Мұғалімніңбілімберуресурстарыменжұмысыбірқатаререкшеліктер мен негізгі аспектілерді қамтиды: Сабақтыжоспарлаужәнересурстардытаңдау: Мұғалімдер әртүрлі білім беру ресурстарын қолданып сабақ жоспарларын әзірлейді. Мұғалімдер өз сабақтары үшін ең қолайлы білім беру ресурстарын таңдайды. Олар ұсынылған оқулықтан басқа оқу құралдарын, интерактивті бағдарламаларды, оқу бейне, онлайн материалдар, медиа-контент және басқа да қосымша ақпарат көздерін қамтуы мүмкін.
Мәденимаңыздыматериалдар: мұғалімдер білім алушылардың тәжірибесін, елдік, аймақтық және жергілікті контексті көрсететін әртүрлі және мәдени маңызды білім беру ресурстарын қамтуы мүмкін.
Технологиялардыкіріктіру: Қазіргі білім беру ресурстары көбінесе технологиялық компоненттерді қамтиды. Мұғалімдер оқу тиімділігін арттыру үшін интерактивті тақталарды, электронды оқулықтарды, білім беру қосымшалары мен бағдарламаларын қолдана алады.
Білімалушылардытарту: мұғалімдер білім алушыларды оқу процесіне тарту үшін олардың сабаққа белсенді қатысуы мен сыни ойлауына әсер ететін әртүрлі білім беру ресурстарын пайдаланады.
Оқытуды даралау: Мұғалімдер білім беру ресурстарын білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру үшін пайдаланады. Олар білім алушылардың қабілеті мен қызығушылығының әртүрлі деңгейлеріне сәйкес материалдарды таңдай алады.
Қолдаужәнесаралау: білім беру ресурстары ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға қолдау көрсету және сараланған оқытуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.