«
С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»
Академиялық жұмыс департаменті
Академиялық адалдық кодексі
Редакция: 3
26
беттің 2 беті
санатты бұзған жағдайда), комиссия төрағасы апелляцияны қарау жөніндегі
отырысты бастайды, содан кейін студент өз шешімін кері қайтара алмайды.
4)
Апелляциялық комиссия осы іс бойынша тыңдауға кіріседі. Комиссия төрағасы
оқытушыдан немесе анықталған бұзушылық актісін ресімдеу бастамашысынан
ол Академиялық адалдық актісі орын алды деп санайтын негіздемелерді және
осы бұзушылықты 1, 2 немесе 3-санаттарға жатқызу үшін негіздемелерді
ұсынуды сұрайды. Комиссия сондай-ақ кез келген дәлелдемелерді қайта
қарауды сұрай алады және жағдайларды түсіндіру үшін анықталған бұзушылық
актісін ресімдеудің оқытушысына/бастамашысына қосымша сұрақтар қоя
алады.
5)
Содан кейін комиссия төрағасы студентке апелляциялық комиссияға өтініш
беруге негіз болған себептер туралы сұрақ қояды. Осыдан кейін комиссия
мүшелері тараптардың біріне де, екі тарапқа да қосымша сұрақтар қоя алады.
6)
Жағдайды талқылағаннан кейін студент пен оқытушы мәжіліс залынан кетуі
керек, ал комиссия мүшелері жағдайды талқылап, дауыс беру арқылы шешім
қабылдайды.
7)
Стандартты жағдайларда комиссия дауыс берудің үш кезеңін былайша өткізеді:
1 кезең-
Оқытушы мәлімдеген Академиялық адалдық актісі орын алды ма деген
мәселені шешуден тұрады. (Егер студент өзінің академиялық адалдық актісін
жасаудан бас тартпаса, онда осы тармақ бойынша дауыс беру формальдылық
болып табылады және өткізілмеуі мүмкін).
Егер көпшілік "жоқ" деп дауыс берсе, студент пен оқытушыға жазаның
тағайындалмағаны және студенттің жеке ісінде тіркелген бұзушылықтардың
саны азаятыны туралы хабарланады. Бұл шешім жазаны іс жүзінде нөлге дейін
төмендететіндіктен, дауыс берудің екінші кезеңін өткізудің қажеті жоқ және
комиссия бірден дауыс берудің үшінші кезеңіне өтеді.
Егер көпшілік "ИӘ" деп дауыс берсе, комиссия дереу дауыс берудің екінші
кезеңіне өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: