32
1.18.13.
Бітіруші кафедра оқылған пәндердің көлемі мен мазмұнының немесе
жүргізілген зерттеу жұмыстарының ҚазҰУ оқу жоспарының талаптарына сәйкестігін
объективті түрде анықтауға жауапты.
1.18.14.
Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім
алушының сол елдегі оқуын
растайтын қорытынды құжат болып келетін транскрипт немесе оның аналогы болып
табылады. Транскриптке оқу бағдарламасы туралы мәліметтер енгізіледі: пәндер (модуль)
атауы, бағалар, игерілген академиялық кредиттер саны.
1.18.15.
Басқа білім беру ұйымдарынан қайта есепке алуға рұқсат етілетін
кредиттердің ең көп саны бір оқу жылында Қазақстан Республикасының басқа ұлттық
жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндер үшін оқу жоспарының 20%-нан аспайды.
Назарбаев
Университетін қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық жоғары оқу
орындарында оқытылмаған пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу жүзеге
асырылмайды.
1.18.16.
Шетелдік білім беру ұйымдарынан қайта есепке алуға жіберілетін
кредиттердің ең көп саны шетелдік жоғары оқу орнының рейтингі мен білім беру
бағдарламасының бейіні ескеріле отырып, жеке тәртіппен белгіленеді
1.18.17.
Академиялық немесе кредиттік ұтқырлық
бағдарламасы бойынша басқа
ЖОО-да болуы оқуды қаржыландыру көзіне қарамастан тиісті оқу семестрі басталғанға
дейін 10 күннен кешіктірмей тиісті бұйрықпен рәсімделеді.
1.18.18.
Халықаралық кредиттік ұтқырлыққа қатысу үшін қабылдаушы білім беру
ұйымы көздеген деңгейде шет тілін білу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: