Академ и ясы



бет18/45
Дата14.09.2023
өлшемі6,15 Mb.
#107544
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57 (pdf.io)

Пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар
Мектептегі математикалық білім берудің мазмұны білім алушылардың зияткерлік дамуына, олардың ойлау мәдениеті мен дербестігін қалыптастыруға, алған білімдерін практикада қолдану мүмкіндігіне бағытталған. Қойылған міндеттерді шешу үшін мектеп математика курсын игеру барысында негізгі және маңызды орындардың бірін алатын жаттығулар жүйесіне ерекше рөл беріледі. Математика бойынша жаттығулар жүйесіне келесі типтегі тапсырмалар кіреді: ағымдағы оқылатын материалды қолдануға арналған тапсырмалар; әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалар; пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыруға бағытталған есептер және т.б. Математика сабақтарында әртүрлі мазмұндағы мәтінді есептерді (пәнаралық есептер, тәжірибеге бағытталған тапсырмалар, ситуациялық есептер) шешуге көп көңіл бөлу керек, олардың кейбіреулерін шығару барысында есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастырылады (формула, айнымалылары бар өрнек түріндегі мәтінді есептерді шешудің математикалық моделін құрастыру).
Сонымен қатар, білім алушылардың жазбаша дағдыларын дамытуға ықпал ететін жұмыстарды жүргізу ұсынылады: тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар мен алгоритмдер жасау; математикалық есептерді ауызша және жазбаша шешу тәсілдерін сипаттау және түсіндіру; тапсырманың орындалу барысын ауызша және жазбаша талдау (практикалық есептер контекстінде

45
айнымалының қандай мәндерінде алгебралық өрнек мағынасы бар екенін талдау және түсіндіру; іріктеу арқылы комбинаторлық есептерді талдау, түсіндіру және шешу; үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер центрлерінің орналасуын түсіндіру).


Оқу пәнінің кез келген тақырыбы аясында білім алушының алдына белгілі бір пәнді оқу кезінде алынған білімнің көмегімен шешілетін пәндік саладан тыс мәселелер қоюға болады. Математика осындай есептерді қарастыруға мүмкіндік береді.
Жаратылыстану циклінің пәндерімен пәнаралық байланыстарды орнату, математика сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану қолданбалы есептерді қарастыру арқылы жүзеге асырылады (8.4.2.3 қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану). Мұндай есептерді шешу теорияны практикалық іс-әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік береді, бұл математиканы тереңірек меңгеруді және пәнге деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді (8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу).
«Математика және информатика» білім беру саласы пәндерін оқуға деген қызығушылықты арттырудың бір жолы – білім алушылардың жобалық қызметі. Жобалау технологияларын қолдану пәнбойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Жобамен жұмыс істеу барысында білім алушылар топтасып немесе жеке жұмыстарын жоспарлауды, мақсат қоюды, қажетті ақпаратты іздеуді, гипотезаны ұсынуды және дәлелдеуді, тәжірибелер жүргізуді, орындалған жұмыстың нәтижелерін көрсетуді, талдау мен бағалауды, сонымен
қатар өз жобаларын қорғауды үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет