1.7.
ОҚЫТУДЫҢ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ
1.7.1.
Білім беру бағдарламасын меңгерудің негізгі мақсаты – білім алушылардың
оқытудан күтілетін нәтижелерін қалыптастыру және олардың негізінде кәсіби
құзіреттіліктер - жоғары мамандандырылған білім және осы білімді тиісті кәсіби
мәселелерді шешу үшін қолдана білу.
1.7.2.
Кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі еңбек нарығындағы маманның бәсекеге
қабілеттілігін айқындайды, алған білімдерін нақты практикалық жағдайда қолдана алатын,
талап етілген нәтижеге аз шығындармен және оңтайлы мерзімде қол жеткізуге қабілетті
маман ретінде анықтайды.
1.7.3.
Кәсіби құзіреттіліктердің оқу барысында қалыптасатын біліммен, білікпен
және дағдылармен байланысы өмір бойы білім алуға арналған Еуропалық біліктілік
шеңберімен (EQF) қамтамасыз етілген.
1.7.4.
EQF –
білім туралы куәліктердің, дипломдардың және біліктіліктердің
айқындылығын, салыстырмалылығын, салғастырмалылығын және танылуын қамтамасыз
ететін мета-жүйе. Еуропалық біліктілік шеңбері әр біліктілік деңгейінде оқыту нәтижелерін
белгілеуге негізделген.
1.7.5.
Білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында білім алушыға қалыптасатын
білім, білік және құзыреттілік жүйелік сипатқа ие, олар тек оқу барысында ғана емес,
сонымен бірге кәсіби тәжірибе, зерттеулер және т.б. барысында қалыптасады.
1.7.6.
Оқытудың күтілетін нәтижелері тұтастай алғанда білім беру
бағдарламасының деңгейінде де (білім беру бағдарламасының төлқұжатында) және әрбір
нақты пән деңгейінде (пәннің оқу жоспарында) төмендегідей сипатталады:
-
білім алушыларға оқытудың доминанты ретінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге
бағытталған бағдарламаның (модульдің, пәннің) білім беру мақсаттары туралы түсінік
беру; оқытудың жеке траекториясын таңдау негізінде жүзеге асырылатын ақпаратты
нақтылау;
-
оқытушыға білім алушылар мен жұмыс берушілердің күтілетін ұстанымынан пәннің білім
беру мақсаттарын анықтауға көмектесу; пәннің білім беру бағдарламасының компоненті
ретінде рөлін және оның мазмұнды және технологиялық жетілдіру бағытын анықтау;
-
білім беру бағдарламаларын үйлестірушілер мен әзірлеушілерді бағдарламаның
мазмұнын бағалаудың объективті критерийлерімен, оның модульдер мен жалпы
бағдарлама шеңберіндегі қисындылығы мен келісімділігін қамтамасыз ету.
1.7.7.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқу нәтижелері Б.Блум таксономиясының
деңгейлерімен сипатталады: білімді түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау (танымдық,
функционалдық және жүйелік құзыреттілік).
1.7.8.
Оқыту нәтижелері ретінде оқу және кәсіптік қарым-қатынас саласында
тұлғааралық және әлеуметтік өзара іс-қимыл жасау қабілеті (әлеуметтік құзыреттер),
сондай-ақ одан әрі жеке жетілдіру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жеке білім
жетістіктерін талдау және бағалау қабілеті (метақұзыреттілік) сипатталады.
1.7.9.
Оқытудың күтілетін нәтижелері білім беру бағдарламасын құруда да, оқыту
мен бағалау әдістерін таңдауда да негізгі нұсқаулық болып табылады.
1.7.10.
Білім алушылар кез-келген уақытта кез-келген қолайлы тәсілмен мәлімделген
күтілетін оқу нәтижелерінің зерттелетін пәндердің мазмұнына, қолданбалы оқыту мен
11
бағалау әдістеріне сәйкестігі мен орындылығы туралы өз пікірлері мен ұсыныстарын
тікелей пән оқытушыларына, сонымен қатар бітіртуші кафедра меңгерушісіне, болон
үдерісі бойынша студенттік бюро өкіліне, сапа жөніндегі факультет комитетіне немесе
университеттің әдістемелік жұмыс қызметіне жіберуге құқылы.
1.7.11.
Барлық жауапты тұлғалар білім алушылардың білім қажеттіліктерін
қанағаттандыру және университеттің білім беру бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отыру
мақсатында күтілетін оқу нәтижелерін қалыптастыру үдерісінде білім алушылармен үнемі
кері байланыс орнатуға міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |