Академиялық саясат



Pdf көрінісі
бет30/34
Дата22.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#51706
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
  
1.27. 
БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ ТРАНСПАРЕНТТІЛІГІ 
1.27.1. 
Университетте білім беру үдерісін ұйымдастыру ашық, объективті және 
этикалық норма принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
1.27.2. 
Университеттің профессор-оқытушылар құрамы: 
– 
оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге; 
– 
оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін 
қамтамасыз етуге; 
– 
бақылаудың барлық түрін объективті жүзеге асыруға; 
– 
әріптестері мен білім алушылар тарапынан айтылған сынды дұрыс қабылдауға және 
оны өзін-өзі жетілдіру үшін пайдалануға тиісті.
1.27.3. 
Университет 
әкімшілігі 
білім 
беру 
үдерісінің 
барынша 
ашықтығын, объективтілігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шараларды 
іске асыруы тиіс.
1.27.4. 
Университетте әлеуметтік, нәсілдік, гендерлік, этникалық, діни белгілері 
бойынша кемсітушіліктің кез-келген түріне жол берілмейді. 
1.27.5. 
Университет инклюзивті білім беру және халықтың барлық топтары үшін 
білім алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету принципін ұстанған.
  
1.28. 
АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
1.28.1. 
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу үрдісінің негізгі қағидасы академиялық 
адалдық болып табылады. 
1.28.2. 
Академиялық адалдық – бұл университет қоғамдастығының әрбір мүшесінің 
мінез-құлқын анықтайтын , алдау мен плагиаттан аулақ болу, академиялық стандарттарға 
шынайы болу, ғылыми зерттеулер мен жарияланымдардағы адалдық пен қағидаттылық 
сияқты принциптерді қамтитын моральдық-адамгершілік нормалардың, қағидаттар мен 
құндылықтардың жиынтығы. 
1.28.3. 
Академиялық адалдық – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім 
беру үрдісіндегі негізгі құндылық. 
1.28.4. 
Академиялық адалдықтың қағидалары мыналар: 
1) адалдық – бұл білім алушылардың оқу жұмыстарының бағаланатын және 
бағаланбайтын түрлерін адал, лайықты орындауы; 
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге 
асыру – бөтен сөзді, ойды дұрыс беру және бағаланатын жұмыстарда ақпарат көздерін 
көрсету арқылы авторлық құқық объектісі болып табылатын туындылардың авторлығын 
тану және қорғау;
3) ашықтық – білім алушылар мен оқытушылар арасындағы айқындылық, өзара сенім, 
ашық түрде ақпарат пен идея алмасу; 
4) білім алушылардың құқықтары мен еркіндігін құрметтеу – пікірлер мен идеяларды 
еркін білдіру құқығы; 


43 
5) теңдік – әрбір білім алушы академиялық адалдық ережелерін сақтауды және оларды 
бұзғаны үшін тең жауапкершілікті қамтамасыз етеді. 
1.28.5. 
Академиялық адалдық ережелерін жүзеге асырудың басты мақсаты – ҚазҰУ-
дың университеттік қауымдастығында академиялық адалдық мәдениетін нығайту, ҚазҰУ 
оқытушылары, қызметкерлері және білім алушылары тарапынан академиялық адалдық 
нормаларын кез келген бұзушылыққа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет