қатысты ұстанымдарын сараптай-

ды. Мәселен, Смағұл Сәдуа қасовты «....ла тын 

әрпін алудың саяси қорқынышы бар, 

молдалар қарсы болады. Араб таңба лары 

– ислам дінінің таянышы, әріптен қол 

үзсек, дінімізден де қол үземіз» деген пікірі 

үшін Әбдірахмен Байділдин мен Н.Тө-

реқұлов «ескішіл», «діншіл» деп сынайды. 

Сондай-ақ Ж.Ай мауытов, Қ.Ке меңгеров, 

М.Дула 


товтардың «латын әрпін алсақ, 

халық жаппай сауатсыздыққа ұры нады» 

деген пікірлері де латыншыл дар тарапынан 

қатты сынға ұшырады. Қошке Кемеңгеров 

пен Мір жақып Дулатовтың «... латын әрпін 

алуға әлі ерте, алдымен одан басқа 

керектерімізді орындауымыз керек» деген 

сынды көзқарастарын Нәзір Төре құлов: 

«Неге ерте, неге кеш емес? Бұ ларыңыз 

дұрыс десек, қалыңмал алу әдетін жою да 

ерте, қазақтың республика болуы да ерте, 

Мадияр мен Қошмамбеттің «лапылдап» 

қарсы шығулары да ерте...» – деп теріске 

шығарады. 

Бірнеше оқулық пен оқу құралдарының 

авторы, қаламгер-ғалым Телжан Шонан-

ұлы әліпби мәселесі көтерілгелі бері, 

пікірталасушылардың емле мен әліпбиді 

шатастырғандарын айтады. Ол: «Емлеміз 

жақсы дегенге қосыламын. Бірақ таңбамыз, 

әліппеміз, арабымыз жақсы дегенге 

қосылғым келмейді. Орыс жолдастар 

қазақ латын әліппесін алса, қазақша тез 

үйренеміз дейтін көрінеді. Бұл тіл мен 

әліппені шатастыру болады. Бұл да дұрыс 

емес. Осындай шатастырулар арабшыл 

жолдастар арасынан көбірек табылады», 

– деп, әліпби өзгерсе, тіл өзгереді деген-

дердікі жөнсіз дейді.

1928-29 жылдары латын-қазақ әліпбиі 

авторларының бірі Халел Досмұхамедұлы 

қазақ халқы тұтынып отырған араб 

таңбаларын тастап, латын таңбаларын 

алуға қарсы болғандығын былай аңғар-

тады: «... Нәзір айтқандай, менің латын 

әр пін алуға қарсы екенім рас. Бірақ ла-

тынға қарсы екенімді біле тұра, маған 

латын әріптерінің жобасын жазып беруге 

тапсырған соң, сол жобаны жасағаным да 

рас». Қайраткер-ғалым өз ойын: «Жазу 

мәселесі – өте зор мәселе. Оны жете тек-

серіп барып шешу керек», – деп қоры-

тады. 

Латын қарпіне көшуге байланысты 



пікірталас жеті-сегіз жылға созылды. 

Қазақ зиялыларының өз пікірін, көз-

қарасын білдірмей қалғандары кемде-

кем. Солардың бірі – қоғам қайраткері әрі 

қаламгер Ораз Жандосов «Еңбекші қара-

шаруа әліпбиі» атты мақаласында: «Жаңа 

әліпби қозғалысының ұрысы әбден кеңейіп 

келді. Жаңа әліпби сөзден іске көшті. Оның 

бүкіл жержүзіндік тарихи маңызы барлығы 

да анықталды. Бұл еріккеннен істеліп 

отырған іс емес, тарихи жағдай соны керек 

қылып отыр», – деп түсіндіреді.

Халық комиссарлар кеңесінің 1927 

жылдың 19 қарашадағы шешімімен Жаңа 

қазақ әліпбиінің орталық комитеті құрыл-

ды. Аталған шешім негізінде ко митеттің 

төрағасы мен мүшелері тағайын далды. 

Төрағасы Нұрмақов Нығмет болса, мү-

шелікке Тоқтабаев Кәрім, Жандосов Ораз, 

Байділдин Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, 

Тоғжанов Ғаббас, Шонанов Телжан сынды 

қайраткерлер кірді. 

1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан 

Орталық кеңес комитеті ІV cессиясында 

«Латын әрпі негізінде құрылған жаңа қазақ 

әліпбиі Қазақстанда мемлекет әліпбиі деп 

саналсын» деген қаулы қабылдады. Осы 

қаулыдан кейін 1931 жылдың 1 қазанынан 

әрі қарай барлық мекеме, кооперативтер, 

түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар істерін 

жаңа әліпбиге көшіруге тиіс деп табылды. 

Жаңа әліпбиге көшуге әзірлік жүргізілді. 

1930 жылдың қаңтарынан бастап газет, 

журнал, кітаптар тек жаңа әліпбимен 

басылуы тиіс болды. Қазақстан оқу комис-

сариатына 1931-32 жылғы оқу жылдары 

барлық мектеп тек жаңа әліпбимен оқы-

тылатын болсын деп нұсқау берді. Сессия 

Халық комиссарлар кеңесіне, оқу комис-

сариатына, орталық шаруашылық кеңесіне, 

баспа орындарына тапсырма берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет