Айтуынша, бес жылғы ізденістің жемісі. Ұлтымызда



Pdf көрінісі
Дата22.12.2016
өлшемі343,23 Kb.
#104

Жарық көрген туындылар автордың 

айтуынша, бес жылғы ізденістің жемісі. Ұлтымызда 

«Аманатқа қиянат жүрмейді» деген сөз бар. 

Сол ұлтымыздың жоғалып бара жатқан талай 

ән-күйін қараңғы қапастан жарық күнге алып 

шыққан, әдебиет, өнер туралы сөз сөйлесе төгілте 

жөнелетін қара сөздің жорғасы, марқұм Ақселеу 

Сейдімбек Серік інісін Сәкеннің музыкалық мұрасын 

зерттеуге бағыттады. Жазыла бастаған еңбектің 

қ

олжазбаларын өзі оқып, ақыл қосып отырды. 



Алайда, көпке ұзамай дүниеден өтіп кетті. «Осыдан 

кейін бастаған жұмысты қалай тастайсың? Оны 

аяқтау парызым деп санадым. Оның үстіне Ақселеу 

ағамның аманаты ретінде қабылдап, құлшына 

түстім» дейді Серік Оспановтың өзі бұл жөнінде. 

Істің арғы жағында Ақселеу тұрғаннан 

соң оның баянды аяқталмауы тиіс емес еді. 

«Сәкеннің музыкалық мұрасы» кітабының 

алғысөзінде сәкентанудың бастауларында тұрған 

әдебиеттанушы ғалым Тұрсынбек Кәкішев бұл 

туралы: «Жинақ әсіресе өнерсүйер қауым үшін 

таптырмас олжа және бұл еңбек көптен күткен 

сәкентану ғылымына қосылған тың, сүбелі үлес 

деп бағалаймын» дейді. Ал, Қазақстанның халық 

артисі, қазақ ән өнерінің білгірі Қайрат Байбосынов: 

«Сәкен Сейфуллин туралы жазылған еңбектер 

ұ

шан-теңіз. Алайда, бұл еңбектің ерекшелігі - тың 



деректерге толы және қазақ өнерінде бірінші рет 

барлық әндері нотаға түсіріліп тұрғандығында» 

деп баға береді. 

Шындығында да Сәкеннің ел арасында «Тау 

ішінде», «Біздің жақта», «Көкшетау», «Ақсақ киік», 

«Сыр сандық» сынды көп болса бес-алты әні 

ғана айтылып жүр. Ал, кітаптың авторы оның өзге 

де әндерін тауып, оннан асырды. Және айтамын 

деген музыкалық сауаты бар әншілер лезде 

үйренуі үшін дәулескер күйші, Қазақ ұлттық өнер 

университетінің оқытушысы Жанғали Жүзбай мен 

дәстүрлі әнші Қайрат Айтбаевқа нотаға түсіртіп, 

тайға таңба басқандай етіп кітабына енгізді. 

Сәкен өз жанынан ән шығарып қана қоймай, 

қ

азақ өнерінің үлкен жанашыры болды. Мәселен, 



Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы 

қ

ызметін атқарып жүргенінде өнер зерттеуші, 



этнограф Александр Затаевич «Қазақтың 1000 

әні» жинағын шығару үшін 2480 рубль қаражат 

бөлгізді. Жарыссөзге шыққандардың: «Онсыз да 

жеткіліксіз республика бюджетін Орынбордағы 

шеберханаларды жаңғыртуға, қызыл әскерді 

қ

аржыландыруға бөлінсін» дегендеріне қарамады. 



Өзі де А. Затаевичке екі күй, төрт ән орындап беріп, 

жаздырады. Бұдан кейін Сәкеннің нұсқауымен 

өзге де өнерпаздар өнер зерттеушінің қоржынын 

толтырады. 

Осы күндері Серік Оспановтың өзі, әнімен 

елді тамсандыратын Бекболат Тілеухан және жас 

әншілер орындап жүрген «Ақтамбердінің толғауы» 

сынды озық туынды да Сәкеннің арқасында 

елге жетті. Өз заманында қазақ өнерінің талай 

марғасқаларымен аралас-құралас болған Сөкен 

мұны Шашубай Қошқарбайұлынан жазып алған 

екен. 


Тәуелсіздігімізді алған тұсымыздан атаулы 

мерекелерде алыстағы аудан мен шалғайдағы 

ауылдарға өнер шашу әрі медициналық қызмет 

көрсету мақсатында тоқтайтын мәдениет поезда-

ры да жайдан-жай ойластырған дүние емес екен. 

Оның «арғы атасы» кезінде Сәкен ұйымдастырған 

«Қызыл керуен» болып шықты. 

«Сәкеннің музыкалық мұрасы» еңбегіінен осын-

дай және өзге де көптеген жаза берсе таусылмас 

тың деректерді табуға болады. 

«Сыр сандық» СD үнтаспасына келсек, онда 

тұңғыш рет Сәкеннің елге белгісіз болып келген 

әндері техникалық өңдеуден өтіп, бірізділеніп 

үнтаспаға түсірілді. Және бір құндылығы - аға 

буынға жақсы таныс, алайда жас ұрпақ дауы-

стары түгілі аттарын білмейтін Суат Әбусейітов, 

Майра Жүрсінова, Игілік Омаров, Гүлбаршын 

Ақпанова сынды әншілердің орындауындағы 

әндер таспаланған. Мұнда тағы Сәкен «ақтардың» 

қ

олына түсті дегенде әкесі Сейфолла күңіреніп 



шығарған «Қосбасар» күйі мен анасы Жамал сүйіп 

орындаған «Кидім камзол» халық әні де енгізілген. 

Екі еңбектің де жарық көруіне мемлекет және 

қ

оғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов қолдау 



көрсетті. «Игі іс дегенде көмектерін аямаған осы 

және өзге де көптеген азаматтарға Алланың нұры 

жаусын!» дейді автор. 

Аманғали ҚАЛЖАНОВ, 

Астана қаласы. 

Қ

аjет. - 2014. - №2. - 11 б. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет