Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет15/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85
В. фон 
Гумбольдт 
осы 
бағыттың 
негізін 
салып, 
оның 
лингвофилософиялық концепциясын «Язык и философия культуры» атты 
еңбегінде 
негіздеген. 
В. фон 
Гумбольдттің 
лингвофилософиялық 
концепциясының негізгі теориясы мен әдіснамасы бойынша, тіл жанның ағзасы 
болып саналатындықтан, біріншіден, тілді зерттеуде оған тұтас әрі жүйелі 
көзқарас жасау қажет. Әрине, ең алдымен, тілді зерттеуде коммуникацияның 
маңызына сәйкес коммуникацияға түскен адамның тілін зерттеген жөн деп 
есептеледі. Екіншіден, адамды тілінен тыс сипаттау мүмкін емес, ал тілдің 
барлық мүмкіндіктерін адам арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Бұл екі 
ұғымды бөліп-жаруға тіпті болмайды. Демек, ғалымның бұл тұжырымдары 
қазіргі антропоцентризмдік парадигманың негізгі алғышарттарын айқындайды. 
В. фон Гумбольдттің «Халықтың тілі – оның рухы, ал халықтың рухы – оның 
тілі, бұдан артық теңдестірілген дүниені елестету қиын» [8] деген пікірі осы 
бағыттың өзегі іспетті. В. фон Гумбольдт алғашқылардың бірі болып тілдің 
мазмұндық жағын халықтың рухани өмірі мен мәдениетімен байланыстыра 
зерттеді. Гумбольдт тілді этникалық топтың сипатын, оның психикалық 
құрылымын, ойлау тәсілін, өнерін, ғылымын, философиясын, яғни тілде көрініс 
табатын «халықтың рухын», оның дүниетанымын анықтайтын интеллектуалды 


20 
құндылықтардың бүкіл кешенін бейнелейтін құбылыстардың бірі деп санайды. 
Тілдің рухани ұстанымына жүгінген Гумбольдт оны динамикалық, 
шығармашылық өнім ретінде қарастырады, оның қызметі адамның жеке 
тұлғаға әлеуметтік құбылыс ретінде тілдің әсерінен көрінеді, ал жеке тұлға бұл 
тілді өзінің ішкі және сыртқы қажеттіліктеріне сәйкес қолдана отырып, тіл 
оның ойлау қабілетіне әсер етеді. Гумбольдт «Лаций мен Эллада» еңбегінде 
грек тілінің сипатын зерттей отырып, ұлттық ерекшеліктерді тану барысында 
сол ұлттың тілдік бірліктеріне сүйенбейтін зерттеу ешқашан өнімді 
болмайтынын, өйткені бүкіл ұлттық сипат тек тілде ғана толық көрініс 
табатынын айтады. Осы орайда оның «тілдің ішкі формасы» (innere Sprachform) 
идеясы туралы айта кету керек. Тілдің ішкі формасы дегеніміз – белгілі бір 
тілдің сөйлеушілерінің нақты дүниетанымдарын көрсететін және тілдің сыртқы 
формасымен бекітілген ұғымдар жүйесі. Гумбольдттің бұл концепциясы 
лингвистикада ерекше маңызға ие болып, көптеген ғылыми ойларды тудырды. 
Әсіресе тілдегі жекелеген сөздердің пайда болуын адам санасымен, болмыспен, 
ұлттық дүниетаныммен байланыста, яғни мәдени-танымдық бағытта 
қарастыратын «уәждеме» (мотивология) саласының алғышарттарының 
қалыптасуына түрткі болды. Көрнекті орыс ғалымы А.А. Потебня Гумбольдттің 
«ішкі форма» туралы ілмін әрі қарай дамыта отырып, өзінің философиялық-
лингвистикалық тұжырымдамасын қалыптастырды. Ол Гумбольдттің «тілдің 
ішкі формасы» идеясын «сөздің ішкі формасына» қатысты қолданды. Оның 
пікірінше, барлық тілдегі кез келген сөз таңба болып табылады, ал таңба өзі 
белгілейтін заттың адам санасында көрініс тапқан белгілері арқылы жасалады.
Демек, А.Потебня ұстанымы бойынша, сөздің ішкі формасы – заттың, яғни 
денотаттың әртүрлі қасиет-белгілерінің ішіндегі ең негізгісі, доминант белгісі 
[9, 130 б.]. Аталған ғалымдар тілдегі сөздерді кездейсоқ құрала салған 
дыбыстар тіркесі ретінде емес, адам санасында болатын ойлау процесінің, 
сонымен бірге оның мәдениеті мен дүниетанымының көрінісі ретінде 
қарастырады. Жалпы тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттың алғашқы үлгілері 
тілді жеке-дара емес, оны тудырып, қалыптастыратын, ұрпақтан ұрпаққа 
жеткізіп, дамытатын адаммен бірлікте алып қарастыруды осылайша негіздеген 
болатын.
В. фон Гумбольдттің салыстырмалы антропологиясын одан әрі 
жалғастырған Г. Штейнталь, А. Потебня, П. Флоренский, А. Лосев сынды 
ғалымдар осымен байланысты келесідей антиномияны белгілейді: әрекет – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет