Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет43/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116
мақта  терім  сияқты  диалектизмдер  мен  кәсіби  сөздер  шығарма  оқиғасы 
оңтүстік  өңір  адамдарының  тұрмыс-тіршілігін суреттейтінін  бірден  аңғартады. 
«Арада  біраз  күн  өткен  соң  шаң  сорып  түтіккен  жүздерге  қан  жүгіріп, 
диланып алған еркектер қорадағы малдарының астын тазалап болған соң қуыс 
құлақ  күректі  дуалға  сүйей  салып,  үйдегі  қайнап  тұрған  шайға  да  қарамай 
көптен хабарсыз кеткен қоңсысының үйіне барып, әуліден мойнын созып ішке 
қарайды.  Осы  кез  әулі  ішінде  әйтеуір  сол  үйдің  бір  адамы  жүреді,  тым 
болмаса иті үреді» [104, 250 б.].  
Автор  көп  сөзділікке  салынбай,  оқиғаға  қатысты  кейбір  қосымша 
ақпараттарды  нақты  тілдік  бірліктердің  бойына  еркін  сыйдыра  білген.  Оның 
жазушылық  шеберлігі  де  осында.  Көркем  шығармадағы  уақыт  пен  кеңістік 
мәселесін  сөз  еткен  Ө.Әбдиманұлы  бұл  категориялардың  Д. Исабеков 
шығармаларында  көрініс  табуы  туралы  мынадай  пікір  білдіреді:  «Дулат 
Исабеков шығармаларындағы болып жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі 
тиянақталмаған.  Оқиғаның  қандай  жерде,  қай  уақытта  болып  жатқанын  тек 
адамдар  қатынасынан,  анда-санда  бір  көрініп  қалып  жататын  тұрмыстық 
суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана жобалай аламыз» 
[105].  
Жалпы 
диалектизмдердің 
қолданысын 
антропоөзектік 
бағытпен 
байланыстыра  қарастырып  жүрген  ғалым  Ж.И. Мұхамбетов  жергілікті  тіл 
ерекшеліктерінің  эстетикалық  мәні  олардың  контекстегі  қолданысы  мен  ішкі 
уәжділігі  негізінде  айқындалатынын  айтады.  Ғалым  өзінің  «Диалектизмдердің 
қолданысын антропоцентристік бағытта зерттеу мәселелері» атты мақаласында: 


64 
«Шығарма авторы жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанда кейіпкер бейнесін 
аша  түсу  мақсатымен  сол  жерге,  аймаққа  тән  лексикалық,  морфологиялық, 
фонетикалық ерекшеліктері бар сөздерді қолданады. Бұл – мақсатты қолданыс, 
яғни  шығарманы  жазбас  бұрын  автор  болашақ  туындысына  қажетті  сюжет, 
фактілерді, деректерді жинаумен қатар сол аймақтың тұрғындарының тіліндегі 
жергілікті  ерекшеліктерді  де  сұрыптап  пайдалануға  тырысады»,  –  дей  келе, 
осыған  байланысты  С. Аманжоловтың  пікірін  келтіреді:  «Диалектілік  лексика 
шығарманың  көркемдік  құрылымының  ішкі  заңдарына  бағынады  және  оның 
түрлі  деңгейлерімен  күрделі  әрі  жүйелі  қатынаста  болады.  Сондықтан  оның 
контекстуалды-көркемдік  мақсатын  туындыны  құрудың  ішкі  заңдарының 
ұстанымдары туралы осы қарым-қатынас анықталған кезде ғана ашуға болады» 
[106, 185 б.]. 
Сонымен  қатар  автор  кейіпкер  сөзіне  экспрессивті-эмоциялы  реңк  беру 
мақсатында  дөрекі  сөздерді  кейіпкер  сөзіне  қосып,  оның болмысын,  танымын, 
білім деңгейін танытуды да көздейді:  
«

 Оңбаған, жер жыртуды әлі үйретемін мен саған, 

 депті. 

  Әй,  бригадир  болмақ  түгілі,  құдай  болсаң  да,  әлгі  сөзіңді  қайталап 
айтсаң, айтпады деме, сойып саламын

 дейді Шойекең. 

  Сен  кімді  соясың,  мына  мені  ме?  Кімге  шамаң  келеді,  оңбаған 
Шойынқұлақ! 

  деп  анау  өзеурейді.  Онда  Шойынқұлақты  бәріміз  де  Алданыш 
деп  шыға  атымен  атайтынбыз.  «Оңбаған  Шойынқұлақ»  деген  сөзді  алғаш 
есіткен ол, бригадирге бүркіттей төніп: 

 Әй, не дедің? Қайта айтшы! 

  дейді. 

    Несі  бар?  Оңбаған  Шойынқұлақсың

  дейді  анау  қайталап.  Бірақ 
айтарын  айтса  да,  түрі  бұзылып  кеткен  Шойынқұлақтан  сескеніп,  атына  міне 
салып  қашпақ  болады.  Шойынқұлақ  оны  жұлып  алады  да,  біраз  мыжып-
мыжып,  ерге  теріс  қарай  отырғызып,  шылбырмен  әбден  шандиды  да, 
қалтасындағы  темекіден  атының  құйрығына  құйып,  жүгенін  сыпырып  қоя 
береді»  [93,  9  б.].  Бұл  үзіндіде  жазушы  кейіпкерді  сипаттау  мақсатында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет