Аккузова айнур абдыжалиловна


стюардесса, фантастика, депозит, самолет, мисс, паспорт, посылка



Pdf көрінісі
бет78/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
стюардесса, фантастика, депозит, самолет, мисс, паспорт, посылка, 
секретарь, зоотехник, теплоход, рапорт, делегация, конрад, самосвал, 
интернационалист 
антифашист» 
сынды 
варваризмдер 
кездеседі. 
«Варваризмдер этимологиясы жағынан кірме сөздерге ұқсас болғанымен
құрылымы жағынан өзгеше болып келеді. Кірме сөздер бастапқы тілдегі 
қалпын өзгертіп, қабылдаушы тілдің ерекшеліктеріне сәйкес жаңа реңк, 
қосымша сипат алса, варваризмдер қабылдаушы тілге сәйкестендірілмей, бөтен 
тілдің сипатын сақтап қолданылады» [123, 34 б.]. Сол себепті Д. Исабеков 
қолданған бұл сөздерді варваризмдер қатарына жатқыздық. Жазушы сөйлеу 
тілімізде кездесетін бұндай сөздерді қолдану арқылы жалпыхалықтық тілді 
оқырманға жеткізуді көздейді. Себебі автор мен оқырман арасындағы 
байланысты, шынайылықты үзбеу үшін бұндай тілдік бірліктерді орынды 
қолдану мүмкіндіктері көркем шығарма тілінде кездесіп тұрады. Оған қоса, 
автор өзге тілдің тілдік бірліктерін қазақтың (кейіпкерлердің) акустикалық-
артикуляциялық ерекшеліктеріне қарай бейімдеп қолданған. Олар: текнікүм, 
бешірни, көңкүрс, мәшине, матасекіл және т.б. Шығармадан үзінді келтірер 
болсақ: «Ерғабыл ғой. Ол неге ұйықтамай жүр екен? Әй, ақымақ, осының 
бәріне сен ғой кінәлі. Келін байғұстан ештеңе де жоқ сияқты-ау. Араларыңа 
түсіп абырой таба ма бұл адам. Өзіміздікі жөн. Өзіміздікі дұрыс дейсіңдер де 
тұрасыңдар ғой, түге. Ұрыса беретін жас бала емессіңдер тағы да. Қайтерсің 
енді?» Қарекеңнің есіне өткен күндердің уақиғасы түсті. Онда Ерғабылдың әлі 
үйленбеген кезі. Ауылда он бір жылдықты бітірген соң, араға екі жыл салып 
Шымкенттегі мұғалімдік институтқа документ тапсырды да, пизика дей 
ме, қимия дей ме, әйтеуір бірдеңесінен құладым деп қайтып келген. Сонан соң 
бес-алты күн бос жүріп, қыз-келіншектермен бірге мақта теруге араласты» 
[99]. Көріп тұрғанымыздай, жазушы физиканы – пизика, химияны – қимия 
деп қолданған. Бұл қазақ халқының тілдік ерекшеліктеріне тән дыбыстық 
ауытқу болып табылады. «ХХ ғасырдың бірінші ширегінде орыс халқымен 
экономикалық, мәдени, саяси қарым-қатынастың негізінде қазақ халқының 


130 
күнделікті өміріне, ауызекі қолданысына көптеп сөздер, теpминдеp ене 
бастады, әліпбиіміз жаңа әріптермен толықты. Сол себепті де болса керек, I. 
Кеңесбаев в, ф, х дауыссыздаpын оpыс тiлiнен ауысқан фонемалар деп таниды. 
Алайда қазақтың айтуында в әрпі, көбіне, п-ға, х әрпі қ-ға, ф әрпі кейде п-ға 
айналады» [144, 70 б.]. Демек, бұндай ауытқулар қазақ халқы үшін жат емес.
Кейіпкер тілін бейнелейтін ауызекі сөйлеу стилінің тағы бір категориясы – 
дөрекі тіл. Дөрекі тіл сөздің жағымсыз, кері әсерін әсірелеп қолдануға 
негізделген тіл. Ол дөкір, былапат және жаргон сөздерді қолданудың 
нәтижесінде пайда болады. «Дөрекі тіл көбіне ауызекі сөйлеу стилінде 
қолданылады. Мұндай бейәдеби сөздер әдеби тілге, әдеби тілдің лексикалық 
нормаларына, жалпы тіл мәдениетіне жат құбылыс болып табылады. Десек те, 
кей жазушылардың стильдік мақсатта пайдалануына сәйкес дөкір сөздер 
көркем әдебиетте көрініс алып жүр. Әдеби тілдің лексикалық нормасына 
жатпайтын дөкір сөздерді кейіпкердің бейнесін аша түсу үшін диалогта 
қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір 
келтіреді» [123, 42 б.]. Жазушының шығармаларында осындай тілдік 
коммуникацияға эмоциялық реңк беру мақсатында жұмсалған дөрекі сөздерді 
көруге болады. Мысалы: жылпостар, малғұн, көксоққан, әумесер, маубас, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет