Қазіргі қазақ лексикасының қолданылу сипаты.
Түркi тiлдерiне ортақ сөздер
Қазақтың байырғы төл сөздері.
3. Қазақ лексикасындағы кiрме сөздер.
Адамзаттың күнделікті тұрмыста қолданылатын ең қажетті заттар мен құбылыстарға берілген атауы. Жалпылама лексика бір тілде қарым-қатынас жасайтын адамдарға түсінікті ортақ қолданылатын сөздер тобы. Жалпылама лексика негізінде стильдік мәні жағынан ейтарап лексика қалыптасады. Жалпылама лексика тура мағынада қолданылады. Сөздік құрамда жалпылама лексика сан жағынан басқа лексикаға қарағанда өте мол. Жалпылымы лексика тілдегі өрісі тар, өзіндік стильдік мәні бар сөздерге қарама қарсы құбылыс. Жалпылама лексикаға жататын сөздер: аспан, адам, жер, ірімшік, құрт, құмырсқа, үнемі, жаман, бақыру, қаймақғ ұн, жылқы, қазақ, астық т.б. Диалектизмдер – жергілікті жерде, белгілі бір аймақта қолданылатын, яғни жұмсалу сферасы шектеулі тілдік бірліктер. Халықтың бәріне бірдей түсінікті әдеби тілде қолданылмайтын, тек белгілі бір территориядағы аймақта ғана пайдаланылатын ерекше сөздер тобын «диалект» дейді. Қазақ тілтанымында диалектизмдер табиғаты әр кезеңдерде талай зерттеулердің нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Досқараев, С.Аманжолвтар бастаған бұл ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазиндардың зерттеу еңбектерінің нәтижесінде қазақ тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшіліктер жан-жақты сипатталады. Лексикалық диалектизмдер мағынасы жағынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы басқа сөздер. Әдеби баламалары болғандықтан, нағыз лексикалық диалектизмдер әдеи тілге енбейді. Лексика-семантикалық диалектизмдер – дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасында ерекшелік бар сөздер. Бұл сөздер өздерінің әдеби түрлерімен омонимдік қатынаста. Этнографиялық диалектизмдер белгілі бір аймаққа тән заттар мен құбылыстарды білдіретін сөздер. Әдеби тілде баламалары жоқ. Мысалы, сыдырғай – түгін етіне шығармай тоқыған кілем. Әдеби тілді диалектілер арқылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғылымдар назарына жиі ілініп жүр. «Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларында ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздық әдеби тілдің сөздік құрамын толықтыруға әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды.
Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларынан орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, қос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген». Арнаулы лексиканың екі түрі бар: а) кәсіби терминология, ә) кәсіби сөздер. Кәсіби терминология ғылым, техника, өндіріс т.б. саласындағы арнаулы ұғымдар мен зат атауларын дәл білдіру үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Қазақ тілінде кәсіби терминология төмендегіше жолдармен жасалған. Қазақ тіліндегі қарапайым сөздер категориясы турасында айтылған жоғарыдағы мәселлерді жинақтай келе, мына секілді қорытынды жасауға болады.
Жалпы қарапайым сөздер тек қазақ тіл білімінде ғана емес, қай тілде болмасын күрделі құбылыс болып келеді. Қарапайым сөздер ретінде танылатын тілдік бірліктердің мына секілді бірнеше белгілерін көрсетуге болады: 1)сөйлеу тілі элементі;2)әдеби нормадан тыс тұрған тұлғалар; 3)әдеби эквиваленттері болуы шарт; 4)қарапайым сөздерді жалпы халық қолданады әрі таралу изоглосы болмайды; 5)басым көпшілігі тұрпайы әрі экспрессивті-эмоционалды реңкі бар және бағалауыштық қасиетке ие болған сөздер; 6)стильдік мәні – бір нәрсенің бағасын төмендету, құнын түсіру яғни төменгі (пәс) стиль дәрежесін туғызу.
Міне, осы сияқты қасиеттері бар сөйлеу тілі элементтерін қарапайым сөз ретінде тануға болады.
Қарапайым сөздерді нақты бөліп көрсету үшін де, оның табиғатын анықтау үшін де, алдымен сөз болып отырған тілдің әдеби нормасы мен ауызекі сөйлеу тілі нормаларының шекараларын сенімді түрде ажырата алған жөн. Қарапайым сөздерді тануда, негізінен әдеби тіл нормасымен салыстыру арқылы ажыратылады. Айталық, оттама, былшылдама, сандалама т.б. сөйлеу тілі элементтерінің бірі - қарапайым сөздер ретінде қарастырғанда, оның әдеби тіл нормасына («сөйлеме», «тыныш отыр», «аузыңа ие бол») сай, эквиваленттерінің болуымен салыстыру арқылы анықталады.
Қазақ тіл білімінде қарапайым сөздер туралы бұрын жарық көрген арнайы зерттеу еңбектері болмағанымен, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ә.Болғанбаев, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли т.б. ғалымдардың еңбектерінде бұл тілдік категория жайлы айтылған пікірлер кездеседі. Аталған ғалымдар қарапайым сөздерді әдеби нормаға жатпайтын сөйлеу тілі элементі ретінде қарастырады. Диплом жазу барысында біз де осы көзқарас, яғни оларды ауызекі сөйлеу тілі элементі деп қарау дұрыс деп тауып, оған мына секілді анықтама бердік. Қарапайым сөз деп, сөйлеу тілі элементі ретіндегі жалпыхалықтық сөздердің әдеби нормаға жатпайтын, таралу изоглосы болмайтын, басым көпшілігі тұрпайы болып келетін, экспрессивті-эмоционалды реңкі бар сөздерді, сөз тіркестерін, грамматикалық тұлғаларды атау қажет. Қарапайым сөздер әдеби тіл үлгілерінде қолданғанда көбінесе стильдік қызмет атқарады.
Әдеби тілдің ғылыми және ресми (кеңсе іс-қағаздары, қаулы-қарарлар, жоспарлар т.т.) стильдерінде қарапайым сөздер қолданылмайды, олар мұнда нормадан тыс тұрады. Публицистикалық стильде қолданылуы да кемде-кем, стильдік мақсатпен, көбінесе тырнақшаға алынып келтірілуі мүмкін.
Көркем тіл кестесіне енген бейәдеби элементтер басқа да сөздермен эстетикалық жақтан ұйымдаса келіп, ерекше жүйе құрайды. Сөйтіп, көркем ойдың жарыққа шығуына қызмет етеді. Диалектизмдер, кәсіби сөздер, қарапайым сөйлеу тілі элементтері тек кейіпкер тілін даралау шеңберінде ғана емес, авторлық баяндаудың түрлерінде, өмір шындығын өз бояуымен беру, соны сөз, жаңа мағыналық реңк іздеу мақсатында жұмсала келіп көркем контексте жүйелік поэтикалық таңбаға айналды. Бейәдеби элементтердің осылайша жұмсалу өрісі кеңейді. Олардың сөйлеу тілі контексінде қолданылуы тіл көркемдігіне жаңа бояу, өзгеше нақыш әкелді. Түптеп келгенде, бұл аталған құбылыстың бәрі де эстетикалық мақсатқа бағынған, нормадан жөнімен ауытқудың түрлері болды. Сөйтіп, жөнімен ауытқудың өзі ұлттық көркемдік нормаға айналды. Мұндай құбылыстың әрине, тек ұлттық әдеби тілдің стильдік тармақтары айқын сараланған кезеңінде ғана мүмкін болатыны сөзсіз. Жалпыхалықтық тіл байлығын бұлайша шығармашылықпен игеру ұлттық сөз мәдениетін дамытудағы жаңа кезең болды.
Достарыңызбен бөлісу: |