question 95 Ер адам, 25 жаста. Шақырту себебі: "улану". Шағымдары: самай бөлімінің
солқылдап ауырсынуы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, құрғақ жөтел,
ентікпе, жүрек айну, құсу. Анамнезінен: пеші бар жер үйде тұрады.
Жағдайының нашарлағанын ұйқыдан тұрған кезде байқаған. Объективті:
жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Сана сезімі шатасқан, ұйқышылдық.
Терi жабындылары мен көзге көрінетін шырышты қабаттары
гиперемияланған. Қол саусақтарының треморы байқалады. ТАЖ– 28
минутына. Өкпенің аускультациясы кезiнде тынысы беткейлік, сырылдар
жоқ. Жүрек тондары айқын, ырғақты. ЖСЖ – 98 минутына. АҚ - 100/70
мм.с.б.Ауруханаға дейінгі кезеңде қолданатын антидот:
ацизол+
унитиол
бемегрид
100% оттегi
гипербариялык оксигенация
question 96 Далалық госпитальде ұзақ жаншылу синдромы бар зардап шегушіге
көктамыр ішіне цефтриаксон енгізу кезінде кенеттен әлсіздік, бас айналу,
тұншығу, тері жабындарының қышынуы және гиперемиясы туындады. АҚ
60/40 мм с.б. Науқаста қандай шұғыл жағдай пайда болды?
Кардиогенді шок
Жарақаттық шок
Геморрагиялық шок
Анафилаксиялық шок+++ Инфекциялық-токсикалық шоК
question 97 Ер адам, 18 жаста. Шағымдары: мұрыннан су ағу, мұрынның бітелуі және
түшкіру. Бұл шағымдар былтыр мамыр-маусым айларында мазалағаны
анықталды және анамнезінде ерте балалық шақта тағамдық аллергия -
тауық ақуызына бертпе болғаны анықталды. Жағдайы қанағаттанарлық,
температура - 36,2С. Тері және шырышты қабаттары әдеттегі түсті және
ылғалды, бертпе жоқ. Аңқасы таза. Сiздiң болжамыңыз:
аллергиялық альвеолит
• аллергиялық ринит++
катаральді ангина
локализоланған есек жем
жоғары жақ синуситі
question 98 33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына,
көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне
шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін
птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында
кандай асқынуды болжауға болады:
глаукоманың жедел ұстамасы
онкологиялық ауру+++++
орбита флегмонасы
теріскен
аллергиялық конъюнктивит