Академиялық саясат



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата10.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#25130
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
 

1.9. 

БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ (АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ) 

 

1.9.1. 


Университеттің    білім  беру  қызметін  жоспарлау  жыл  бойы  жүзеге 

асырылатын    оқу,  бақылау  шаралары  мен  практикалардың  барлық  түрлерінің  өткізілу 

кезеңдері,  демалыс  күндерімен  қоса  (демалыс,  мерекелер)  көрсетілген  академиялық 

күнтізбе негізінде іске асырылады. 

1.9.2. 

Жыл  сайын  оқу  жылына  арналған  академиялық  күнтізбені  Оқу  үдерісін 

жоспарлау  және  қолдау  басқармасы      жасап,  университет  Басқарма  төрағасы  –  ректоры 

бекітеді және білім алушыларды,  ПОҚ пен қызметкерлерді хабардар ету үшін «Универ» 

жүйесі мен ҚазҰУ сайтына орналастырылады.   

1.9.3. 


Академиялық күнтізбе қосымша/қайта және модульдік оқыту үшін жеке әрбір 

академиялық кезеңге оқу басталғанға дейін бір аптадан кешіктірмей бекітіледі. 

1.9.4. 

Оқу  жылы  15  аптадан  тұратын  теориялық  оқу  немесе  академиялық 

семестрден,  ұзақтығы  2  аптадан  7  аптаға  дейін  созылатын  аралық  аттестаттау  кезеңі 

(емтихан сессиясы) мен қорытынды аттестаттаудан (бүтіру  емтихандарын тапсыру және 

бітіру  жұмыстарын  қорғау),  ұзақтығы  бөлінетін  кредит  санымен  байланысты  кәсіби 

практика  кезеңінен,  оқу  жылындағы  ұзақтығы  7  аптадан  кем  болмайтын  демалыс 

күндерінен тұрады. Докторантураның 2 және 3 оқу жылында семестрлер бойынша ғылыми-

зерттеу жұмыстарының кредиттері бөлінеді.  

1.9.5. 

Ағымдағы оқу жылының академиялық күнтізбесіне жасалатын өзгерістер аса 

қажет болған жағдайда ғана Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ұсынысы 

бойынша университеттің Академиялық кеңесінде қаралып мақұлданады;   

1.9.6. 

Академиялық  күнтізбеге  енгізілген  өзгерістер  бекітілген  соң  3  күн  ішінде  

білім алушылар, ПОҚ мен қызметкерлерге жеткізілуі тиіс;   

1.9.7. 


Оқу  сабақтарының  кестесі  және  емтихандық  сессия  тиісті  академиялық 

кезеңге бекітіліп, білім алушылардың назарына бір апта қалғанға дейін ұсынылады. 

1.9.8. 

Білім  алушылар  оқу  жұмыстарының  барлық  түрлерін  орындауға,  кәсіптік 

тәжірибелерден  өтуге  және  аттестаттаудың  барлық  түрлерін  академиялық  күнтізбеде 

көзделген  мерзімде  академиялық  ұтқырлық  бағдарламалары  бойынша  шетелдік 

іссапарларда  болу  немесе  денсаулық  жағдайы  бойынша  университетте  болу  мүмкін 

болмаған жағдайларды қоспағанда, қатаң түрде орындауға міндетті. Мұндай жағдайларда 

білім алушыларға факультет деканатының өкіміне сәйкес оқу жұмыстарын орындауға және 

жеке кесте бойынша аттестаттаудан өтуге мүмкіндік беріледі. 

1.9.9. 

Оқытушылар  оқыту  және  бақылау  іс-шараларының  барлық  түрлерін 

уақытылы  академиялық  күнтізбеде  белгіленген  мерзімде  жүзеге  асыруға  міндетті. 

Оқытушыға  Академиялық  мәселелер  бойынша  Басқарма  мүшесі-проректордың  атына 

жазылған  өтініш  негізінде,  дәлелді  негіздемелер  болған  жағдайда,  осы  іс-шараларды 

орындау кезеңдердің мерзімін ұзартуға мүмкіндік беріледі, бірақ оқу үдерісінің сапасына 

және  білім алушылардың құқығына зиян келмеуі тиіс. 

1.9.10. 


Барлық  оқу  сабақтары  бекітілген  сабақ  кестесіне  сәйкес  белгілі  себептерге 

байланысты  өтпеген  сабақтар  факультет  деканының  бекіткен  жеке  сабақ  кестесіне  сай 

ауыстырылуы және жүргізілуі тиіс. 



14 

 

1.9.11. 



Оқу  сабақтарын  өткізу  мониторингін  университеттің  Жағдаяттық  басқару 

орталығы  жүзеге  асырады.  Оқу  үдерісін  жоспарлау  және  сүйемелдеу  басқармасы 

тарапынан оқу сабақтарын өткізудің ішінара мониторингіне жол беріледі. Оқу сабақтарын 

өткізу  мониторингі  қандай  жағдайда  да  білім  беру  процесіне  кедергі  жасамауы  және 

оқытушыға және/немесе білім алушыларға қолайсыздық туғызбауы тиіс. 

1.9.12. 


Оқытушы бітіртуші кафедра меңгерушісіне белгілі бір іс-шараларды орындау 

кезеңдерін ұзарту қажеттілігі немесе науқастануы, қызметтік іссапары және т. б. себепті 

өзінің  болмауына  байланысты  тиісті  біліктілігі  бар  басқа  оқытушыны  тағайындау 

қажеттілігі туралы уақтылы хабардар етуге дербес жауапты болады. 

1.9.13. 

«УНИВЕР»  жүйесінде  аралық  және  қорытынды  бақылау  ведомостарын 

оқытушылардың  уақытылы  жаппауына  жол  берген  кафедралар  кафедра  қызметінің 

рейтингтік бағалау жүйесінде айыппұл баллдарын алады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет