* 6 ай изониазидпен химиопрофилактика жүргізу
* 3 ай изониазидпен химиопрофилактика жүргізу
* 1 санат бойынша ем жүргізу
#108
*!Әйел адам. Ф., 24 жаста, оң жақ өкпенің казеозды пневмониясы, ТМБ+, жаңа жағдай бойынша стационарлық емдеуде. Босанғаннан кейінгі жағдай. Қаралуы бойынша анықталды. Үш ай ішінде ем алудан интоксикация симптомдары тоқтатылды, бірақ бактерия бөлу тоқтатылған жоқ.
Сіздің әрі қарайғы тактикаңыз қандай?
* туберкулезге қарсы препараттарды қабылдауды тоқтату
* емнің қарқынды кезеңін тағы 1 айға жалғастыру
* жасанды пневмоторакс
* кортикостероидтар
* оперативті емдеу
#109
*!Әйел У. 53 жаста, терапевтке кешкісін дене қызуының 38о-ға дейін жоғарылауына, тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуіне, қақырықпен жөтелге, арықтауға шағымданды. Рентгенограммада оң жақ жоғарғы бөлігінде ортадағы жарықтандырумен айналадағы ошақтармен гомогенді емес күңгірттену. Бактероскопиялық қақырық сараптамасында екі рет ТМБ табылды.
Аталған іс-шараның қайсысы ең тиімді болып табылады?
* фтизиопульмонология орталығына стационарлық емдеуге жолдау
* ауданаралық диспансерге амбулаториялық емдеуге жолдау
* ҚКА пульмонологиялық бөліміне жолдау
* фтизиатрда 0 топ бойынша бақылау
* паллиативтік терапияға жолдау
#110
*!Ер адам. И., 37 жаста, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің, тәбеттің төмендеуі, жөтел, кешке қарай дене қызуының 37,3О С-қа дейін көтерілуі байқалады. Өкпеде бірен-саран майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Өкпенің рентгенограммасында: екі өкпеде де күшейтілген өкпе суреті аясында әр түрлі қарқындылықтағы полиморфты ошақтық көлеңкелер, кей жерлерде біріккен, үстіңгі жағында жарық беру учаскелері. Қақырықта ТМБ екі рет микроскопиямен табылған. Қан анализінде лейк. - 12,8 * 109/л, ЭТЖ – 27мм/сағ.
Науқасты жүргізу тактикасы қандай?
* фтизиопульмонология орталығына жатқызу
* ҚКА күндізгі стационарына жатқызу
* пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу
*амбулаториялық емдеу
* санаториялық емдеу