24
бағдарламасының бекітілген жұмыс оқу жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес
анықталады. Емтихан сессиясын ұйымдастыруға және өткізуге факультет деканаты,
академиялық сұрақтар жөніндегі Департаменті және университет Тіркеуші кеңсесі жауапты
болады.
1.14.28.
Білім алушылар барлық емтихандарды жұмыс пәндері және жеке пәндер
бойынша бекітілген оқу жоспарына сәйкес қатаң түрде тапсыруы керек
1.14.29.
Емтихан сессиясының тәртібі қорытынды бақылау (емтихан сессиясы)
Ережесімен реттеледі.
1.14.30.
Университеттің барлық білім алушылары қорытынды бақылауды (емтихан
сессиясын) өткізу Ережесімен, сонымен қатар оқу жетістіктерін қорытынды бақылау
кезінде студенттердің мінез-құлқына қойылатын талаптарды белгілейтін университеттің
академиялық адалдығы Ережелерімен танысуы керек. Студенттерді жоғарыда аталған
нормативтік құжаттармен уақтылы таныстыру үшін жауапкершілік бітіруші кафедраға
жүктеледі.
1.14.31.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, білім беру
бағдарламалары бойынша емтихан сессиялары, олардың мерзімі және оқу жылындағы саны
білім беру бағдарламаларының бекітілген оқу жоспарларымен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: