Академиялық жазылым дегеніміз



бет13/41
Дата20.12.2023
өлшемі105,33 Kb.
#141542
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
дәріс тезистері 1

Жазба жұмысын жоспарлау
Жазылым үдерiсi сәтті жүзеге асуы үшiн оны жоспарлау кажет. Тақырыпка катысты толыққанды акпарат жиналғаннан кейiн «осы ақпараттарды жүйелеп, қалай жақсы бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады?» деген сауал мазалауы мүмкін. Ол үшін жоспар қажет. Жоспар алғаш құрылғанда ретсiз болуы мүмкін, себебі автор өз ойына келген алғашқы идеяларды өз жазбасына қосу үшін жоспарға енгiзе беруі мүмкін. Мұндай жоспарды құрудын мынадай жолдары бар:
Ойшақырту – ойшақырту амалы тақырыпқа қатысты ойға келген барлық сөздерді жазу. Содан кейін оларды ұмытып қалмас үшiн тақырыпшаларға топтастыру қажет. Бұл амал біршама ретсiз орындалуы мумкiн, бiрак тақырып жөнiндегi идеяларды қағазға түсiрудiң жақсы тәсілі.
Топтастыру – бұл әдіс ойшақырту амалына ұксас, бiрақ өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл әдісті қолдану барысында тақырыпка қатысты ойларды қағаз бетіне түсiрiп, тек тақырыпшаларына қарай топтарға жіктеп жазуға болады.
Тізім жасау – топтастыра жазудың жүйелi түрi. Мұнда негiзгi ойдан бастап, тақырыпшаларға қатысты идеяларды жалғастырып жазу басты назарда тұрады. Бұл жазылым барысында қандай тұжырымдарға келу қажет екенін ұмытпауға мүмкіндік береді.
Сауал қою – жоспарлаудын мұндай түрiн қолдану барысында жазба жұмысынын негiзiн кұрайтын белiмдердiң сұрактары туралы ойлану қажет. Әрбiр бөлiм үшiн негiзгi деген бір сұрақтан ойлап табуға тура келеді. Осыған байланысты жазылым үдерiсi барысында кұрастырылған сұрақтарға жауап беруге болады.
Зерттеу жасау барысында жобанын жоспарын бірнеше мәрте өзгертiп, қайта - қайта түзетулер енгiзiлуi мүмкiн немесе зерттеуші әлі де материалдарды оқу аркылы мәліметтерді жинауды жалғастыра беруiне болады. Дегенмен зерттеу жұмысын жазуды алғаш бастап отырған студент уақыттын жартысынан көбiн акпаратты дайындау мен әзiрлеуге жұмсағаны, ал қалған жартысын жазу үдерісіне арнағаны дұрыс. Сол себепті, зерттеу жұмысына қанша уақыт жұмсалатынын алдын ала бiлу қажет және зерттеу материалдарын табуға көп уақыт бөлгені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет