Тыңдалым(тыңдау)дағдысын дамыту үшін білім алушылардың тыңдалатын мәтіннің мәнін түсінуі маңызды. Тыңдау дағдыларын сапалы дамыту үшін өмірлік жағдайлардан әртүрлі тапсырмалар дайындап қолдану қажет. Сабақтарда тапсырмаларды білім алушылар алғаш тыңдаған кезде ауызша мәтіннің негізгі идеясын түсінетіндей етіп жоспарлау керек, ал екінші рет тыңдау кезінде ауызша мәтіннің немесе аудио хабарламаның нақты бөлшектерін талдауы қажет. Мысалы, «8.1.3.1тыңдалғанмәтінніңмазмұнын түсіну,ұсынылғанақпараттанастарлыойдыанықтау» деген оқыту мақсатымен жұмыс жасауда «Ғарыштыигеружетістіктері» бөлімі аясында білім алушыларға ғарыш туралы жаңалықтар ұсынуға болады. Білім алушылар
38
осы жаңалықтың мақсатын айқындай отырып, тыңдалған мәтінді талдауы тиіс. Оқылымдағдысын дамыту үшін білім алушыларға қызықты және
ынталандыратын мәтіндер ұсыну керек. Мәтіндерге тапсырмалар құрастыру кезінде әртүрлі әдістерді қолдану ұсынылады, мысалы, «Қарапайым және күрделі сұрақтар»: алдымен «қарапайым» сұрақтар қоюдан бастаңыз (нақты жауапты қажет ететін), біртіндеп«күрделі» сұрақтарғакөшіңіз (неғұрлым егжей-тегжейлі жауапты қажет ететін). Мұндай мәтіндерге тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай принципі бойынша жасалуы керек. Мәтіндерге тапсырмалар құрастыру кезінде «жеңіл» сұрақтардан (біржақты жауапты қажет ететін) біртіндеп «күрделі» сұрақтарға көшу ұсынылады (неғұрлым егжей-тегжейлі жауапты қажет ететін). Оқу мақсаттарын пысықтау кезінде оқу жылдамдығы ескерілмейді, білім алушыларға негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты, автордың пікірлері мен келтірілген дәлелдерді түсіну үшін жазбаша мәтіндерді талдауға, сондай-ақ мәтін мазмұны бойынша рефлексия жасауға және тұтас және тұтас емес мәтіндердің дереккөздерінің дұрыстығы мен сапасын бағалауға үйрету маңыздырақ. Мысалы, «8.2.1.1тұтас және аралас мәтіндердегі (кесте, диаграмма,сызба,сурет)ақпараттардысалыстыру»оқу мақсатымен жұмыста «Болашақ мамандықтары» бөлімі шеңберінде оқушыларға болашақ мамандықтары туралы жастар арасындағы зерттеу нәтижелері бар кестелерді зерделеуді ұсынуға болады. Тұтас емес мәтінді талдағаннан кейін білім алушыларға берілген нақты деректерден қорытынды жазуды ұсынуға болады.