Академиялық саясат барлық үдерістер мен процедуралардың сапалы қызмет
жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруға
бағытталған маңызды процедураларға мыналар жатады:
1. Төменде көрсетілгендердің арқасында оқытудың сапасына кепілдік беретін ОПҚ-
ның кадрлық қорын қалыптастыру:
ғылыми біліктілік деңгейі;
қазіргі кәсіби білім берудің мәні туралы тұжырымды көзқарастың қалыптасуы;
өз мамандығы шеңберінде оқытудың заманауи әдіснамасын қолдана білуі;
Жеке кәсіби қызметі аясына оқытудың жаңа технологияларын қолдану;
2. Жоспарлау жүйесін жасау, білім беру бағдарламаларын жүзеге асырып, сапасын
бақылап отыру;
сапа деңгейін үнемі бақылау және осы деңгейді көтеруге бағытталған іс-
әрекеттерді орындау;
студенттерді сапаны бағалау іс-әрекеттеріне тарту;
білім беру сапасын бағалау субъектілерінің қатарына жұмыс берушілерді, кәсіби
ассоциациялар мен ғылыми қоғамдар, тәуелсіз сарапшыларды қосу;
Толық және шынайы ақпараттарды талдау негізінде негізгі шешемдерді
қабылдап, тәртіптің ашықтығын қамтамасыз ету;
3. Білім беру ортасын қалыптастыру үшін оқу және оқу-әдістемелік қор жасап, оқыту
нәтижесіне қол жеткізуді көздейтін оқу қызметінің түр-түрін іске асыру.
Білім беру тәртібінің мазмұны, түрі мен қызметі және олардың өзара ықпалдастығы
Академиялық саясаттың құрамдас бөлігі саналатын ішкі оқу-әдістемелік құжаттамалармен
белгіленіп іске асыралады;
Достарыңызбен бөлісу: |