Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет48/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116
түйедей», «тілдей қағаз», «қатқан қайыстай», «басынан аяғына дейін шыттай 
шетелдік  киім»,  «адасқан  жолаушыдай»,  «шибарқыттай  әжім»,  «кірпідей 


69 
жиырылатын  болды»,  «күйген  қыштай»,  «тайдай  тулап»,  «жабылған 
зындандай», «Бонапарттай болса» және т.б. теңеулер кездеседі.  
Теңеу  қазақ  көркем  сөз  тарихында  ертеден  келе  жатқан  бейнелеуіш 
тәсілдердің 
бірі 
болып 
есептеледі. 
Сол 
себепті 
жазушылардың 
шығармаларында  бұл  тәсіл  әбден  қалыптасып  үлгерген.  Жоғарыда  аталған 
теңеулер  тіркесіп  тұрған  сөздерді  одан  әрі  ажарландыра  түседі.  Осыған  орай,  
Д.  Исабеков  теңеулерді  қолдана  отырып,  оқырманға  сол  ортаны,  адамдарды, 
өмірді, тіршілікті елестетуге, сезінуге мүмкіндік береді.  
Теңеумен қатар жүретін заттың не құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын 
бейнелі  түрде  танытатын  стилистикалық  ұғым  –  эпитеттің  де  сәтті  түрлерін 
жазушы шығармаларында  жиі қолданған. Атап айтсақ: дәмді әңгіме, қоңыр үн, 
қоңыр әңгіме, жібек үн, алтын адам, тәтті сезім, ұлы қайғы, үміт сәулесі, ит 
тіршілік,  тақыр  кедейлік,  тәтті  қиял  және  т.б.  Бұл  эпитеттер  оқығанды 
ерекше бөлейтіні анық. Мәселен, күнделікті өмірде қызықты-қызықсыз әңгіме
шағын  әңгімені  деген  қолданыстар  белгілі,  бірақ  Д.  Исабековтің  қоңыр  әңгіме
дәмді әңгіме деп, әңгіменің соншалықты қызық екенін, қатысушылар тарапынан 
қажеттілік  туындатып  тұрған  әңгіме  екендегін  дәмді  әңгіме  деп  беруі  сәтті 
шыққандай.  Сол  сияқты,  қазақ  танымында  ұлы  сөзі  ерекше  тұлғалармен, 
оқиғалармен  байланыста  қолданса,  жазушы  осындай  үлкен  сөзді  қайғымен 
тіркестіріп,  ауыр  күндерді,  қиыншылықты  сипаттайтын  ұлы  қайғы  эпитетін 
оқырманға ұсынған.  
Көркем  шығармада  жансызға  жан  бітіріп,  тірінің  әрекетімен  ауыстыра 
суреттеуді  кейіптеу  дейді.  Жазушы  құбылтудың  бір  түрі  кейіптеуді  де 
шығармаларында жиі қолданған: «Топырақ астында бұғып жатқан тіршілікті 
құдіретті күн сәулесі қытықтап  оятып, бұ дүниеге  сүйрелеп шығып  жатқан 
сияқты».  Бұл  сөйлемде  күн  сәулесі  қытықтап  оятып  деген  кейіптеуді  автор 
оқырманды  оқиғаның  барысына  дайындау  мақсатында  жыл  мезгілін,  ауа-
райын суреттеуде қолданған. Сонымен қатар жазушы «Кеудемде ыза қайнап, 
қақпағы  жабық  қазандай  жарылғалы  келемін»  деп  ашуға  булыққан  кейіпкер 
бейнесін суреттейді. Қайнаған ызаны елестетудің өзі қорқынышты емес пе!? 
Қайталау  тәсілі  мен  кейіптеу  қатар  келетін  тұстар  да  жазушы 
шығармаларынан  орын  алған:  «Азап  айдады  ма,  ажал  айдады  ма,  дүрілдеп 
тұрған  бір  совхоздың  ең  артта  қалған  шаруашылыққа  барамын  деп, 
белсенділік  көрсетіп  осы  колхозды  сұрап  алып  еді,  үш  жылдан  соң  сотталып 
тынды».  Бұл  сөйлемдегі  «ажал»  мен  «азапқа»  қимыл  беріп,  жандандыра  түсу 
арқылы автор баяншы сөзін одан әрі әсерлей түскен.  
Көркем  шығарманың  көріктеуде  жұмсалатын  тағы  бір  стилдік  амалы  – 
қайталама  тәсілі.  Академик  Р.  Сыздық  оған  мынадай  анықтама  береді: 
«Қайталама  дегеніміз  –  бір  сөздің  (не  тіркестің,  сөйлемнің)  бір  сөйлемде,  не 
абзац,  шумақ  сияқты  микротексте  қайталанып  келтірілу  тәсілі.  Кайталаманы 
суреткер көркем тексте әр алуан стильдік мақсат көздеп жұмсайды» [60, 101 б.]. 
Д.  Исабеков  шығармашылығында  бұл  амал  да  тысқары  қалмаған.  Мысалы, 
«Мен  қызыма  пәлен  деп  қолқа  сала  алмаймын.  Барлық  билік  өзінде.  Қалау 
соныкі.  Көнбегенде  елің  жаман,  жұртың  жаман,  я  болмаса  ұлың  жаман  деп 
көнбей  отырған  жоқпын».  Қызының  жай-күйі  туралы  ойын  білдірген  әкесі 


70 
«жаман»  сын  есімін  елмен,  жұртпен,  ұлмен  байланыстыра  жеткізеді.  Сол 
арқылы  ішкі  ренішін  де  білдіргендей  болады.  Сонымен  қатар  жазушы  сілтеу 
есімдігі  болып  табылатын  «сол»  бірлігі  арқылы  ауылдың  тұрмыс-тіршілігін, 
халқының  қал-жағдайын,  мұң-мұқтажын  оқырманға  жеткізген.  «Ертесіне  де 
ойламады,  өйткені  ойланатындай  ештеңе  де  өзгермеді:  сол  ауыл,  сол  адамдар, 
сол  үй,  сол  жүн,  сол  тіршілік,  сол  күлкі,  сол  мұң».  Автор  қайталанып  тұрған 
сөзге  ауыл,  адамдар,  үй,  жүн,  тіршілік,  күлкі,  мұң  сөздерін  тіркеу  арқылы 
оларға ерекше екпін түсіруді көздеген.  
Сөзді жандандырып, тілімізге өткірлік сипат, ұлттық ажар беретін стильдік 
мәні бар айрықша құралдың бірі – фразеологизмдер. Х. Кәрімов әдеби шығарма 
тілін  көркемдеп,  айшықтап,  нәр  беруші  амалдардың  бірі  –  халық  тіліндегі 
тұрақты фразеологиялық тіркестер деп есептейді. Ал ғалым Н. Уәлиев дүниенің 
тілдік  бейнесін  берудегі  тұрақты  тіркестердің  орнына  байланысты  мынадай 
тұжырым  жасайды:  «Халық  тілінде  байырғыдан  келе  жатқан  тұрақты  сөз 
оралымдарының (мақал, мәтел, қанатты сөздер, фразеологиялық тіркестер т.б.) 
сан алуан сыры бар. Олай болатыны халық өзінің өткен дәуірлеріндегі наным-
сенімін,  түйсік-түсінігін,  ой-қиялын,  тыныс-тіршілігін  аз  сөздің  аясына 
сыйдырып,  әрі  нәрлі,  әрі  әрлі  етіп  ерекше  өрнектей  білген.  Көнелікті  ең  көп 
сақтаған  «жаны  сірі»  сөздердің  небір  шоғырлары  алдымен  мақал-мәтел, 
фразеологизмдердің құрамында шегенделіп қалған деуге болады» [33, 12 б.].  
Д. Исабеков те шығармаларында тұрақты сөз тіркестерін ұлттық танымына 
қатысты  кеңінен  пайдаланған  жазушылардың  бірі.  Атап  айтсақ:  ана  сүті 
аузынан  кеппеген,  қуанышын  су  сепкендей  басқан,  ит  арқасы  қияннан  келген 
және  т.б.  Қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестері  көркем  шығарманы  одан  әрі 
көркемдеп,  жазушы  тілін  ерекшелендіре  түсеумен  қатар,  тұрақты  тіркестерді 
қолдану  арқылы  жазушы  өзінің  ұлттық  танымын,  көзқарасын,  түсінігін 
танытады.  
Сонымен  қатар  автор  кейіпкер  бейнесін  ашуда,  портрет  жасауда, 
кейіпкердің  ішкі  жан  дүниесін,  психологиясын  беруде,  кейіпкердің әлеуметтік 
жағдайын,  ұлттық  дүниетанымын  көрсетуде,  тұрмыс-тіршілікті  суреттеуде 
шығармаларында  мақал-мәтелдерді  тиімді  қолданған.  Мәселен:  «Жылқы  мен 
жылқы кісінескенше, адам мен адам сөйлескенше», «Атам өлсе қойылар, атан 
өлсе  сойылар»,  «Шын  досыңның  қимасын  сұрама»,  «Достың  көңілі  бір  атым 
насыбайдан  қалады»,  «Ит  тойған  жеріне»,  «Жақсы  ит  өлігін  көрсетпейді», 
«Ашу  алдында,  ақыл  соңында»,  «Пенденің  ойлағаны  емес,  Алланың  дегені 
болады,  т.б.  Жазушы  қазақтың  тоқсан  ауыз  сөзін  бір  сөйлеммен  жеткізген 
мақал-мәтелдерін  пайдалану  арқылы  ең  алдымен  ана  тілінің  өзіндік  тілдік 
оралымдарының 
қазынасын 
дәріптесе, 
екінші 
жағынан 
кейіпкердің 
дүниетанымын,  сөйлеу  ерекшеліктерін  оқырманға  айшықты  көрсеткісі  келеді. 
Себебі  мақал-мәтелдер  көркем  сөз  тәсілдерінің  ішінде  танымдық  көздердің  ең 
құнарлысы болып табылады. 
Қорыта  айтқанда,  көркем  шығарманы  талдауда  автор,  кейіпкер  және 
оқырман  үштағаны  бойынша  автордың  кейіпкерді  суреттеуі  мен  оның  аузына 
сөз салуы, тұрмыс-тіршілігін сипаттауы, оған тән әрекеттер мен жағдайлардағы 
сипаты арқылы өзінің доминант ұғым әрі тұлға екендігін танытады.  «Мәтіннің 


71 
түзілісінде  стилистикалық  ерекшеліктер  мен  прагматикалық  мақсат  қатар 
тұрады.  Адресанттан  алынған  мәтіннің  толық  табиғаты  адресаттың  да  ақыл-
ойына  қозғау  салады,  жан-дүниесіне  әсер  етіп  реакциясын  тудырып,  оның 
көзқарасының,  пікірінің,  сана-сезімінің  өзгеруіне  ықпал  етеді»  [102,  23  б.] 
Кейіпкерлер  психологиясы,  оқырман  психологиясы,  оқырманның  шығарманы 
қабылдауы,  ұлттық  танымның  шығармадағы  көрінісі,  ұлтымыздың,  еліміздің 
тарихы,  қоғамға,  өмірге,  саясатқа,  табиғатқа  қатысты  қандай  да  бір  маңызды 
мәселелердің  барлығы  автордың  көкейінде  болуы  –  шарттылық.  Сонда  ғана 
автор  үштағанды  байланысты  ұстап  тұратын  шығарманың  антропоөзегіне 
айналады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет