Академиялық жазу


Курстық жұмыстың түрлері: Есептеу және графикалық; ғылыми зерттеу; есеп беру жұмысы; кешендік



бет17/39
Дата26.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#144266
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39
Байланысты:
Академиялы жазу

Курстық жұмыстың түрлері: Есептеу және графикалық; ғылыми зерттеу; есеп беру жұмысы; кешендік

Есептеу және графикалық курстық жұмыстың сипаты: мұндай жұмыс оқу үдерісіндегі алынған дағдыларды бекітуге және қолдануға арналған

Ғылыми-зерттеу курстық жұмыстың сипаты: алған білімдерін қолдану, тақырыпты іздеу және зерттеу. Жұмыс студенттің бастамасы бойынша жасалады.

Есеп беру курстық жұмыстың сипаты: негізінен арнайы күшті қажет етпейтін жұмыс - өткен материалдан немесе тәжірибеден кейін студент курстық жұмыс түрінде есеп жасайды

Кешендік курстық жұмыстың сипаты:бұл екі немесе одан да көп пәндер бойынша орындалатын жұмыс
Кіріспе

Кіріспеде зерттелетін мәселенің қазіргі кездегі жағдайына қысқаша сипаттама беріледі және курстық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі талданады, студентгің тақырыпты тандау себебі, жұмыстың зерттелу деңгейі, мақсаты көрсетіледі, курстық жұмыс тақырыбын ашу мақсатында негізгі міндеттер койылады. Сонымен қатар жұмыстың кұрылымы көрсетіледі.

Негізгі болім

Курстық жұмыстың бұл кұрылымдық элементін тарауларға, бөлімдерге және пункттерге бөлу қажет болып табылады. Бір тараудан екіншісіне көшу курстық жұмыстың мазмұнымен анықталады. Алайда барлық тараулар бір-бірімен тығыз байланысты жэне қисынды кезектілікпен берілуі қажет.

Қорытыңды

Қорьггындыда зерттеу нәтижесінде жасалған негізді түйіндер мен ұсыныстар беріледі, сонымен қатар қойылған міндеттердің шешілу деңгейі көрсетіледі. Түйіндер курстық жұмыстың мазмұнын, маныздылығын жэне жұмыстың тиімділігін толық сипаттайтын қысқа әрі нақты болуы керек. Қорытындыда жүмыстың мазмұнында бірде-

бір рет айтылмаган жаңа ақпараттар болмауы керек. Қорытынды мэтіні 2-3 бетте мазмүндалады.




Курстық жұмысты қорғауға дайындық. Курстық жұмысты қорғау процедурасы
Курстық жұмыс ғылыми жетекшіге оның рәсімделуінің дұрыстығын соңғы рет қарауына және сынақ аптасынан 10 күн бұрын ұсынылуы қажет.

Егер ғьшыми жетекші курстық жұмысты тексеру барысында ескертулер табылса, жұмыс студентке ондағы ескертулерді жоюға кайтарылады. Егер студент ескертулерді түсінбесе ғылыми жетекшіге сұрақтар қоюы қажет. Студент жұмысқа түзетулер енгізгеннен кейін оны тағы бір рет оқып, ондағы түзетулерден пайда болған қисынсыздықтарды жойып, грамматикалық қателерін тексеру кажет.

Курстық жұмыстың соңында пайдаланылған қайнар көздер тізімінен кейін студенттің қолы, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі (күні, айы және жылы).

Курстық жұмыс папкаға тігіліп бір данада кафедраға тапсырылады. Ғылыми жетекші курстык жұмыстың соңғы нұсқасын тексергеннен кейін титульдік бетке курстық жұмысты қорғауға жіберетінін немесе жібермейтінін бекітетін қолын қояды.

Курстық жұмысты корғаудың мақсаты болық автордың жұмыстың тақырыбын ашу денгейін, мәселені зсргтеудің өздігінен жүргізілуі мен терендігін, түйіңдер мен ұсыныстардың негізділігін аиықтау табылады.

Курстық жұмысты қорғауға студент мұқият дайын болуы керек: ол баяндама тезисін кұрастырады, қажеттігінше илюстрациялық материалдарды (кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар жәнс т.б.) дайындайды; жеке қағаз бетінде курстык жұмыста мазмұндалған, теориялық және тәжірибелік маңызы бар жұмыстың ерекше мәнді ережелерін мазмұндайды. Баяндама тезистерін дайындауды студент курстық жұмысты кафедраға ұсынғаннан бірден бастауы қажет.

Баяндама жасауға студентке 5-7 минуттан аспайтьш уақыт беріледі.

Студентке ғьшыми жетекші мен қорғауға қатысушы кез келген адам сұрақтар қоюы мүмкін. Қойылған сұрақтарға студент қысқа, бірақ дәл жауап беруі керек. Курстық жұмысты қорғаудьщ нәтижесін ғылыми жетекші «өте жаксы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деп бағалайды.




Плагиат. Плагиатқа тексеру
Плагиат деп (өзгелерден алу) дипломда қағазда немесе электрондық түрде жарияланған басқа жұмыс мәтіндерін, оларға сілтеме жасамай пайдалануды және алынған материалдар көлемі жұмысты немесе оның бөлімдерін автордың өзі жазғаны туралы күмән тудырған кездерді айтады. Плагиат деп негізгі мәтінді сөзбе-сөз көшіруді немесе алынған мәтіннің сөздерін алмастырғанмен, мағынасын өзгертпей қолдануды да айтуға болады. Плагиат дипломдық жұмысты (жобаны) студенттің өзі орындамай жазғандықтан, оқу тәртібін бұзған болып саналады. Дипломдық жұмысты (жобаны) «Антиплагиат» жүйесі арқылы тексеру нәтижелері қорытынды баға қою кезінде есепке алынады. Студент дипломдық жұмысты (жобаны) өз өтінішімен бірге оған "Антиплагиат" жүйесі жөніндегі тексеру нәтижесін қоса отырып, кафедраға МАК (Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы) емтихандарының жұмысы басталғанға дейін 2 аптадан бұрын кешіктірмей табыс етуі керек.

Жоғары оқу орнында реферат жазу студенттердің алған білімдерін көрсету үшін курс қорытындысы бойынша есеп беру сипатында жиі қолданылады. Интернеттің дамығаны соншалық, Қазақстанда және бүкіл әлемде білім-ғылымның түрлі салалары бойынша дайын рефераттардың таралуына кең жол ашылды. Кейбір интернет-ресурстар дайын жұмыстарды ақшаға немесе ақысыз жүктеп алуды ұсынады. Желілерден дайын рефераттарды жүктеп алуға көп күш жұмсалмайды. Тек сыртқы бетін өзгертсе, жетіп жатыр, алайда мұндай көшірулер білім сапасының нашарлауына әкеліп соғуда.Плагиат-екі нысанда жүргізілуі мүмкін:

-Негізгі мәтіннің сөзбе сөз жазылуы;

-Сәйкес келген мәтіннің мазмұнын өзгертпей,сөздерді және өрнектерді ауыстыру арқылы біреудің мәтінін таныстыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет