6-тарау. Қоғамның үлестес тұлғалары 64-бап. Қоғамның үлестес тұлғасы 2005.08.07 ж. № 72-IІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Мыналар: 1) iрi акционер; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) қоғамның тәуелсіз директорын қоспағанда, осы тармақтың 1), 3) және 8) тармақшаларында аталған жеке тұлғаның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді 3) қоғамның немесе, тәуелсіз директорды қоспағанда, осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғаның лауазымды адамы; 4) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлғаның бақылауындағы заңды тұлға; 5) қоғамның iрi акционерi не лауазымды адамы болып табылатын тұлға оған қатысты iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; 6) оған қатысты алғанда қоғам iрi акционер болып табылатын не мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар болатын заңды тұлға; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды 6-1) оған қатысты осы тармақтың 6) тармақшасында аталған заңды тұлға iрi акционері болып табылатын немесе мүлкіндегі тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға; 7) қоғаммен бiрге үшiншi тұлғаның бақылауында болатын заңды тұлға; 8) қоғаммен шарт арқылы байланысы бар, қоғам қабылдайтын шешiмдердi сол шартқа сәйкес айқындауға құқылы тұлға; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 166-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді 9) дербес немесе өзiнiң үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның не осы тармақтың 1), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8) және 10) тармақшаларында аталған заңды тұлғалардың дауыс беретiн акцияларының (ұйымның қатысу үлесінің) он және одан да көп процентiн иеленетiн, пайдаланатын және оларға билiк ететiн тұлға; 10) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қоғамның үлестес тұлғасы болып табылатын өзге де тұлға қоғамның үлестес тұлғасы болып табылады. 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Мыналар: 1) жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары; 2) осы жеке тұлға және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ірі акционері (ірі қатысушысы) және (немесе) лауазымды адамы болып табылатын заңды тұлға; 3) жеке тұлғаның және (немесе) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың бақылауында болатын заңды тұлға; 4) оған қатысты осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға; 5) осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары жеке тұлғаның үлестес тұлғасы болып табылады. 2. Тиісті қоғам немесе өзге заңды тұлға қабылдайтын шешімді анықтау мүмкіндігі қоғамға немесе өзге заңды тұлғаға бақылау жасау деп танылады.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Осы баптың ережелері коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғамдарға және кредиттік бюроларға қолданылмайды. Мыналар: 1) коммерциялық емес ұйымның немесе кредиттік бюроның ірі акционерлері (қатысушылары) болып табылатын тұлғалар; 2) іс-әрекетке қабілетсіз және іс-әрекетке қабілеті шектеулі тұлғалар үлестес тұлғалар болып табылмайды.